
Менің ортамның құндылықтар әлемі.
Құндылық дегеніміз - байлық. Өмірімізде баға жетпес құндылықтар жетерлік: денсаулық, уақыт, адам бойындағы адамгершілік қасиеттер т.б.
Ал менің ортамның құндылықтар әлеміне келер болсақ, мен үшін адам бойындағы адамгершілік қасиеттер өте маңызды және менің қасымдағы достарымның да менімен көзқарасы бірдей деп ойлаймын, себебі дос адамдар көп нәрсеге бірдей қарап, арман - тілектері де бірдей болады.
Ұлттық тәлім - тәрбиемізде, салт - дәстүрімізде жас ұрпақтың бойына адамгершілік, кішіпейілділік, ізгілік сияқты асыл қасиеттерді сіңіруге аса көңіл береді. Әрбір отбасында ата - әжелеріміз, ата - анамыз бен аға - апаларымыз үлгілі тәрбие беріп, өнеге көрсетіп отырады.
Мен үшін адамгершіліктің маңызды болуы, менің ойымша, адамгершілік - рухани тәрбиенің бастауы. Ұлттық дүниетанымымызда мінез-кұлықтың әр түрлі жағымды жақтары осы ұғымнан таратылады. Мінез-құлық пен іс-әрекеттерде көзге түсетін төмендегідей адамгершілік белгілерін атап өтуге болады: адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар-ұятты сақтау, имандылық пен рахымдылық, ізеттілік пен кішіпейілділік, әділдік, қанағатшылдық және т.б.
Мен және менің ортамдағы адамдар үлкендерге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, әдепті әрі ибалы болуға тырысамыз. Ата - анамызды жерге қаратпай, керісінше бізбен мақтана алатындай болса деп қалаймыз.
Алексей:кәрі, ақ сақалды,көзілдірікті,көк киімді ата
Мұрат:мұртты орта жасты, ақ көйлекті, қоңыр шашты ағай
Дина:сары шашты, қызыл киімді, ұзын шашты, жас қыз бала.
Кәусар: қара шашты, қара көзді, сары киімді,әдемі, жас қыз бала
Арман: көк киімді, қара шашты, сымбатты, жас қоңыр көзді ер бала
Қуаныш: қызыл киімді,қоңыр шашты,жас ер бала
Жарас:жасыл киімді, қоңыр шашты, сымбатты, жас ер бала