Еңбекші халықтың ғасырлар бойы жасап келген өмір тәжірибесі, оның мәдениеті мен салты, әдеті мен ғұрпы, шаруашылық кәсібінің түрлері, тілінің шебер ерекшелігі қамтылған халық ауыз әдебиетінің ерекше түрі – ертегілердің бала тәрбиесінде алатын орны орасан зор. Мұны көп ғасыр бойына халықтың ұмытпай сақтап келуінің, сүйе айтып, сүйсіне тыңдауының өзі-ақ дәлелдей түседі.
Ертегілер – халық өмірін бейнелейтін фантастикалық негізге құрылған оқиғалы көркем шығарма. Онда табиғаттың а жұмбақ болып келген сан алуан құбылыстары айтылады, үстем тап өкілдерінің зұлымдық, қастандық әрекеттері әшкере етіледі, тыңдаушысын өмір күресіне бастайды, адам арманының жарқын болашағына жөн сілтейді. Ертегіден халықтың әр кездегі тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық өмірі, ой-арманы, дүние танудағы түсінігі мен көзқарасы көрініп отырады.
Ата-әжелеріміз әрбір үйдің берекесін кіргізіп отқан асыл жандар десек қателеспейміз. Немере-шөбере дегенде кез келген әжеміздің жүрегі елең етіп елжіреп тұрары айдан анық. Әже тіпті немерелерін өз туған балаларынан артық жақсы көреді, барлық мейірім шапағатын төгіп,аяулы алақанында бағып қағып өсіреді.Ата мен әженің қолында тәрьиеоеніп өскен балалар көпшіл,зерек,мейірімді,ақкөңіл болып өседі.Себебі,кішкентайымыздан бізді шыншылдыққа баулып,біреудің ала жібін аттамауды,адал болуды құлағымызға сіңіріп өсіреді.
1.Кун энэргиясы 2.Ток энэргиясы8.Бензин