М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
sharapoid
sharapoid
15.07.2020 03:58 •  Қазақ тiлi

4-тапсырма. Жазылым «Жер байлығы – ел байлығы» тақырыбында жазбаша мәтін құраңыз. Үндестік заңы мен орфографиялық норманы ескеріңіз. 15-20 сөйлем.​

👇
Ответ:
anonim197
anonim197
15.07.2020

Объяснение:

Қасиетті туған жердің тау тасы да ,топырағы да,талға біткен жасыл жапырағы да қымбат маған.Маған қымбат оның өзен көлдері,мені жұпар ауасымен бөлеген таза саф ауа сыйлаған табиғаты.Мен осыншама бағалауға бата алмайтын,құны байлықпен өлшенбейтін жасыл белдерді,асқар тауларды сүйемін.Көңіл көкжиегімді әлдилеген асыл армандарымды туған жермен байланыстырамын.Себебі туған жер ол біздің ой өлшеміміз бойынша күнделікті басып жүрген жеріміз емес,тарихы терең отанымыздың белгісі болуы керек.Туған жер сенің ата-анаңды әлдилеген сенің мақтанышың болуы керек.Тарихтың таразысына көз жүгіртер болсақ туған жердің көтерген салмағы қандай ауыр десеңізші!Тұла бойында талай дүмпулердің болғанына қарамастан жасқа толы көлдері қанға боялғанына қарамастан ұрпақ үшін өмір сүрудің не екенін танытқан туған жер емес пе?!Тарих толқынында адамзат жер үшін соғысқан.Сол кездері майданға толы жердің де жылайтынын кім білген.Жер ана қасиетті туған жер.Ол біздің белгісіз күшіміз.Ол біздің тылсым тарихымыз.

лучший ответ клш)

4,6(21 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
58722001
58722001
15.07.2020
Толағай" - халық аңызы. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы тау атауына байланысты аңызда бұрынғы өткен заманда, үлкен өзен бойында Саржан деген аңшы өмір сүргендігі, жылдар жылжып, күндер өткенде оның әйелі Айсұлу өмірге ұл әкелгендігі, қуанған әкешеше дүбірлетіп той өткізіп, балаға Толағай деген ат қойғандығы айтылады. Ертегі желісіндегідей сюжеттер бой көрсетіп, Толағай ай санап емес, күн санап өседі. Төрт жасында нағыз батырға айналып, жетіге келгенде белдесуге шақ адам табылмайды. Әкесімен бірге аңға шығып, атақты аңшыға айналады. Бірде олардың мекеніне жұт келеді. Жауын жаумай, қуаңшылық болады. Шөлден мал қырылып, адам өледі. Күннің ыстығынан киіз үй- ді паналап, анасымен әңгімелесіп, Толағай одан жаңбырлы жерді сұрайды. Анасы қиыр шетте өткен жастығын еске алып, ешқашан құрғақшылықтыбілмейтін, шөбі шүйгін мекеннің бар екенін айтады, таулары аспан тіреген жер жаннаты Тарбағатай жайлы ұзақ әңгімелейді. Ол көп жүріп шыңдарын қар басқан асқар тауларды тауып алады, оған биік тоғайлы, құстары сайрап, төбесін бұлт жапқан бір ғана тау ұнайды. Ол осы тауды құшағына алып, қатты ырғайды да арқасына салып, кері еліне қарай қайтады. Ол шаршамай ұзақ жүреді. Халық жылжып келе жатқан үлкен тауды көреді. Оны көтеріп келе жатқан Толағай екенін біледі. Найзағайойнап, күн күркіреп, жауын селде- теді. Халық "Толағай" деп ұрандап, қуанышпен қарсы алады. Қуарған шөп көтеріліп, жан-жануар мөңіреп- азынап шулайды. Шаршаған батыр тау астынан шыға алмай "Апа!" деген жалғыз ауыз сөзге ғана шамасы келеді де, мәңгіге тау астында қалады. Бақытты ана айғайлы жылауға басады, халық қайғы жамылып, тау да бұған шыдай алмай көзінен жас бұлақ болып ағады. Содан бері бұл тау "Толағай" деп аталады. Аңызды Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті қазақ әдебиеті кафедрасыныңфольклорлық экспедициясы Тарбағатай өңірінен жазып алған.Қолжазба нұсқасы осы кафедраның арнайы қоры мен Әдебиет және өнер институтының қолжазба жәнемәтінтану бөлімінде сақтаулы.[1]
4,4(16 оценок)
Ответ:
Margaritka1307
Margaritka1307
15.07.2020

Сыйлықты қалай сыйлау керек?

Жалпы, сыйлық сыйлаудың да, сыйлық алудың да өз мәдениеті бар. Сыйлық сыйлау – жақсы қарым – қатынастың, сыйластықтың белгісі. Ендеше, сыйлық сыйлаудың да өзіндік тәртібі бар екен.  

Алдымен сыйлықты анықтап алу керек. Бұл – сыйлық таңдаудың ең негізгі кезеңі десек те болады. Бұл орайда барлығын ескеру керек: сыйлық алушының талғамы, сыйлық ұсынылатын себеп және сыйлыққа жұмсалатын қаражат. Сыйлықтың алушыға ұнауы тікелей осы факторлерге байланысты. Ал егер сіз сыйлық алушының талғамын білмейтін болсаңыз, оның өз ойын сұрау әбестік емес.  

Сыйлықты таңдап, сатып алғаннан кейін оны әдемілеп қаптап, безендіру артық болмас. Ол үшін сыйлықтың түріне қарай қорапша, жылтыр қаптама немесе сыйлық сөмкесін пайдалануға болады.Бұл да сыйлық алушыға ұнайтыны сөзсіз. Бұл сіздің сыйлық таңдаудағы ізденгендігіңізді, сыйлау үшін ұзақ дайындалғаныңызды, соынмен қатар сіздің көзқарасыңызды білдіреді. Сыйлықты ашықтан-ашық бере салу – сыйлық беру әдебіне жатпайды.

Енді ең маңызды кезең – дайындалған сыйлықты тапсыру. Сыйлықты ұсынарда бірнеше сөз айтып, тілек білдірген абзал. Бірақ, бұл сөздер сыйлықтың бағасы жайлы болмауы шарт, ол әдепсіздіктің белгісі саналады.

Ал сіз сыйлықты қалай сыйлайсыз?

4,5(34 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ