Абылай ханның сыртқы саясаты.
Абылайдың сыртқы саясаты да икемділігімен және ымыршылдығымен сипатталды. Оның Россия мен Қытай сияқты күшті мемлекеттермен қатынастарының Орта Азия мемлекеттерімен қатынастарынан едәуір айырмашылығы болды. Отаршыл империялардың күш-қуатын өте жақсы ұғынған хан, бір жағынан Россия протекторатын танудан бас тартпай, екінші жағынан өз иеліктеріңде екі державаның да ықпалы күшеюіне жол бермей, олармен қатынастарда барынша икемділіккөрсетуге тырысты. Бір жағынан, Абылай Қытайдың өкімет орындарын өзінің адалдығына үнемі иландырып отырды, екінші жағынан, ол мәселені «Россия сарайына әлдеқайда ынталықпен…, ал Қытай ханымен хат жазуды бір нәрсе үшін, оған бағынышты қырғыз-қайсақтарға Қытайлардың реніш көрсетіп, қысым жасамауы үшін жалғастырып» отырған сияқты етіп көрсетті. Хан өз иеліктерін агресияшыл көршілерінен осылайша қауіпсіздендіріп қана қоймай, жекелеген пайда келтіруге де тырысты. Мәселен, 1772 жылы ол Россиядан өзінің сыртқы және ішкі жауларына қарсы күресу үшін тағы да әскер сұрады. Шынына келгенде, Абылайдың адалдығына күмәнді Россия да, Қытай да оған әскер бөлуден бас тартты. Россияның өкімет орындары Абылай ханды өзінің ықпал өрісінде ұстауға ұмтылды, сондықтан да 1777 жылы хан жазбаша өтініш жасаған жағдайда оның хан атағын тануға әзір екенін ресми түрде хабарлады. Мұндай дипломатиялық қадам өзінің сыртқы саяси аренадағы беделін нығайта түсетіннің түсінген Абылай Петербургке өзінің баласы Тоғым бастаған елшілік жіберді. 1778 жылы ғана II Екатерина оны хан деп және Орта жүздің ханы деп бекіту туралы грамотаға қол қойып, оның Кіші жүз бен Ұлы жүзге биліг танығысы келмеді. Бұған ызаланған Абылай Орынборда Троицкіде, тіпті Петронпавлда да ант беруден бас тартты. Ол 70-жылдардың аяғына қарай Абылай Россиямен қандай да болмасын қатынастарының бәрін мүлде үзді. Абылайдың оңтүстіктегі көршілерімен қатынастары басқаша болды. Оның күш салуы арқасында қайтадан қазақ аймағына айналған Жетісуда қырғыздармен қақтығыстары жалғаса берді және Абылай оларға қарсы ара– ура жорықтар жасап тұрды. 1774 және 1779 жылдырдағы жорықтар қырғыз руларының бір бөлігінің қазақ хандығына бағынуына жеткізді. Ташкентпен және Ходжентпен соғыста Сайрам, Шымкент, Созақ, Ташкент қазақтарға қайтарылды. Сонымен Абылай ханныңXVIII ғасырдың 70 жылдарындағы сыртқы саяси қызметі қазақ мемлекетінің бірлігін уақытша қалпына келтіруге, оның халықаралық аренадағы жағдайының нығайюына жеткізді. Абылайға дейін де, одан кейін бірде-бір қазақ ханының мұндай шексіз билігі болған емес. Бұл ең алдымен оның билігінің сөзсіз құдыреттілік сипатына байланысты еді. Көреген саясатшы және шебер дипломат Абылай өзіне ергендердің сүйіспеншілігіне және қарсыластарының құрметіне лайық бола білді. Бұған ханның жеке қасиеттері де едәуір дережеде себепші болды. Абылай мұсылманша жақсы сауатты болды, оқып, жаза білді. Ол сирек кездесетін саясатшы, қолбасшысы және дипломат болды. Дегенме де, ол тарих көшінөзгерте де, көшпелі өркениеттің бұрынғы күш – қуатын қайтадан келтіре де алмады. Ол қайта түлеткен біртұтас Қазақ хандығы ханның өзі қанша өмір сүрсе, сонша өмір сүрді. 1781 жылы шамамен 70 жасында Абылай Ташкенттен Түркестанға келе жатқанда дүние салып, Қожа Ахмет Иасауи кесенесіне жерленді.
Жауабы :
1)Өздік етісті табыңыз
Асыл өзі киінді
2)Бұрынғы өткен шақта түрған сөзді көрсетіңіз:
Танысқан екен
3)Етістіктің мақсатты келер шақ түрін көрсетіңіз:
Ызаландырмақ
4)Етістіктің нақ осы шақ түрін көрсетіңіз:
Бара жатыр
5)Бұйрық райдың 3-ші жағын табыңыз:
Жетсін
6)Осы шақтағы етістікті табыңыз:
Көптеген жаңа бұйымдар өндірілуде.
7)Баяндауыш қызметіндегі етістікті табыңыз:
Олжабек ойланып қалды
8)Тұйық етістікті табыңыз:
Жуу
9)Үстеу дегеніміз не?
Қимылдың мезгілін, белгісін, себебін мақсатын білдіреді.
10)Мезгіл үстеуін көрсетіңіз:
Бүрсігүні аттанды
11)Мекен үстеуді көрсетіңіз:
Алға қадам басты;
12)Мақсат үстеуін табыңыз:
Жорта, әдейі.
13)Өкіну мәнін білдіретін одағай қайсысы/
Әттең
14)Одағайды табыңыз:
Алақай, уһ
15)Ұлттық байлыққа нелер жатады:
Тарихи ескерткіштер, табиғи байлық, мәдени мұра.
16)Теңге соңғы рет қай жылы шықты?
1993 ж
17)Алтыннан да қымбат не?
Уақыт
18)Антоним қатысқан сөйлемді көрсетіңіз:
Жақсылық пен жамандық – болды егіз.
19)Көп нүкте орындарына қажетті қосымшалар қойыңыз. Нарық...экономика...жетектей...күш-бәсекелес...
-тық,-ға,-тін,-тік
20)Экономикамен байланысты мақалды табыңыз:
Ақша кетуге тырысады, есеп ұстауға тырысады.
21)Жалпы зат есімді белгілеңіз:
Адам.
22)Ілік септігінде тұрған зат есімді табыңыз:
Мектептің
23)Етістіктен болған сын есімді көрсетіңіз:
Шашыраңқы
24)Туынды сын есімнен жасалған бастауышты табыңыз:
Өнерлі өрге жүзер
25)Сапалық сын есімнің анықтамасын көрсетіңіз:
Негізгі сын есімнің өзінен болып, заттың сынын анықтайтын сын есім.
26)«Характеристика» сөзінің аудармасы көрсетіңіз:
Мінездеме
27)Бірге жазылатын сөзді көрсетіңіз:
Көк (құтан), көк (жиек).
28)1845 жылы қазіргі Семей облысының территориясында дүниеге келген қазақ поэзиясының классигі кім?
Абай
29)Ілік септігінде тұрған зат есімді табыңыз:
Мектептің
30)Топтау сан есімін көрсетіңіз:
Жүз-жүзден;
31)Сұраулы сөйлемді көрсетіңіз:
Сен де келесің бе?
32)Ілік септігі мен тәуелдік жалғауды табыныз:
Колхоздың малы;
33)Мына сөздердің ішінен синонимдерді табыныз
Ақылды, ғұлама, кемеңгер;
34)Тайға таңба басқандай деген тұрақты сөз тіркесінің мағынасын табыңыз:
Анық
35)Тәуелдік жалғауынан соң жалғанып тұрған табыс жалғауын табыңыз:
Әкесін
36)Зиялы сөзінің антонимін табыңыз:
Надан
37)Бұйрықты сөйлемді көрсетіңіз:
Осы жағдай сенің әр уақытта есіңде болсын.
38)Синоним сөздердің тізбегін табыңыз:
Ар, ұят, ождан;
Қарғалы тәтісі - Жетісуды мекендеген ежелгі тайпалардың зергерлік бұйымы. Олар моншақтар,әшекейлер,киім әшекейлерін жасаған.Әр-түрлі асыл тастарды ойлап тапқан.Ыдыстар шығарған.Олар көбінесе қыш,ағаш,теріден жасалған ыдыстарды қолданған.
Ежелгі үйсіндердің қолонершілері шеберлігінің айғагы болумен бірге, ол қазақ халқының қолданбалы онерінің тамаша үлгісі болып табылады.
Ғаламат шеберлікпен салынған бұл өрнектерден сол заман өнерінің жетістігін ғана емес, адамдардың пәлсапалық талғамын да тануға болады.
Барлық мүсіндердің соншалықты шеберлікпен әсем какышталып жасалғаны таңдай қақтырады. Олардың жасаған бұйымдарының барлығы Қазақстанның Орталық мемлекеттік музейінде сақталуда.