М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Sovergon233
Sovergon233
02.04.2021 12:24 •  Қазақ тiлi

Біз не жеп жүрміз? Еліміздегі көгөніс, жеміс-жидектердің басым бөлігі шет елдерден әкелінетіні бәрімізге аян. Олардың сырт пішіні өзгергені, сақталу
мерзімінің ұзақтығы бірден көзге түседі. Күнделікті тұтынып отырған халық сұрамай сатып ала беретін қызанақ үйде де, базарда да
тастай болып қатып жата береді. Бұзылмайды. Ал өзіміз өсірген қызанақ екі-үш күннен кейін босап, жарамсыз болып қалады.
Жүзімнің өзін алсаңыз, әдеттегі табиғи көлемінен екі есе үлкейіп, картоппен бірдей. Тіпті, осы күнгі шұжық, котлет дегендердің
құрамында мүлде ет болмайды. Ол кәдімгі шетелдің соясы, еттің дәмін келтіретін түрлі қоспалардан жасалғандықтан жегің келе
береді. Мұндай өнімдерді ғылыми теорияда «гендік модификацияланған организмдер» (ГМО) деп атайды. Бүгінде әлемдік нарықты
гендік инженерияның жемісі — гендік модификацияланған организмдер мен өнімдер (ГМО) жайлап келеді. Сыртқы саудаға есігі
ашық ел ретінде бұдан біздің ел де тысқары қалып отырған жоқ. Мысалы: картоп генінің қатарына сарышаян генін қосу
нәтижесінде біз ешқандай жәндік жемейтін картоп түрін аламыз. Немесе күнделікті пайдаланып жүрген томатты алсақ, оған
солтүстік камбаласының генін пайдаланған. Енді ол аязға төзімді әрі үсімейді.
Қазір байқап қарасақ, сатылатын жемістер сондай әдемі, көздің жауын алады, біркелкі және ұзақ сақталатын болып келеді.
Ыңғайлы! Сонымен, ғалымдар дақылдардың өнімділігін арттыру үшін және олар зиянкестерге төзімді болу үшін аз уақыттың ішінде
жаңа сорттар шығаруда.
ГМО деген атынан үріккеніміз болмаса, оның қандай болатынын, пайда-зияны қаншалық екенін қарапайым халық әлі біле
бермейміз. Дұрыс тамақтанбау адам денсаулығына айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін.
Тапсырма
1. Мәтін қай стильге тән? Бір-екі сөйлеммен белгілерін көрсетіңіз

👇
Открыть все ответы
Ответ:
Irina58
Irina58
02.04.2021
Менің Қазақстаным! Бұл сөзді жайбарақат айта салу қиын. Тіпті, мүмкін емес десе де болады. Оны айтқанда бойыңды ерекше сезім билеп, санаңда әлдебір жарқын сәуле жалт еткендей әсерге бөленесің. 

Оны естігенде ел мен жерге деген махаббат, туған халқың мен туған топырағыңның алдындағы перзенттік парыз жайлы ойлар жадыңда оралады. Одан өміршеңдік пен өрлікке, оптимистік пен жасампаздыққа бастайтын айбынды азаматтық рух сезіледі. 

Менің қазақстаным! Бұл – жігеріңді жанып, жүрегіңді баурайтын аса әсерлі сөздер. Оны ауызға алғанда кіндік қаның тамған киелі жермен, оның өткенімен, бүгінімен және ертеңімен тәңірлік байланыстылығын, табиғи біртұтастығын еске түседі. 

Оны айтқанда арқаңды Алатауға тіреп тұрғандай тәкаппар да сенімді, алдыңда Сарарқаның сар жазирасындай шетсіз де шексіз ұлы жол жатқандай еркін, ару Ақжайықтың әбілхаят сумымен тазарғандай тұнық та сергек сезінесің.

Оны тыңдағанда құлағыңа киелі көк бөрінің тау мен тасты күңіренткен салқар сарынын, сағым қуып, самал желмен жарысқан сәйгүлік тұлпарлардың тұяғының дүбірін, қыран қанатының ғаламат суылын естігендей боласың. Қарлы шыңнан қияға көз салған қанатты барыстың тоятын таппай тоқтамас тегеурінді қимылы көз алдыңа келеді.

Менің Қазақстаным! Бұл – қазақ деген көнбіс те қайсар халықтың жүрек сөзі. Барша әлемге ашық, бар дүниесін тек қызығына шашу үшін жинайтын, қонағын құдайындай сыйлайтын, «көрші хақы – тәңірі хақы» деп есептейтін, аузын ашса – жүрегі көрінетін аңқылдаған ақ адал ұлттың жан тебіренісі.
4,7(25 оценок)
Ответ:
iten228
iten228
02.04.2021
Жалпы қазақ әдебиетінің зерттелуі де, жоғары дәрежелі оқу орындарында пән ретінде өтілуге тиісті материалдарды сұрыптауы да совет үкіметі кезінде, дәлірек айтсақ, 20-30 жылдардың бер жағында ғана қолға алынды. революцияға дейінгі шығыс халықтарының тұрмыс-салты, тарихы, тілі, әдебиетімен шұғылданушы орыс авторларының еңбектеріне көз жіберсек, олар қазақ ішінен өздері жинаған әдеби нұсқаларының бәрін ауыз әдебиеті сапында қарап, сол тұрғыдан бағалайтындықтарын көреміз. ол авторлардың жинаған, бастырған еңбектерінде xviii - xix ғасырлар әдебиеті тарихына жататын ақындардың аттары да, шығармалары да кездеседі. бірақ тарихи әдебиет өкілдерін ауыз әдебиетінен бөліп алып қарау байқалмайды. мысалы, в.в.радловтың «түрік рулары әдебиетінің нұсқалары» деп аталатын көп томды кітабының ііі томында (1870 ж.) жанақ пен түбек, орынбай мен шортанбай т.б. бар. тек хх ғасырдың бас кезінде «қырғыз поэзиясы туралы» деген в.н.белослюдовтың мақаласында  ғана хіх-хх ғасырлардағы тарихи әдебиет, жазба әдебиеттерден ауыз әдебиетін бөле қарап, жазба әдебиеттің нағыз өкілдері кімдер екендіктері арнайы сөз болады.
4,7(20 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ