Жібек Жолы» (Ұлы «Жібек Жолы») — Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып, Шыңжаң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Атауды алманиялық ғалымдары Ф. фон Рихтһофен (F. von Richthofen) бен А. Һерман (А Hеrman) 19 ғасырда ұсынған.[1] Ұлы Жібек жолы - адамзат өркениеті жасағын тарихи ескерткіштердің бірі. Біздің дәуірімізден бұрынғы II ғасырдан басталған бұл жол, Еуропа мен Азияның-Батыс пен Шығыстың арасын жалғастырған көпір болған. Оның Қазақстан жерін кесіп өтетін тұсында, VI ғасырдан бастап екі бағыт: Сырдария және Тянь-Шань жолдары бағыттары кең өрістелген. Бірінші жол Қытайдан басталып, Шығыс Түркістан Қашқар арқылы Жетісуға, содан Сырдарияны жағалап, Арал маңынан әрі қарай Батыс елдеріне өткен
Компьютер - жаңа технологиялардың бірі болып табылады. Оның адамға тигізер пайдасы өте көп. Оқушы компьютерді өзінің сабағына пайдалануына мүмкіндігі зор. Таза, ұқыпты жазылуға тиіс рефераттар мен баяндамаларды жазу, оларды қағаз бетіне басып шығару - барлығы компьютер арқылы жүзеге асады. Алайда компьютер алдына көп отырсаң, онымен бірге келетін зиян да көп. Мысалы: көздің көруі нашарлайды, омыртқа қисайып, жүйкеге салмақ түседі де адам әлсіз, шаршағыш болады. Сондықтан компьютерді өз уақытымен, өз орнымен пайдалану керек.