Мектеп – менің екінші үйім .Мектеп-білім айдынындағы үлкен кеме. Осы кемеде он бір жыл уақытты әр бала өткізеді. Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттап, он бір жыл бойы білім алып, таудай болып шығамыз. Мектепте балалар тәлім-тәрбие, білім алады. .Мектепке келгеннен кейін достарым көбейді. Адам қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да, өмірдегі ең ұмтылмас сәттер болып мектепте өткізген уақыт қалатын шығар. Мектебімде сыныптар көп және спорт залы, салтанат залы бар. Осы мектепте оқығанымды мақтан етемін.
Отбасы шағын мемлекет" демекші, өз отбасымды, әрине, айрандай ұйыған, тату тәтті, бірлікте өмір сүріп жүрген қарапайым қазақ отбасылардың біріміз. Қара шаңырағымыздың ақылшысы, арқа сүйеріміз – жан әкешім, "Әке- асқар тау, Ана- етегіндегі бұлақ, Бала-жасындағы құрақ" -деп тегін айтылмаған болар. Ата-анасын, аға-сіңлілерін сыйлай білген, жақындарына жақсылық тілеген адам, менің ойымша, болашақта қоғамда да ізгі ниеті арқылы еліне, оның дамуына көп септігін тиетінін күмәнданбаймын. Осының бәрі "Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің... "деген мақалға сай келіп тұр. Яғни отбасында көрген тәлім, жадына тоқыған тәрбиенәң арқасында көкірегі ояу, есті болып өсуіміздің кепілі . "Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет" демекші ,сыйласу арқылы бірлікте өмір сүреміз. Еркелігімізді, аяқ шалынған .қателескен кездергі қателігімізді түсініп кешіре білгендер кезінде ақыл-кеңесін аямайтын, осы дүниенің тек тәтті тұстарын көрсетуден, жақсылыққа итермелеуден жалықпайтын әке шешеміз. Бірін-бірі демеп, сүйеу бола біліп, өмір бойы ынтымағы жарасқан отбасы қатарынан қалмаудан үміттенемін. Мен өз отбасымды мақтан тұтамын.
Жаяу жүргіншіге арналған 7 кеңес
1.жаяу жүргіншілерге арналған«зебра»жолағымен ғана жолдан өту керек.
2.Жолдан өту үшін,жүргізуші сені байқап,тоқтағынына көзіңді жеткіз.ЖОЛҒА ЖҮГІРІП ШЫҚПА!
3.Жолға жақындағанда,жаң-жағына қара:
Бірінші-СОЛҒА,орта жолға келгенде ОҢҒА көз сал.
4.Жол жиегімен емес,тротуармен жүр.
5.Жол бойында немесе тротуарда ойнама.
6.Ата-анаң қасында болмаса,басқа жаяу жүргіншілермен бірге өт.
7.Бағдаршамның ЖАСЫЛ ТҮСІНЕ ҒАНА ӨТУ КЕРЕК,қызыл түс жанғанда жолды кесіп өтуге болмайды,тіпті машиналар көрінбесе де!
Объяснение: