М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
VaYfL
VaYfL
30.04.2022 19:17 •  Қазақ тiлi

А .Байтұрсынов қызметіне талдау жаса: Қоғамдық педагокилық әдеби

👇
Ответ:
nadezdamanuh
nadezdamanuh
30.04.2022

ответ: қоғамдық қызметі

А. Байтұрсыновтың есімі Алашорда үкіметімен тығыз байланыста болғандықтан, оның қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметін зерттеудің қиыншылығы да аз емес. Себебі зерттеу нысанасының ауқымы өте кең әрі тым қайшылықты. Сол себептен қайраткердің өмір сүріп, қызмет еткен кезеңдегі аса күрделі тарихи құбылыстар мен саяси оқиғаларға барынша терең үңілуге тура келеді. А. Байтұрсынов 1905 жылдан бастап өмірінің соңына дейін (1937 ж.) саяси оқиғалардың бел ортасында жүрді, сол үшін 1907 жылдан бастап қуғынға ұшырап, бас бостандығынан айырылып, кейін Қазақ даласынан тысқары жерлерге жер аударылады және оған саяси сенімсіз деген айдар тағылып үнемі патша үкіметінің бақылауында жүрді.

1913 жылдан бастап Қазақ атты апталық газетін ұйымдастырып, осы газет арқылы саяси үгіт-насихатқа өзі жетекшілік етіп, айналасына қазақ зиялыларын топтастыра білді. Отарлық езгіге қарсы ірі саяси оқиғаның бірі – 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс тұсында қазақ халқын аман-сау сақтап қалудың жолдарын іздеп, патша үкіметі мен халықтың арасында ымырагершілік саясатын ұстанды. Саяси саутты, мол тәжрибе жинақтаған А. Байтұрсынов осы тұста газет арқылы халықтың һәм құлағы, һәм көзі және нағыз жанашырына айналды.

педогогикалық қызметі

Ахмет Байтұрсынұлының  педагогикалық қызметi 1895 жылдан басталады. Көп уақыт бойына Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерiнде ауылдық, уездiк  және екi сыныптық училищелерге сабақ  бередi. Ахмет Байтұрсынұлы ағартушылық қызметi жағынан Ыбырай Алтынсариннiң тiкелей мұрагерi болды. Студент кезiнiң өзiнде бұған қазақ даласындағы көрнектi ағартушылардың бiрi, халықтық училищелердiң нұсқаушысы А. Е. Алекторов назар аударады. Алекторов Байтұрсынұлын тек қана шығыстану, педагогика, түркология кiтаптарымен ғана емес, революциялық-демократиялық әдебиеттермен де қамтамасыз етедi. Сөйтiп, 1895–1909 жылдардың аралығында ол тек ұстаздық етiп қана қоймай, белсендi революциялық қызметке араласады. Ол ағартушылардың арасындағы оқу-бiлiмнiң пайдасы халыққа тек қоғамдық жағдайды түзегенде ғана пайдалы болмақ деп санағандардың бiрi болды. Өзi сан рет патшалық жүйенiң саясатына қарсы шығып, жергiлiктi шенеунiктердiң жүгенсiздiгiн әшкерелейдi. 1900 жылдың басында ол шын мәнiнде қазақ халқының тәуелсiздiк жолындағы күресi басшыларының және оған идеялық дем берушiлерiнiң бiрi болды. Патша үкiметiнiң 1905 жылғы 17 қазандағы манифесiнен кейiн ол бұқара халықты ашық түрде басқара бастайды. 1905 жылы Ахмет Байтұрсынұлы басқарған қазақтың бiр топ зиялылары патша үкiметiне жердi мәдениеттi және әдiлеттi пайдалану, жергiлiктi халық үшiн жер бөлу мекемелерiн ұйымдастыру, қазақ тұрғындарының құқықтарын қорғау туралы ұсыныстарын жазған петиция жолдайды. Хатқа қол қойғандардың барлығы патша күзетiнiң қара тiзiмiне iлiнiп, олардың сыртынан жасырын бақылау ұйымдастырылады.

Объяснение:

4,8(40 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
chorna202
chorna202
30.04.2022

Адамның өз Отаны жөніндегі ыстық ұғымы әрдайым оның кіндік кескен, ананың ақ сүтін емген, өскен жеріне байланысты. Отан, міне, осылардан басталады. Бала күнінен етене таныс туған жер көріністері адамның есінен еш­уақытт­а кетпейді, көз алдында тұрады. Кеудеңде жаның тұрғанда оны ешкімге беруге болмайды. Туған табиғаттың сұлулығын, адам ісінің адалдығын сезінбейінше, азаматтық сезім бола бермейді.

Отанды сүю ұғымы туған табиғат­қа, отбасына, мектепке, дос­тарына, кітапқа, суретшілер шығармаларын­а, өз ісіне, біздің халықтың мүддесін өтеп отырған тамаша және ұлы игілік­тің бәріне деген сүйіспен­ші­лікті қамтиды. Отанды сүюге тәрбиелеу деген сөз бұл балалардың пат­риоттық сезімін тәрбиелеу дегенге саяды. Патриотизмді тәрбиелеу ісінде ұсақ-түйек болмайды. Біз­дер ағаштарғ­а, гүлдерге, үй-ішінің тынышт­ығына деген тал­пыны­сымызды балаға дарытпай тұрып, Отанға деген сүйіспен­ші­лікті тәрбиелей алмаймыз. Айналасындағы адамдарды - құрбы-құр­дастарын, үлкендерді құр­меттеуді тәрбиелемес бұрын, халық­қа деген­ сүйіспеншілікті тәрбиелеу мүмкін емес.

4,8(69 оценок)
Ответ:
marches
marches
30.04.2022

Мәдениет майданындағы сүбелі ісіміздің бірі — театр. Театр көрінгеннің ермегі емес, еңбек. Еңбектің көркемі. Театр — көңіл көтерудің ғана орны емес, мәдени ошақ. Өнер орны, еңбекшілер үстемдігінің мәдениет майданындағы қармаулы орынның бірі. Қара шаңырақ Қазақтың «Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрында» ұлы жазушы, белгілі суреткер Мұхтар Әуезовтың «Қилы заман» романының желісімен қараша айының 27сі күні  қойылым өтті. Қойылым бұрынғы жылдары да сахна төрінен көрінгені бәрімізге мәлім.   1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі тарихта «Қарқара көтерілісі» деген атпен қалған болатын. Заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтың «Қилы заман» романында сол замандағы билік басындағылардың солақай саясатына, патшаның қазақ азаматтарын қара жұмысқа алу туралы жарлығына, отаршылдыққа, зорлық-зомбылыққа қарсы шыққан елдің наразылық әрекеттерін сомдады. Қойылымда көтерілістің тарихи түп-тамырын негізге алып, қарапайым халыққа жасалған қиянат суреттелді. Бұл «Қилы заман» қойылымында ұлттық рух пен тарихи жады кеңінен ширатылды. Мен киелі шаңырақтан өзіме қажетте үлкен әсер алдым. Асқан шеберлікпен  жазылған бұл роман  киелі сахнада да шынайы болды. Мен қойылымды көріп отырып, киелі сахнада қандай қойылым болмасын әрбір көруші пенденің жүрегіне жету қиынның қиыны екенін аңғардым. Қысқасы киелі сахнадан алған әсерімді тілмен айтып жеткізу мүмкін емес. Өйткені театьрға кіргеннен, өтетін қойылымына дейін адамға түрліше әсер сыйлайды.  

4,7(87 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ