құрметті соғыс және тыл ардагерлері! сіздер елімізді жаудан қорғап, ел мен халықтың игілігіне адал еңбек еттіңіздер. соғыс жылдары майдан үшін талай қиындықты бастан өткеріп, ерлік пен қаһармандықтың үлгісін көрсеттіңіздер. бүгінгі біз қол жеткізіп отырған тәуелсіздік пен егемендікке сіздердің арқаларыңызда ие болдық. сондықтан барлық ардагерлерді біз әрдайым ұлықтап, құрметтейміз. батырлар есімін ешқашан ұмытпаймыз. ұлы жеңістің 70 жылдық мерекесінде жеңіс үшін, өшпейтін ерлік үшін шынайы көңілден шыққан алғысымды қабыл алыңыздар.
барлығыңызға денсаулық, тіршіліктің ұзақ та жарқын, алаңсыз күндерін, жан шуағын және отбасыларыңызға амандық тілеймін!
кез келген мемлекеттің болашағы – білімді жастар. көзі ашық, көкірегі ояу кез-келген білімді ұрпақ өз отанын жолында аянбай тер төгеді. қазіргі бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заманда «жалқаулықты жанға серік етіп жатудың» өзі әбестік. жалын мен жігерді, ізденіс пен талпынысты талап ететін жастық шақта ел болашағы үшін еңбек ету жастардың басты міндеті.
бүгінгі жас болашақ қазақстанның жарқын бейнесі. жастарды білім жолына салып, түзу жолдан тайдырмай, санаға сәуле шашар оқу білімнің тізгінін ұстату мемлекет пен қоғамның міндеті саналады. қандай мықты мемлекет болмасын жастардың білімі мен оқу-ағарту ісіне көп көңіл бөледі. келешектің іргетасын қалау үшін, ең алдымен сол елдің жастарының саналы ұрпақ болып жетілуіне күш салу керек.
қазіргі таңда қазақстан – өркениетті, ған елдер қатарына енген мемлекет. тәуелсіздік жастарға жарқын болашаққа жол ашып берді. осы мемлекетті одан да биіктен көрсету – білімді жастардың қолында.