М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
maximborisoc
maximborisoc
11.11.2020 22:05 •  Қазақ тiлi

Оқылым Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Менің Отаным - Қазақстан
Азия мен Еуропа құрлықтарының ортасында орналасқан ежелгі қазақ жері
қазіргі Қазақстан Республикасы үлкен аумақты алып жатыр. Ол дүние
жүзіндегі екі жүзден астам мемлекеттің ішінде жер көлемі жағынан тоғызыншы,
орынды алады. Қазақстанның жері қандай үлкен болса, оның географиялық
ерекшеліктері де әр алуан.
Қазақстан жерінде көне ескерткіштер көптеп саналады. Айталық/wды Жібек
жолының бойында орналасқан Отырар, Сауран, Сығанақ, Шымкент, Тараз,
Түркістан сияқты қалалар мәдениет пен ғылымның орталықтары (болған.
Еліміздің ең қымбат тарихи жәдігері - «Алтын адам». Алматы маңындауы Есік
обасынан табылған «Алтын адам» көне дәуірлерде Қазақстан жерінде жоғары
өркениеттің болғандығын көрсетеді.
1. Мәтіннен жұрнақ арқылы жасалған сын есімдерді тап.
(2)​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
TBONBATYA
TBONBATYA
11.11.2020

Менің ана тілім – шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты тіл. Өйткені өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіме басты себепкер - сол ана тілім! Мынау жарық дүниеге келгеннен бастап, ананың әлдиімен бойыма сіңіріп келе жатқан тілім мен үшін ең қастерлі, ең қымбат тіл. Ақын С.Торайғыров ана тілімді:

Ана тілім-ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Демек әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс. Амал не, туған тілімізді шұбарлап, басқа тілдің сөздерімен араластырып сөйлейтіндерді жиі көремін. Тіпті, туған тілінен безетін сорақыларды да, менсінбеушілікпен қарап, қазақша сөйлеуге ұялатындарды көргенде, белгілі орыс жазушысы К.Г.Паустовскийдің «Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік» деген сөзі ойыма еріксіз оралады.

4,8(71 оценок)
Ответ:
irko00
irko00
11.11.2020

Абылай ханның сыртқы саясаты.

Абылайдың сыртқы саясаты да икемділігімен және ымыршылдығымен сипатталды. Оның Россия мен Қытай сияқты күшті мемлекеттермен қатынастарының Орта Азия мемлекеттерімен қатынастарынан едәуір айырмашылығы болды. Отаршыл империялардың күш-қуатын өте жақсы ұғынған хан, бір жағынан Россия протекторатын танудан бас тартпай, екінші жағынан өз иеліктеріңде екі державаның да ықпалы күшеюіне жол бермей, олармен қатынастарда барынша икемділіккөрсетуге тырысты. Бір жағынан, Абылай Қытайдың өкімет орындарын өзінің адалдығына үнемі иландырып отырды, екінші жағынан, ол мәселені «Россия сарайына әлдеқайда ынталықпен…, ал Қытай ханымен хат жазуды бір нәрсе үшін, оған бағынышты қырғыз-қайсақтарға Қытайлардың реніш көрсетіп, қысым жасамауы үшін жалғастырып» отырған сияқты етіп көрсетті. Хан өз иеліктерін агресияшыл көршілерінен осылайша қауіпсіздендіріп қана қоймай, жекелеген пайда келтіруге де тырысты. Мәселен, 1772 жылы ол Россиядан өзінің сыртқы және ішкі жауларына қарсы күресу үшін тағы да әскер сұрады. Шынына келгенде, Абылайдың адалдығына күмәнді Россия да, Қытай да оған әскер бөлуден бас тартты. Россияның өкімет орындары Абылай ханды өзінің ықпал өрісінде ұстауға ұмтылды, сондықтан да 1777 жылы хан жазбаша өтініш жасаған жағдайда оның хан атағын тануға әзір екенін ресми түрде хабарлады. Мұндай дипломатиялық қадам өзінің сыртқы саяси аренадағы беделін нығайта түсетіннің түсінген Абылай Петербургке өзінің баласы Тоғым бастаған елшілік жіберді. 1778 жылы ғана II Екатерина оны хан деп және Орта жүздің ханы деп бекіту туралы грамотаға қол қойып, оның Кіші жүз бен Ұлы жүзге биліг танығысы келмеді. Бұған ызаланған Абылай Орынборда Троицкіде, тіпті Петронпавлда да ант беруден бас тартты. Ол 70-жылдардың аяғына қарай Абылай Россиямен қандай да болмасын қатынастарының бәрін мүлде үзді. Абылайдың оңтүстіктегі көршілерімен қатынастары басқаша болды. Оның күш салуы арқасында қайтадан қазақ аймағына айналған Жетісуда қырғыздармен қақтығыстары жалғаса берді және Абылай оларға қарсы ара– ура жорықтар жасап тұрды. 1774 және 1779 жылдырдағы жорықтар қырғыз руларының бір бөлігінің қазақ хандығына бағынуына жеткізді. Ташкентпен және Ходжентпен соғыста Сайрам, Шымкент, Созақ, Ташкент қазақтарға қайтарылды. Сонымен Абылай ханныңXVIII ғасырдың 70 жылдарындағы сыртқы саяси қызметі қазақ мемлекетінің бірлігін уақытша қалпына келтіруге, оның халықаралық аренадағы жағдайының нығайюына жеткізді. Абылайға дейін де, одан кейін бірде-бір қазақ ханының мұндай шексіз билігі болған емес. Бұл ең алдымен оның билігінің сөзсіз құдыреттілік сипатына байланысты еді. Көреген саясатшы және шебер дипломат Абылай өзіне ергендердің сүйіспеншілігіне және қарсыластарының құрметіне лайық бола білді. Бұған ханның жеке қасиеттері де едәуір дережеде себепші болды. Абылай мұсылманша жақсы сауатты болды, оқып, жаза білді. Ол сирек кездесетін саясатшы, қолбасшысы және дипломат болды. Дегенме де, ол тарих көшінөзгерте де, көшпелі өркениеттің бұрынғы күш – қуатын қайтадан келтіре де алмады. Ол қайта түлеткен біртұтас Қазақ хандығы ханның өзі қанша өмір сүрсе, сонша өмір сүрді. 1781 жылы шамамен 70 жасында Абылай Ташкенттен Түркестанға келе жатқанда дүние салып, Қожа Ахмет Иасауи кесенесіне жерленді.

4,6(57 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ