М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
nazarko200
nazarko200
15.08.2021 15:08 •  Қазақ тiлi

Достығымыз әлемге әйгілі Қазақстан көпұлтты Республика екені бұрыннан белгілі. Кеңестік дәуірде ҚСРО- дағы жалғыз интернационалды ел аталғанымыз тегін емес. Ежелден бауырмал, қайырымды қазақ халқы тағдыр-тәлкегіне ұшырап, әлемнің әр тарапынан келген ұлттарды жатсынбай, оларды туған-туыстарындай жақсы көрді. Міне, сондықтан, қазір Қазақстан көпұлтты мемлекет атанып отыр. Дәл Қазақстан сияқты ұлттар достығы өнеге, халықтар достығы үлгі – дүниежүзінде ел жоқ. Біздегі халықтың ынтымақ, бірлігіне, жарастығына тәнті болған шетелдік саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері «Қазақстаннан үйрену керек» дегенді жиі айтады. Барлық ұлттардың терезесі тең, мүдде-мақсаты бір және олардың еркін еңбек етуіне, кәсіппен шұғылдануына, саясатпен айналысуына барлық жағдай жасалған ғой. Ең ерекшелік сол – кейбір ұлт өкілдерінің балалары мектепте өз ана тілінде оқиды. Мысалы, Ресейде мұндай үрдіс жоқ.
Қазір адал еңбектерінің арқасында кәсіппен шұғылданып, байып жатқан отбасылар көбейіп, қауымға айнала бастаған ұлт диаспоралары бар. Ұлттық салт-дәстүрлерін сақтап, өз діндерін ұстанып, бір шаңырақ аясында тату-тәтті өмір сүріп жатқан халық тек Қазақстанда жасап жатыр. Бұған әрине, қуанасың және мақтанышпен айтасың. Осындай ел бірлігі мен тұтастығы жолында өз бағдарламасы мен мақсаты бар Қазақстан Халық Ассамблеясының жұмысына дүниежүзі риза десек артық айтпаймыз. Әрине, оның басында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тұрғаны айтпаса да түсінікті.
Бақытхан Дәулетбақов,
ғылым докторы
Мәтіннен мәтін тақырыбына сай бола алатындай 3. 4 - сөйлем теріп жазып, өзіңіздің пікіріңізді толықтырып, ойыңызды жазыңыз.

👇
Открыть все ответы
Ответ:

Адамгершілік - адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы. "Кісілік", иізгілік", "имандылық" тәрізді ұғымдармен мәндес. Адамгершілік - адамшылық, каталдықпен салыстырғанда жаксылық тілеу қарым-қатынастары.

Халықтық дүниетанымда мінез-кұлықтың әр түрлі жағымды жақтары осы ұғымнан таратылады. Мінез-құлық пен іс-әрекеттерде көзге түсетін төмендегідей Адамгершілік белгілерін атап өтуге болады: адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар-ұятты сақтау, имандылық пен рахымдылық, ізеттілік пен кішіпейілділік, әділдік, қанағатшылдық, т.б.

Адамгершілік принциптері әлеум.-мәдени

4,7(7 оценок)
Ответ:
nastademirhanova
nastademirhanova
15.08.2021

Қазіргі дамыған кезеңде, жаһандық дамып жатқан заманда қай салада болмасын бәсекеге қабілетті  болу- заман талабы. Елбасымыз Нұрсұтан Әбішұлы Назарбаев 1997 жылы 1 қазанда еліне жолдаған “Қазақсатн 2030” стратегиясы, және д, 2012 жылы 14 желтоқсанда халыққа жолдаған “Қазақстан 2050” бағдарламасының басты мақсаттарының бірегейі бәсекеге қабілетті, дамушы елдердің қатарынан оза шауып  дамыған  елу, сонымен қатар, дамыған отыз елдің қатарынан орын алу.  Менің ойымша, бәсекеге қабілетті ел болу үшін сол елдің бәсекеге қабілетті халқы болуы тиіс!

     Ал, бәсекеге қабілетті халық, яғни, бәсекеге қабілетті маман  қайдан шығады, бәсекеге қабілеттілік қандай болуы керек?

        Бәсекеге қабілетті тұлға қалыптасытру мектеп кезінен бастау алады. Нақтырақ айтқанда, бәсекекге қабілетті маман даярлау білікті ұстаздардың қолында. Балаларын сеніп, күнделікті таңертең мектеп табалдырығына әкелген әбір ата-ана баласының болашағынан зор сеніммен үлкен үміт күтеді. Тек қана ата-ана емес, тегін білім беріп, қажеттілікті қамтамасыз етіп отырған Қазақстан Республикасының үкіметі де елді   өркендетіп,дамытатын арнайы мамандарды күтеді. Жай ғана бастауыш білім беріп қана қоймай, елдің ертеңін дамытамын, әрмен қарай білім аламын деген адамға орта және жоғарғы білім беру орындары ашылған, түрлі жағдайлар жасалған. Атап айтқанда, арнайы қабілеттілігі бар оқушыларға, интелектуалдақ дамыған студентерге арнайы гранттар бөлінген мейлі ол мемлекет ішілік, мейлі ол мемлекет аралық болсын  алысты жақын елдерде арнайы тегін білім алуға мүмкіндік жасалған.Балаға мектеп және университет желісінде ғана белгілі бағыт беріп қана қою бізге біліктілігі жоғары маман даярдап бермейді. Кез келген білімді бергенде баланың мүмкіндік деңгейін ескеріп, кез келген іс әрекетті оңтайлы тәсілмен шешуге, сонымен қатар,жылдам әрі дұрыс шешім қабылдауға тәрбиелеу педагогтардың қолында.   Әр адамның мүмкіндігі өте көп,өзін дамытамын деген, өзінің қабілеттілігін дәлелдейтін кез келген адамның  дамуының қозғаушы күші мен оның көзі – тұлғаның сол кезге дейінгі жинақталған интеллектуалдық, адамгершілік және рухани потенциалын пайдалана отырып, өзін - өзі жетілдіру мен жеке дамуға бағытталған қажеттілігі болып табылады.Міне, осы қасиеттерді игере алатын адам- жеке тұлға болуға нық сеніммен қадам басқан адам. Мен әрбір  жеке тұлғаны бәсекеге қабілетті деп айта аламын. Неге? Кез келген адам жеке тұлға бола алмайды, әрбір ересек адамды жеке тұлға деп айта алмаймыз.Ересек адамды жеке тұлға деп ойласақ  біз қатты қателесеміз. Кей ересек а ң бойынан табылатын жауапкершілік пен ақыл, ес, яғни өмірді өзінің сана-сезім өлшемімен қарап бағалауға бейімділік болмайды. Сонымен,бәсекеге қабілетті адамды жеке тұлғамен теңестурдік.

Объяснение:

жумаю что

4,7(6 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ