М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
костелои
костелои
29.01.2023 04:44 •  Қазақ тiлi

1.Мәтінді оқып шығыңыз. Мәтіндегі детальді ақпаратты анықтап,
мазмұндауда
қолданыңыз. Ақпараттарды шынайы
өмірмен байланыстырып, көтерілген
басты мәселені
анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-
жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы
дамытып,
дәлелдеңіз.

көмектесіңдерші беремін​


1.Мәтінді оқып шығыңыз. Мәтіндегі детальді ақпаратты анықтап,мазмұндаудақолданыңыз. Ақпараттарды шын

👇
Открыть все ответы
Ответ:
Даня0987853339
Даня0987853339
29.01.2023

Қазақ халқының ұлттық тағамдары

Атамыз қазақ қашан да тағамды аса бағалап, қадір тұтқан. «Астан үлкен емессің», «Ерді қорласаң састырар, асты қорласаң құстырар» секілді сөздер осының дәлелі секілді. Тіпті үйге келген кісі асығыс болса да «ең болмаса нан ауыз тиіп кет, тізеңді бүк» деп айтқан. Бұл дегеніміз - қонақжайлылық пен жайсаңдық, өнегелі тәрбие бастауы. Бұрынғы заманнан-ақ қазағымның дастарханы үйге келімді - кетімді кісінің бәріне жайылып, бар тәтті осы кісілерге ұсынылған.

Ұлттық тағамдарға тоқтала кетер болсақ, оларды құрамындағы басты компонентке байланысты бірнеше негізгі топқа бөлуге болады: ет тағамдары, сүт тағамдары, ұннан жасалатын тағамдар, дақылдан жасалатын тағамдар.

Ет - халқымыздың аса қадірлі қонаққа ұсынылатын кәделі тағамы. Сыйлы қонақтарға қойдың басын немесе ірі қараның шекесін, табақ - табақ ет тартады. Әр адамның жасы мен дәрежесіне сай түрлі мүшелер тартылады. Осыған орай табақ тарту – бас табақ, сый табақ, күйеу табақ, келін табағы, жастар табағы, жай табақ болып бөлінеді. Осы табақтарға сай ет (сүйек) мүшелері болады. Ол мүшелерді ауыстыруға болмайды. Бас табаққа бас, жамбас, омыртқа, қазы, қарта, жал, жая сияқты кәделі мүшелер салынады. Іліктік қатынасқа қарай: қарттарға жамбас, орта жастағыларға ортан жілік, омыртқа, күйеу мен қыздарға асықты жілік, төс, тағы сол сияқты рет-ретімен беріледі. Мойын омыртқа, тоқпан жілік, ірі малдың жамбасының шұқыршағы, жауырын, сирақ қонақтарға тартылмайды.

Ет тағамдарына сонымен қатар қуырдақ, сірне, жаубүйрек, борша, қарын бөртпе, әсіп, жөргем, қимай, ми палау жатады.

Сүт тағамдарын қазақ халқы бір сөзбен “ақ” деп атап, қастеpлейді. Сүттен дайындалатын әр түрлі өнімдердің өзінің ерекшеліктері мен тіпті емдік қасиеттері де бар. Сиыр сүтінен сұйық, қою, қоймалжың, ащы, тұщы, жұмсақ, қатты, ұнтақ түріндегі ұлттық тағамдар жасаса, ешкі сүтін емге қолданған. Бие сүтін ашытып қымыз, түйе сүтінен шұбат жасап, оларды әр түрлі ауруларға ем ретінде де пайдаланған. Сүт тағамдарының құрамы ақуыз, май және көмірсуларға өте бай, олар адам организмінде оңай қорытылады әрі сіңімді болады. Кейбір Сүт тағамдарында түзілетін сүт қышқылы адамның ас қорыту жүйесіндегі шіру процестерінің дамуын тежеп отырады. Ол денсаулыққа пайдалы және қоректік қасиеті мол.

Ұлттық сүт тағамдарына айран, қатық, шалап, қымыз, қымыран, байқаймақ, шыртылдақ, кілегей, қаймақ, құрт, сүзбе, уыз, ірімшік, іркіт т.б. жатады.

Ал ұннан әже - апаларымыз ежелден қазағымның символына айналған шелпек пен бауырсақ пісіріп, таба нан, салма, қаттама әзірлеген. Жұма сайын және әрбір мерекеге орай дастарқаннан бауырсақ пен шелпек үзілмеген.

Халқымыз дәнді дақылдардан да пайдалы тағам әзірлей білген. Соның ішінде: талқан, жент, тары, бидай көже, майсөк, бөкпе.

Халқымыздың ұлттығы мен салт - дәстүрін сақтап, ары қарай дәріптей білейік, ағайын!

4,6(55 оценок)
Ответ:
Rayana555
Rayana555
29.01.2023
"Дастархан-ау, дастархан,Мерекелі дастархан, берекелі дастархан!"Құрметті оқымандар, мерейлі мереке таяп келеді. Қай мереке екені айдан анық! Иә, Массагеттің туған күні мен Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күні қатар келген 16 желтоқсан күні біз үшін өте қымбат күн. Дәл осындай қос мереке кезінде жайылған дастарханымыз дәмге толы болсын дей отырып, бүгін сіз бен біз мереке кезінде жайылатын қазақ дастарханы жайлы сөз қозғамақпыз. Біздің дастарханымыз ежелден-ақ халқымыздың ұлан-асыр жеріндей кең. Таспен ұрғанды аспен ұратын қазақ үйіне келген жанның бірін де дәм ауыз тигізбей жібермеген. Бас сұққан үйден нан ауыз тимей шығатын жанға қапа болып, көңіліне алып қалатын болған. Бұл қазір де жоқ емес. Үйге аяқ басқан адамды алаламай "Нан ауыз тиіп кетсеңші" деген үйдегілердің сөзі санамызға сіңіп қалды. Олай етпеген жанға "наннан үлкен болғаны ма" деп ренжиміз. Мұның бәрі біздің сан мыңдаған жыл бойы сары майдай сақталған салтымыздың көрінісі. Бүгіндері де ол салттан ары ұзай қоймадық. 
4,5(2 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ