2. Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында. Асар жасау - қазақ халқының көне салт-дәстүрлерінің бірі. Бұл –
көпшіліктің көмегін пайдалану дәстүрі. Бұл салт бойынша ауыр
жұмыстарды атқару үшін адамдар бір-бірін көмекке шақырады. Мысалы:
үй салу, той жасау, ас беру т.б. Асарға келгендер еңбегі үшін ақы алмайды.
Үй иесі оларға арнап ас әзірлеп, дастарқан жаяды.
Асар – адамдардың арасындағы өзара көмектің бір түрі. Ол
халқымыздың бірлігін, қайырымдылығы мен ұйымшылдығын танытады.
Роботтар адамдарды алмастырады.
Роботтар 21 - ғасырдың ең бірінші ерекшеліктерінің біреуі. Қазіргі уақытта роботтар барлық салаға еніп кеткен. Жұмыстың роботтандырылуы көптеген адамдардың жұмыссыз қалуына себеп болуда. Ең қарапапйым мысал ол телефон кітапшасы. Осыдан 10-15 жыл бұрын арнайы телефон анықтамалары бар еді. Ол анықтамаларда барлық телефон нөмірлері тіркелеген болады. Сол кітапша арқылы телефон номер іздейтін едік. Ал қазір ол кітапшаға да оны жасайтын адамдарға қажет жоқ болып кетті. Себебі оның бәрі ұялы телефонда бар.
Роботтардың бір артықшылығы олар шаршамайды және қателеспейді. Сол үшін біз санауда калькулятор қолданамыз, себебі ол қателеспейді. Калькулятор да роботтың бір түрі.