М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
lehfrb
lehfrb
26.01.2021 03:46 •  Қазақ тiлi

2. Ғалымдардың қызықты ақпараттары бойынша Айдың құмы ненің материалы бола алады? |​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
darivorobey
darivorobey
26.01.2021

Қыз Жібек» жыры қазақ халқының сүйіп оқитын көркем шығармасы. Неге десеңіз, ол өзінің көркемдік стилімен оқырманды өзіне баурап алады. Жырдың сарыны, әуені батырлар жырының желісіндей айтуға ыңғайлы. Тыңдаушысын жалықтырмайды. Бір оқиғадан соң екінші оқиға қара сөзбен байланысып, түсініктеме беріле жалғасып отырады. Жырда қазақтың салт-дәстүрі, тұрмыс ерекшелігі, сауда-саттықпен айналыса бастаған кезеңі, орыс отаршылдығымен бірге енген сөздерді кездестіруге болады. Сол сияқты, «Қыз Жібек» жырында естірту, жоқтау, жұбату, айтыс, жырлай арнау, зарлай арнау, сыңсу т.б. кездеседі. Жырдың өне бойына зер салып, тоқталғанымызда айшықтау мен троптың түрлері жиі кездесетінін байқауға болады.

Әсіресе аттың шабысын, батырдың ұрысын суреттегенде «Алпамыс», «Қобыланды батырлар» жырына ұқсайды. «Қыз Жібек» жырының бірнеше нұсқасы барын білеміз. Сол нұсқаларының кез келгені өзіндік жырлану стилімен көзге түседі.

Академик, жазушы М.Әуезов «Қыз Жібек» жыры туралы, «қазақтың өткеннен қалған эпостық мұрасының ішінде, «Қыз Жібек» жыры асқан көркемдігімен ерекшеленіп, оқшау танылады. Дастанның мол да алуан түрлі формасы оның күрделі де шебер композициялық құрылысы үйлесе үндесіп келген» деген.

М.Әуезовтың сөзімен айтсақ, алуан түрлі формасы дегеніміз не? Ол жырдағы естірту, арнайы жырлау, қоштасу, араздасу, түс көру, әмеңгерлік, көңіл айту, өтініш, айтыс, бата, тілек т.б салт жоралғылар мен көркемдегіш құралдар жиынтығы болып табылады. «Қазақ әдебиетіңнің тарихы» деген еңбекте де «Қыз Жібек» жырының көркемдігі біршама ашылған, бірақ авторлық ұжым «Қыз Жібек» жырының мазмұндық ерекшелігін, кейіпкерлердің ерекшелігін таңдауды мақсат тұтқан.

Дастанның ең құнды жағының өзі оның тілінің таза, бай, көркем болып жасалуында. Сан алуан әсірелеу, көркем ұқсатулардан басқа кейбір жеке-жеке сөздердің шеберлігі де сұлу, жатық. «Ай қараңғы көшесі, айдың өткен кешесі» дейтін сөз кестесінің көркемдігі бұған дәлел бола алады. Жырда мұндай образды сөз кестесі өте көп. «Асуда асу бел дейді, аса бір соққан жел дейді» дейтін сөз шумақтары да сыртынан қарағанда әншейін ғана бір сөз ұйқасы сияқты» деп айтылған. [14; 566 -588] [60; 566-588 б]

«Басыр басыр, басырды, аққа құлып жасылды», - дейтін жырдағы ақынның тілінің шеберлігіне, композициялық көркемдігіне шолу жасап, бағыт-бағдар береді. Әрине, бір екі ауыстыру (метафора) ұлғайту (гипербола), кішірейту (литота) мысалдар келтірілген. Ол төмендегіндей:

Қанатым де қияғым,

4,6(21 оценок)
Ответ:
Ganna003
Ganna003
26.01.2021

Адам болып дүниеге келген соң әр адам ананың сүті арқылы ана тілін,анасының тәрбиесін бойына сіңіріп өседі. Адам үшін ана тілі-туған тілі. Әр халықтың өз тілі,өз діні,өз әдет-ғұрпы бар. Әрбір халық өз ана тілін құрметтейді,қастерлейді. Ал өз ана тілін білмеу-надандық. "Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңде құрметте" дегендей,қанша тілді білсе де,әрбір жеке тұлға өз ана тілін құрметтей білу керек.

Қазіргі заманда адамдар ағылшын,француз тілдерін үйренуге талпынып жатыр. Себебі,ағылшын тілі шет елдермен қарым-қатынасқа түсу үшін өте қажет. Сонымен қатар,қытай,француз,орыс тілдерін біліп жүру де артық етпейді. Әр түрлі елдің тілдерін білу-мақтаныш,әрі адамның білімді екенін көрсетеді және де көптеген елдермен араласуға мүмкіндік тудырады. Үш тілден көп тілді білетін адамды "Полиглот" деп атайды. Елімізде үш тілді,яғни,қазақ,орыс,ағылшын тілдерін білу қажет. Болашақта көп тілді білудің пайдасы көп. Көптеген тілді білген адам жұмысқа да оңай орналасады. Алайда,қаншама тілді үйренсек те,ана тілімізге деген құрметті ұмытып кетпейік. (шағын шығарма,эссе десе де болады)

4,7(94 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ