М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
masaberegovenko
masaberegovenko
03.04.2021 13:21 •  Қазақ тiлi

Тапсырма Мәтінді оқыңыз. Мәтінде кездесетін есімдіктерді теріп жазыңыз.
[11]
Әзиз Тастанбеков, профессор, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, қазақ
күресінің жанашыры:
– Көкпар десе, қазақ күресі десе айрықша рухтанып, тақым қыспайтын қазақ жоқ. Біз
де әрдайым елеңдеп, рухтанып отырамыз. Күреспен бала кезден қалай айналыстық,
десеңізші?! Еркін күрестен де, классикалық күрестен де, оның ішінде қазақ күресінен де
спорт шебері болдық, дегенмен, осы ұлттық спорт түрінің көптен кенжелеу қалып келе
жатқаны рас еді. Бәріміз ел ішінде жылына бір мәрте жарыс ұйымдастырылса, қатты
қуанатын едік. Жалпы, қазақ күресі қақпайды көп көрді. Сонау ертеректе, Оңтүстік
Қазақстан облысында, Жетісайда қазақ күресіне жанашыр ағаларымыз он-жиырма жылда
қаншама рет болсын, жарыстар ұйымдастыратын. Соған ел ауыл-ауылдан ағылып келетін
еді. Ол іс-шара үлкен тойға ұласатын. Енді сол бірталай теперішке түскен Қазақ күресінің
бағын Ислам Әбішев пен мына Серік інілеріміз бастаған азаматтар ашып, ұлттық ойында
әлемдік деңгейдегі дүбірге қоса бастады. Өз елім, халқым деген осынау еңбектері, адал
жігіттер аман болсын. Енді Қазақ күресін олимпиадаға қосуға ешқандай кедергі жоқ. Ол
күннің келетініне де кәміл сенемін…
1) Жіктеу есімдігі –
2) Сілтеу есімдігі –
3) Жалпылау есімдігі –
4) Өздік есімдігі –
5) Сұрау есімдігі –
6) Белгісіздік есімдігі –
7) Болымсыздық есімдігі

👇
Открыть все ответы
Ответ:
artem12345678903
artem12345678903
03.04.2021

Төлеген 17 жасқа толып, өзіне лайықты қыз іздей бастайды. Елдегі қыздарды ұнатпай, бір саудагерден 100 күндік жерде өте сұлу бір қыздың бар екенін естейді. Ол қыз да, салтанаты келіскен, көрікті, әрі жігіттерді жақтырмағандығын біліп, алыс жолға аттанғысы келеді. Шешесінің қарсы болғанына қарамастан, өзінің тік мінезімен, қызға деген қызығушылығымен, анасына түсіндіріп жолға шығады. Анасы оң батасын беріп шығарып салады. Төлеген жүздеген бас жылқыны айдап Жібектің еліне аттанады. Жолда тоқтаған жерден, лайық деген қыздарды жігітке ұсынып жатады, еш қызды ұнатпасада әр-қайсын құр жібермей бір бас мінгізіп отырады. Осылайша ел арасында атағы шығып, мұны Қаршыға да естейді. Қаршыға Жібектің ағасындай болған, ақылшысы еді. Қаршыға Жібекке айтпай, бірінші өзі жігітпен жолығып көргісі келеді. Төлеген де Қаршығаны сый-құрметке бөлейді. Қаршыға Төлегенді Жібекке ертіп апармақшы болады. Көш бойынан сан түрлі сұлу қыздарды көреді. Төлеген қыздарды Жібек деп ойлағанмен, олай емес болып шығады. Сөйтіп, көш басындағы ақ күймеге көзі түсіп, артынан қуып жетеді. Жүзін ешкімге көрсетпей, төмен қарап отырған Жібекке , жүзін көрсетуін бұйырады. Жібек бір-ақ қарағанда ақ, екеуі бірін-бірі ұнатып, әңгіме-дүкен құрып жарасып кетеді.

4,8(60 оценок)
Ответ:
nikarh
nikarh
03.04.2021
Менің сүйікті актерім!Бүгінгі қазақ киносында актерлердің арасынан өнеріне көңілім толатын, ойнаған рөлдерін, сомдаған кейіпкерлерін керемет ойнап шығатын Берік Айтжанов туралы сөз қозғасам. Қызылорда өңірінің тумасы Берік Айтжанов 1979 жылы 11 наурызда дүниеге келген. 3 жасында өнер ордасы Алматыға көшіп, балалық шағы мен жастық шағын оңтүстік астананың Іле ауданында өткізеді. Әкесі агроном, анасы бала-бақша қызметкері болған. Ата-анасының «жүз қайнаса да, сорпасы қосылмайтын» шығармашылыққа қатысы жоқ баланың актер болуы қызықты тарихқа байлаулы. Салмақ жетіспеушілігіне байланысты әскерге қабылданбаған болашақ актер көптеген мамандықтардың дәмін татып, сынап көрген. Алайда, жүрегіне жақын мамандықты таппаған соң, уақытша мейрамханада бармен болып қызмет атқарып жүрген. Мейрамханада сән агенттігінің өкілі Беріктің киноға сай сұлбасын көріп, кастингтен өтуге шақырады. Түсірілген суреттер киногерлердің қолдарына тиіп, Сатыбалды Нарымбетовтың «Қыз жылаған» фильмінің кастингісіне қатысады, бірақ жолы болмай фильмнен шет қалады. Осы алғашқы сәтсіздіктен кейін Берікті кино әлемі қызықтырып, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясына түсуге бел буады. Осылай өнер саласына бағын байлап, болашаққа нық қадамдармен аяқ басады. Алғашқы кинодағы дебюты әйгілі «Біржан Салдың» режиссері Рымбек Әлпиевтің «Қасқыр уақыты» атты фильмінде Қалтай рөлін сомдаумен басталады. Бұл фильмде Берік Ақан байдың күңі рөлін сомдайды. Бұдан кейін актер өз шеберлігін Сламбек Тәуекелдің «Махамбет» фильмінде атақты батыр Махамбеттің рөлін сомдайды. Фильмде озбырлық пен отаршылдықты, әлеуметтік ортадағы әділетсіздік пен тұлғалар қайшылықтарын, олардың бітіспес бұралаң жолдарын суреттеп қана қоймай, Махамбет батырдың Айғаным сұлу арасындағы ғашықтық сезімдерін көрсетеді. Шығыс жекпе-жегімен айналысатын қазақ жігітін көрші Ташкент елінің режиссерлеріде байқап қалып, 12 сериядан тұратын «Застава» сериалына шақырту жібереді. Бұдан кейінгі кино өнерінде шет елде жүріп қазақтың қамын ойлаған Мұстафаға арналған, 2006 жылы түсірілген «Мұстафа Шоқай» фильмінде, Байдрахманды ойнайды(інісі). Берікті халыққа танымал еткен фильмді атамау кету, оның жасаған еңбегінің тең жартысын ұмыту дегенге саяды. Сондықтан, 2008жылы түсірілген Ақан Сатаевтің «Ағайынды» көпсериялы драмасын атамасқа амал жоқ. Себебі, Айтжановқа үлкен беделдікті әкелген Шыңғыс рөлі еді. Бұл көпсериялы драма ауылда тұратын үш ағайынды туралы. Басты кейіпкерлер - ағайынды үш жігіттің өмірі арқылы қала мен ауылдың тіршілігін: әке мен бала, жастар тәрбиесі проблемаларын, бүгінгі таңдағы қазақ ділінің ерекшелігін ашып көрсетеді. Бұл хикаяның сюжеті нағыз шынайы өмірден алынған. Күнделікті күйбең тіршілікте орын алатын әртүрлі жағдайлар, қала мен қала маңындағы ауыл адамдарының өмірі негізге алынған. Осы хикаяда басты рөлдің бірін Берік сомдап шығады. Айтжанов Шыңғыс есімді ынжықтығы бар, қайынжұртқа жалтақтығы бар азаматты сомдайды. Дәл осы сериал арқылы Берікті халық таниды. Бұл хикаяның халықтан алған алғысы мен құрметі шексіз болды. Осындай фильмнің жетістікке жетуі Беріктің актерлік шеберлегінің арқасы деп те айтуғ болады. Бұдан кейін тағы да 2010 жылы Ақан Сатаевтың қазақ кино тарихында алғаш рет «экшн» жанрында түсірілген «Ликвидатор» фильмінде басты рөлді Айтжановқа тапсырады. Фильмге жасақталған әртістік құрама мықты, өйткені мұнда отандық кино және театр өнерінің қаймақтары жиналған(бір эпизодта есіктен басын қылтитатын ит екеш иттің рөлін де 3 бірдей үміткер таңдалғанына не дерсіз). Бұндай сыннан өте алған актердің, көкжиегі кеңейіп өзіне деген сенімі артатыны белгілі. Жалпы бюджеті 2миллион доллар құраған фильмде Берік Айтжанов, Арсен есімді оққағар жігіттің рөлін атқарады. Арсен өзінің журналист ағасының кісі қолынан өлгендігін сезіп, кек қайтармаққа бел буады.
4,4(71 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ