«Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
9-сынып
Оқылым.
Жел энергиясы негізінен Күн энергиясының Жер бетін бірқалыпты қыздырмауынан туындайды. Сағат сайын Жер Күннен 1014 кВт сағат энергия алады. Күн энергиясының 1-2% -ы жел энергиясына түрленеді. Бұл көрсеткіш жер бетіндегі барлық өсімдіктердің биоқалдыққа айналғанда бөлініп шығатын энергиясынан 50-100 есе асып түседі.
Бірнеше мыңдаған жылдар бойы адамдар желді энергия көзі ретінде пайдаланған. Жел энергиясын пайдаланып, желкен көмегімен жүзген. Жер суландыру кезінде, жел диірмені ретінде дәнді-дақыл өнімдерін ұнтақтау үшін де жел энергиясы қолданылған. Жел энергиясының қоры бүкіл планета өзендерінің гидроэнергиясынан 100 есе асып түседі. Ылғи және барлық жерде жел соғып тұрады. Жаздың қоңыр салқын самал желін, апат, зардап, шығын әкелетін керемет дауылдарды атап өтуге болады.
Қалпына келтіретін дәстүрлі емес жел энергиясының келешегі зор. Экологиялық таза, қоры еш уақытта сарқылмайды әрі арзан, тиімді. Бұларды пайдалану табиғат баланстарын бұзбайды. Жел энергиясын қолдану таулы аймақтардың жоғары бөктерінде, толқынды теңіз жағалауларында ыңғайлы екені бәрімізге белгілі. Жел энергетикасын дамытуға қолайлы аймақтар өте көптеп табылады. Жел күші жер бетінің ойлы-қырлы болуына тікелей байланысты. Мысалы, таулы аймақтың екі бөлігін қарастырайық. Күн көзінің екі бөлікке түскен энергиясы бірдей болғанымен, жердің кедір-бұдыры әрқилы болғандықтан, жел күшінің ықпалы, бағыты да әртүрлі болады. Жел күшінің ықпалы жыл мезгілінің ауысуына, ауа райының өзгеруіне байланысты өзгеріп отырады. Жел күшінен өндірілетін энергия мөлшері желдің тығыздығына, жел турбинасының қалақшаларының ауданына, жел жылдамдығының кубына тәуелді болады.
Тапсырма 1. Мәтінді мұқият оқып, мәтін мазмұны бойынша берілген сөйлемдерді сөздер және сөз тіркестері, терминдермен толықтырыңыз.
Жерді бірдей температурада қыздырмағандықтан, жел энергиясы пайда болады.
Ғаламшардағы су қорларының жел энергиясының қоры бірнеше есе көп.
Табиғаттағы тепе-теңдікті қоры шектеусіз бұзбайды. климаттың, жыл маусымдарының өзгеруіне қатысты.
Тапсырма 2. Берілген сөйлемдерді перифраз тәсілімен өзгертіп қайта жазыңыз.
1) Жел энергиясы негізінен Күн энергиясының Жер бетін бірқалыпты қыздырмауынан туындайды.
Жер бетін...
2) Бірнеше мыңдаған жылдар бойы адамдар желді энергия көзі ретінде пайдаланған.
Желді...
3) Жел энергиясының қоры бүкіл планета өзендерінің гидроэнергиясынан 100 есе асып түседі.
Бүкіл...
4) Жел энергиясын қолдану таулы аймақтардың жоғары бөктерінде, толқынды теңіз жағалауларында ыңғайлы екені бәрімізге белгілі.
Бәрімізге...
5) Жел күшінің ықпалы жыл мезгілінің ауысуына, ауа райының өзгеруіне байланысты өзгеріп отырады.
Ауа райының...
Тапсырма 3. Мәтіннің негізгі идеясын анықтап, оған қатысты өз көзқарасыңызды білдіріңіз.
Жазылым
Берілген 4 сұрақтың бірін таңдаңыз. Жазба жұмыстарында ыңғайлас және қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдерді; шартты, мезгіл, қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдерді қолданыңыз. Мәтіннің көлемі 100-120 сөз.
1 ЭКСПО – 2017 – Қазақстан белесі
2017 жылдың жазында Астана қаласында өткен ЭКСПО көрмесіне барғаныңызды еске түсіріп, көрмеден алған әсеріңіз (не көрдіңіз? не істедіңіз?) туралы газетке шағын мақала жазыңыз.
2 Биотехнологиялық жаңалықтар
Сіз мектеп телестудиясында жас тілшісіз. Мектебіңізде биотехнология саласындағы ғылыми жобалар сайысы өтіп жатыр. Бұл шараға қонақ ретінде NASA жанындағы университетті бітірген жас ғалым қазақстандық Дәмелі Мектепбаева да келді. Іс-шараның өту барысы туралы шағын репортаж мәтінін жазыңыз.
3 Болашақ энергия көздері
Сізге «Болашақтың энергиясы» қалалық эссе байқауына қатысу мүмкіндігі туды. «Қазақстан үшін жел мен Күн энергиясын өндірудің тиімділігі неде?» тақырыбында шағын эссе жазыңыз.
4 Алаш идеясы мен қайраткерлері
Сабақ тақырыбы: Алаш идеясы мен қайраткерлері. Мұғалім сынып оқушыларына мынадай тапсырма ұсынды: Егер сізде бұрынғы кезеңге өтуге мүмкіндік болса, қай Алаш қайраткерімен кездесіп, сұхбаттасар едіңіз? Ол адамды не үшін таңдайсыз? Кейіпкермен шағын сұхбат мәтінін жазыңыз.
Туынды етістік.
Етістік – заттың қимылын, іс-әрекетін білдіреді.
Сұрақтары: Қайтті? Не істеді? Не қылды?
Туынды етістік басқа сөз таптарына сөз тудырушы жұрнақ жалғану арқылы жасалады.
Есімдерден туынды етістік жасайтын жұрнақтар
1. –ла,-ле,-да,-де,-та,-те: аяқ+та, қол+да, үтік+те, май+ла, жаман+да, үшеу+ле, ілгері+ле, үһ+ле т.б.
2. –лан,-лен,-дан,-ден,-тан,-тен: ой+лан, таза+лан, әдет+тен, рух+тан, үй+лен, ашу+лан т.б.
3. –лас,-лес,-дас,-дес,-тас,-тес: сыр+лас, пікір+лес, ақыл+дас, көмек+тес, ұйым+дас т.б.
4. –лат,-лет,-дат,-дет: шу+лат, түнде+лет, ән+дет, дауыл+дат т.б.
5. –а,-е: ат+а, дем+е, жин+а, сын+а, тең+е т.б.
6. –ай,-ей,-й: күш+ей, сарғ+ай, көрк+ей, мұң+ай т.б.
7. – қар,-кер,-ғар,-гер: бас+қар, ес+кер, аң+ғар, тең+гер, ат+қар т.б.
8. – ар,-ер,-р: жаңа+р, ескі+р, өзге+р, жақс+ар, ұз+ар т.б.
9. –ал,-ел,-ыл,-іл,-л: жоғ+ал, су+ал, тарт+ыл, тең+ел, бер+іл т.б.
10. –ық,-ік: бір+ік, орн+ық, тын+ық т.б.
11. –сы,-сі,-ымсы,-імсі: пысық+сы, үлкен+сі, оқыған+ымсы, кеткен+імсі т.б.
12. –сын,-сін: жат+сын, адам+сын, көп+сін, аз+сын т.б.
13. –сыра,-сіре: әл+сіре, қан+сыра, жетім+сіре, ой+сыра т.б.
14. –ра,-ре,-ыра,-іре: бұрқ+ыра, күрк+іре, жарқ+ыра, сарқ+ы+ра т.б.
15. –ырай,-ірей: кіші+рей, бақ+ырай, баж+ырай т.б.
Етістіктен етістік тудыратын жұрнақтар
1. –н,-ін,-ын: ки+ін, тара+н, бу+ын, ой+ла+н т.б.
2. –л,-ыл,-іл: аш+ыл, тес+іл, жаз+ыл, жұм+ыл т.б.
3. –т-: тара+т, қара+т, жара+т т.б.
4. –тыр,-тір,-дыр,-дір: жап+тыр, кеп+тір, кел+тір т.б.
5. –тыр+т,-тір+т,-дыр+т,-дірт+т: соқ+тырт, ал+дырт, кеп+тірт т.б.
6. –қыз,-кіз,-ғыз,-гіз : жат+қыз, жет+кіз, өт+кіз, тарт+қыз, же+гіз, отыр+ғыз т.б.
7. –ыз,-із: там+ыз, ем+із т.б.
8. –с,-ыс, -іс: сөйле+с, айт+ыс, бер+іс т.б.