Қазақ елі Тәуелсіздігін алғаннан бері қуатты мемлекет ретінде қалыптасып, әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналу жолында талай белестерді бағындырды, тамыры тереңде жатқан төл тарихымыздың жаңа беттері ашылды. Осы қысқа ғана уақыт ішінде экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс-шаралардың өтуіне ұйытқы бола білдік. Жаһандық мәселелер талқыға түскен кешегі ЕҚЫҰ-ның саммиті, Астана экономикалық форумы, Инвестициялық форум, Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы жас мемлекетіміздің мерейін үстем етіп, абыройын асқақтатты. Ең бастысы, даму бағытын айқындап берді. Осындай көшелі істердің жалғасы ретінде Қазақстан былтырдан бері 166 жылдық тарихы бар EXPO-2017 көрмесін өткізу құқығы үшін күресіп келеді.
Байкал — Шығыс Сібірдің оңтүстігіндегі тұщы көл. Теңіз деңгейінен 456 м биіктіктегі тауаралық тектоникты ойыста орналасқан. Дүние жүзіндегі аса ірі көлдің қатарына жатады.Көлде 27 арал бар, ең үлкені—Ольхон (730 км²). Көлге 336 өзен құяды. Олардың ірілері: Селенга, Баргузин, Жоғ. Ангара, Турка, т.б.Ең биік су деңгейі тамыз — қыркүйек, ал ең төмен деңгейі наурыз — сәуір айларында байқалады. Судың беткі қабатының температурасы тамыз айында 9 — 12ӘС-қа дейін көтеріледі. Желтоқсанның соңы мен қаңтардың басында суы қатады, мамырда мұзы ериді.Көл төңірегінде туризм жақсы дамыған. Байкалдың солтүстік-шығыс бөлігі Баргузин қорығының құрамына енеді