М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
polinfasdfg
polinfasdfg
28.09.2021 19:06 •  Қазақ тiлi

ЗАДАНИЯ Мәтіндерді оқып, төмендегі тапсырмаларды орында.

1-мәтін

Наурыз мерекесі әлемнің ең көне мерекелерінің бірі. Орта Азия халықтарында бес мың жыл бойы аталып өтілуде. «Наурыз» сөзі парсы тілінен аударғанда «Жаңа күн» деген мағынаны береді.

Ежелгі жыл санағы бойынша, 22 наурызда күн мен түн теңеседі. Наурыз – жылдың бірінші күні, жыл басы, көктемнің алғашқы айы. Наурыз мерекесін қазақ халқы «Армысың, Әз Наурыз!», «Әз болмай, мәз болмас» деп қарсы алған.

Наурыз мейрамы – діни мереке емес. Бұл қалың қыстан аман-есен шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі. Наурыз мерекесінде көріскен жандар бір-бірін құшақ жая қарсы алып, игі тілектер айтады. Қазақ халқы бұл күні дүниеге келген қыз балаларға Наурыз, Наурызгүл, Наурызжан, ер балаларға Наурызбай, Наурызбек, Наурызхан деген есім берген.

1926 жылдан бастап, тоталитарлық жүйенің ықпалымен наурыз мерекесін тойлауға тыйым салынды. Көп жылдар бойы ұмытылып, сынын жоғалтқан мереке 1988 жылдан бері қайта жаңғырып, Наурыз мейрамын тойлау дәстүрі өз жалғасын тапты.

Дереккөзі: https://massaget.kz/arnayyi_jobalar/22-nauriz/9266/

2-мәтін

Ұлыс күні

Мақсұт Неталиев

Су жылтырап бүрін ашқан жас талдан,

Бу бұрқырап қатып қалған тастардан.

Күн күркіреп, жасын ойнап аспаннан,

Бар тіршілік Наурыздан басталған!

Ел де тыныш!

Жер де тыныш – бұл күні,

Көреміз тек қуаныш пен күлкіні.

Табысқан жұрт таныс тауып жатады,

Жамалғандай жүректердің жыртығы!

Саф тыйылып Сарыарқаның бораны,

Күн өрлейді күмбезінен жоғары.

Наурыздың жиырма екісі толғанда,

Тоғысады тоғыз жолдың торабы…

Жылғалардан су аққанда сырғанап,

Шаң-тозаңнан тазарады нұрлы алап.

Толтырады шаңырақтың шаттығын –

Наурызбай, Ұлысжандар – іңгәлап?!

Жалғасады жақсылықтар – «Иә, сәт!»

Қарлығаштар үй сыртына ұя сап –

Жүрсе, Бақыт қонатынын хабарлап,

Бұлт көшеді ақ жаңбырын құя сап!

Жат боп бұрын бастары ешбір қосылмай,

Жүрген жандар таныс тапса – досындай.

Ол – осынау Наурыздың арқасы! –

«Ұлыс күннің» шапағаты осындай!

Дереккөз: https://martebe.kz/22-nauryzga-arnalgan-olender/

2. Екі мәтінді кестедегі аспектілер бойынша салыстыр.

👇
Ответ:
oksiur4enko
oksiur4enko
28.09.2021

А)наурыз, тойлау, мемлекеттік мереке

Объяснение:

2нин кара сөздерін көріп тұрған жоқпын Сондықтанда жауап бермедім кешірім сұраймын

Объяснение:

4,8(55 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
6luille9
6luille9
28.09.2021

Су — тіршілік көзі, табиғатта ең көп таралған зат. Су Жер шарының 3 / 4 бөлігін алады. Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді, табиғаттағы барлық тіршілік атаулының құрамына кіреді.Тірі ағзалардың 60-70 %-ы , ал өсімдіктердің 90 % -ы судан тұрады. Су — тамақ рационының маңызды құрамдас бөлігі. Сусыз тіршілік жоқ. Адам шөлдегеннен гөрі аштыққа шыдамды келеді екен. Зат алмасудың барлық процестері судың қатысуымен атқарылады.Тамақты сіңіру, қанға нәрлі заттардың жетуі сұйық ортада өтеді. Зат алмасудың зиянды өнімі организмнен су арқылы шығарылады. Организмде судың жеткіліксіз болуы шөлдеуге әкеліп соқтырады да, судың артық болуы жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысын қиындатады. Судың пайдалы қасиеттеріне келесілері жатады:

– Су қоректік заттектерді (жасушаларға), алмасу өнімдерін және гормондар, ферменттер, тромбоциттер және қан жасушалары сияқты түрлі заттарді (жасушадан) тасымалдайды. Соған сәйкес ол жасушалық зат алмасудың өтуіне септігін тигізеді және жасушалардың химиялық қызметтеріне аса қажет.

– Су еру мен суспензиялау үшін тамаша орта. Көптеген субстраттар суда ериді немесе суспензияға айналады, осылайша жаңа заттектер түзетін реакцияларға түсе алады. Судың бұл қасиеті ағзадағы алмасу заттары мен улы заттардың зәрмен шығуына септігін тигізеді.

– Су еріткіш ретінде тұтқыр молекулалармен қосылып, буындарға арналған майлайтын сұйықтық және ас қорыту жүйесі мен несеп-жыныстық жолдарды майлайтын шырыш, ішкі органдарды майлайтын ұйыма сұйықтықтарды және асқорыту жолдары арқылы өткенде асты ылғалдандыратын басқа да секреттерді түзеді.

– Су өз температурасын салыстырмалы түрде аз өзгерте отырып, жылу сіңіреді. Судың жылуды сақтау қасиеті жылуды сіңіріп, оны жылу өнімі және тер булануы ретінде шығара отырып, дене температурасын реттеуге көмектеседі.

Су ағзаның маңызды құрылымдық компоненті болып саналады. Ол жасушалардың пішінін сақтайды және барлық ағзаның жасуша жарғақшаларының ажырамас бөлігі болып табылады.

Объяснение:

4,5(53 оценок)
Ответ:
Mariapolitova
Mariapolitova
28.09.2021
Шоқан 1935жылы Қостанай облысы Құсмұрын бекетінде дүниеге келген. Ол Абылай ханың шөбересі (Абылай=> Уали=> Шыңғыс=> Шоқан). Шоқанның шын аты Мұхаммедханафия. Оны Шоқан деп еркелеткен əжесі- Айғаным. Шоқан зерек, білімге құштар бала болып өсті. Оның рухани өсуіне көп адамдар əсер еткен. Алғашқылардың бірі болып өз əжесі Айғаным. Одан соң Шоқанның əкесі Шыңғыстың үйіне қонақ болып келген дана, ойшылдар,кейіннен досы Потанин де өз əсерін тигізген. Құсмұрындағы мектептен мұсылманша білім алып, араб, парсы, шағатай тілдерін үйренген. Шоқан кадет корпусында жақсы оқыған ол туралы досы Г.Н.Потанин: өз досының өте зерек, білімді екенін көп жазған.
Потанин Шоқан туралы:"Өзінің бізден артық білетіндігін,не бізден білімі жағынан жоғарылығын білдіруге тыры да, жолдастарының арасында болатын жəй əңгімеден-ақ, оның білімі бізден артықтығы танылып қалатын"-,деп жазады. Шоқан 1865жылы 30-ға қараған шағында дүниеден өтеді. Шоқан- қазақтан шыққан алғашқы ғұлама ғалым.
4,6(29 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ