М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Ksyufenka
Ksyufenka
09.06.2023 23:47 •  Қазақ тiлi

І нұсқа «Қазақ тілі Т1» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Су – тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен-көлдер. Морфология
Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары. Морфология
Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері. Наурыз.Морфология
Оқылым
Тапсырма
1. Мәтіндерді оқып, оларды тақырыбы, жалпы мазмұнын салыстырыңыз. олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтаңыз. [5]

1-мәтін
Су
Сусыз өмір сүру мүмкін емес. Жер бетінің төрттен үш бөлігін су алып жатыр. Ол – мөлдір, түссіз. Судың үш күйі болады: сұйық-су, қатты-мұз, газ-бу. Нөл градустан төмендегенде су мұз болып қатады, ал қайнағанда ол буға айналады. Аналарың кір жуғанда далаға жайып қояды. Ол кеуіп кетеді. Неліктен? Себебі күн суды буландырады. Күн қатты ыстық, ал жапырақтар, өсімдіктер неге қурап кетпейді? Себебі, ол тамырмен су сорып, оны буландырып жібереді. Жер бетінде су тұщы және ащы су болып бөлінеді. Ащы су бұл теңіз, мұхит сулары, ал тұщы су өзен, көл, жер асты сулары. Жердегі әрбір 100 л судың 98 л тұзды су, 2 л тұщы су екен. Көл суларының кейбірі ащы, кейбірі тұщы суға жатады.
Құрлық бетінде әртүрлі ойыстар кездеседі. Ондай ойысқа су толса, көл пайда болады. Көлемі әртүрлі. Шағын көлдердің ені мен ұзындығы бірнеше ондаған метрден аспайды. Ал ірі көлдердің бір шетінен екінші шетіне көз жетпейді. Балық ауланады, ауыз су алынады, мал суарылады.
Каспий – дүниежүзіндегі ең ірі көл. Солтүстігінен оңтүстігіне дейін мың километрден қашықтыққа созылып жатыр. Тереңдігі - 800 м. Балық көп.
Құбырдан алынған су 100% таза бола бермейді. Ол өзеннен хлор қосылып, тазартылып келеді. Адам күніне 2 литрге жуық су ішеді екен. Ол - су, шай, шырын, сусын, минералды су. Адам тек қайнатылған су ғана ішу керек. Себебі, қайнамаған судан кейде гипатит ауруына да шалдығып жатады. Оның құрамында микробтар болуы мүмкін.

2-мәтін
Су - тіршілік көзі
Су − тіршілік көзі. Осы мөлдір сұйықтыққа бар тіршілік тәуелді. Алайда күнделікті тұрмыстың ажырамас бөлігіне айналған судың емдік қасиеттері жайында көбі біле бермейді. Су адамның шөлін қандыру немесе тұрмыстық қажеттілігінен басқа да жайларда пайдаға асады. Назарларыңызға судың пайдасы, емдік қасиеттері жайында мәлімет ұсынамыз. Жапон ғалымы Масару Эмото бірнеше жыл бойы судың қасиетін зерттеген. Ол тазартылған суды бір ыдысқа құйып, сол судың жанына адамдар келіп «махаббат», «періште», «рақмет», «бейбітшілік» деген сияқты жақсы сөздер айтқан. Ғалым осы суды қатырып, суретке түсірген кезде кристалдары керемет әдемі, үйлесімді болып шыққанын байқаған. Ал дәл осы суға «ыза», «соғыс», «қан», «өлім» сияқты жағымсыз сөздер айтқан кезде кристалдары мүлде басқа, бей-берекет, көмескі, қара лай болып шыққанын көріпті. Жапон ғалымы су біздің барлық эмоциямызды, сезімімізді, сөзіміз бен дұғамызды, музыканы қабылдайтынын осылай дәлелдеген.
Дәрігерлердің айтуынша, сумен емделудің қарапайым әдіс-тәсілі көп. Мәселен, суды алдымен қатырып, кейін ерітіп ішуге болады. Тек үстіңгі қабатын төгіп тастау керек. Өйткені ауыр металдар судың бетіне көтеріледі. Осы суды адам күнде таңертең аш қарынға ішіп отырса, емдік қасиеті зор. Адам ағзасы бірден жұмысқа кіріседі. Ағзаға таза су енеді де, ол біздің сұйықтық қанымызға әсер етеді және тазалық ақпаратын жеткізеді. Сөйтіп бойымыздағы сұйықтықтардың құрылымдануына ықпал жасайды. Адам денесінің 70% судан тұрады. Ендеше ағзадағы судың құрамын өзгерте отырып, сауығуға әбден болады.
2 ​


І нұсқа «Қазақ тілі Т1» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларыСу – тіршілік көзі. Қаз

👇
Ответ:
janat8509
janat8509
09.06.2023

1тап

Тақырыбы су және оның қасиеті

Мазмұны су туралы. Судың адамға қасиетті туралы.

Ұқсастыгы екі мәтінде су туралы.

Айырмашылыгы 1 мәтін судың түрлері және Қазақстандагы сулы жерлер туралы.

2 мәтін судың пайдасы туралы.

4,5(37 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
moiznaniya1112
moiznaniya1112
09.06.2023
1) Тіл дегеніміз-адамдармен өзара пікір алмасуы. 2)Адамның сәттілікке қол жеткізуінің шарты тілді орынды пайдалану. Адамдармен тіл табыса білу. 3)Тіл адамдармен тіл табыса білуіне, бірігіп еңбек етуіне, өз орнын иемденуіне, өзгелерді тануға,өзін танытуға мүмкіндік береді. 4) Тілсіз адам биік нәтижеге жетуі мүмкін емес. Өйткені адам тек тіл арқылы басқалармен қарым-қатынас жасап, бірлесе өмір сүреді, биік арманға қол жеткізеді. 5)Адам көп тіл арқылы шетелдерге немесе басқа елдерге барып оқи алады. Басқа елдерге барғанда тілдесе алады. 6) Тілдің көмегімен адам бір бірімен тілдесе алады, сөйлей алады. 7)Тіл деген тек сөйлесу үшін ғана емес, сонымен басқалармен араласа білу. Жақсы сөздер айту, адамдармен тату болу. 8) Тіл табыса білудің өзі өнер. Себебі кей адамдар бір бірімен мүлде араласпай, бір бірін іздемейді де. ОЛар тіл табыса алмайды. Ал көп тіл білу де өнер. Себебі тілдерді сен оқып, өз білімінмен үйренесін.

Объяснение:

4,6(48 оценок)
Ответ:
Nastyaaaaaa34
Nastyaaaaaa34
09.06.2023

қазақстан аумағында жердің құрлықішілік ағынсыз ең ірі су айдындарының бірі-қаш көлі орналасқан. көлдің ұзындығы 614 км, ал ені 3,5 – тен 44 км-ге дейін, бұл ретте су айдынының ең үлкен тереңдігі 26 метрге дейін. геологтар мен геоморфологтар көлдің 35000 жылдан астам уақыт бар екенін анықтады.

бұл көлдің бірегейлігі көлдің батыс және шығыс бөліктері оның суының минералдану дәрежесі бойынша күрт ерекшеленеді, сондықтан оның батыс бассейні - тұщы, ал шығыс – тұзды. қаш қаласының шөл даласында орналасқан феномені, ағыссыз, құрғақ континентальды климаты және жауын-шашынның аз түсуі ғалымдар мен ғалымдарды таң қалдырмайды.

қаш қаласының флорасы мен фаунасы таңқаларлық алуан. көлде 20 қ түрі бар! ежелгі қазақтар көлді - "қ ас" деп атаған (қ-тамақ). сондай-ақ 120 құс түрі бар, олардың 12-і қызыл кітапқа енгізілген. өсімдік әлемі құрлықта және суда өсетін өсімдіктердің 60 түріне дейін жетеді. ботаниктер мен зоологтар сирек кездесетін және бірегейлігіне байланысты өте көп өсімдіктер мен жануарлар бар.

көлдің аумағын жиектейтін бектау-ата тау тізбегі солтүстік қаш өңірінің ең әдемі орындарының бірі болып табылады. ашық ауа райында ұлы жартастар мен шатқалдармен көркем пейзаждың көріністері жүз километрге созылып жатыр.

көлдің туристік инфрақұрылымы іс жүзінде ғанына қарамастан, қаш көлі жағажайлық демалыс үшін, негізінен "дикарямен" келетін қазақстандықтар мен ресейліктердің арасында әлі де танымал орын болып отыр

4,8(95 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ