Отырар қаласы.
Отырар (Тұрарбанд, Тұрар, Тарбанд, Фараб) – ортағасырлық қала орны. Түркістан облысы Отырар ауданының Темір темір жол стансасынан солтүстік-батысқа қарай 7 км жерде орналасқан. Отырар 8 ғасырдың басынан Тарбанд (Трабан) деген атаумен белгілі. Бұл атау Күлтегін және Білге қаған құрметіне арналған көне түркі жазбаларда кездеседі. 8 ғ-дағы араб географы Якут “Тарбанд, Тұрар, Тұрарбанд пен Отырар – бір қала” деп жазады. Араб тарихшысы Табаридің Отырар патшасын әл-Мамун халифтың жауларының бірі деп атағанына қарағанда, Отырар 9 ғ-дың өзінде-ақ ірі қала болған. 10 ғ. жазбаларында Кедер деген орталық қаласы бар Фараб аймағы аталады. Ал Фараб Кедерден көне қала екені әл-Мақдисидің (10 ғ-дың аяғы) еңбегінде жазылған. Оның айтуынша, бас қала аймақ есімімен Фараб аталған. 10 ғ-дан кейін Кедер тарихи және географиялық жазбаларда аталмайды, оның орнына астана да, аймақ та Фараб делінген. Отырар 5 – 15 ғ-ларда Арал бойындағы көшпелі тайпалармен сауда жасайтын Иран мен Орта Азиядан Сібірге, Моңғолияға және Қытайға қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болды. Кейбір зерттеушілердің пікірінше, қалада сол кезде әлемдегі аса ірі кітапхана және көптеген мешіт-медреселер болған.
Қазіргі уақытта Отырар – бесбұрыш тәріздес төбе. Өлшемдері: оңт. жағы – 380 м, оңт.-батысы – 145 м, батысы – 400 м, солт.-шығысы – 380 м және шығысы – 350 м. Төбенің ең биік жері іргесінен 18 м. Жалпы аумағы 200 га. Қала дуалмен қоршалған. Оның солт.-шығыс және шығыс жақтағы құрылыстары жақсы сақталған. Негізгі төбені айналдыра қазған орлардың орны бар. Қаланың үш қақпасы болған. Орт. қақпа оңт. жағына орналасқан. Археологиялық қазба жұмыстары қала орнындағы мәдени қабаттарды анықтап, олардың қай уақытта болғанын, құрылыс орындарын кезеңге бөліп, талдау жасауға мүмкіндік берді. Қаланың мәдени қабаты 16 м. Ол 7 мәдени қабаттан тұрады.
1 Бұл үзіндіде баланың санын көбейтпей, малдың санын көбейткен заман. Тоқталсақ қазіргі заманда аналарымызды бала тауып үйде отырғанша, ақша тауып жұмыс істегенім жақсы дейді.
2 Еділдің бойы- қанды қиян, жайлықтың бойы- майлы қиян. Ол отарлаушылардың алдында көсе-көлденең жатқан 2 өзеңді жайлаған 2 мекнді жауды жақындатпай қалқан көреді.
3. Біздің көне ата бабамыздан қалған құнарлы әрі байтақ жерімізді тапталғаны, оны орыстар тартып адам тұрмысы нашарлай бастайды.4 Менің түсінгенім бойынша Қазақтар Орыстардын тереториясында болған орыстар қазақтарды әр ең бектерін тартып алатынх малдарын егіншілігін және жерін тартып алатын ол кезде заң өте қатал болатын қазақтар сол үшін өз деріне жеке мемлекет құрмақшы болды сонсын көтеріліс шықан сонын біз өзіміз қазақ деген мемлекетімізді құрдық. менің ойым сол одан басқа жоқ.