Қорапшаларға 234 фломастер тең бөлініп салынды. Егер әр қорапшаға 5 фломастерден артық салса, қорапша саны 5-ке азаяды. Бір қорапшаға неше фломастер салынған?
Атасы – Жұмабай қажы. Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам болған. Анасының есімі – Гүлсім. Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905 – 1910 жылдары Қызылжардағы (Петропавл) №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М.Бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды. Медреседе Бегишевтен Шығыс халықтарының тарихынан дәріс алды, қазақ, татар әдебиеттерін, Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Омар Һайям, Низами, Науаи секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді.
Баспадан 1909 жылы шыққан Абай өлеңдерін оқып, “Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға” деген өлең жазды. 1910 – 1913жылдары Уфа қаласындағы “Ғалия” медресесінде білім алды. Онда татар жазушысы Ғ.Ибрагимовтен дәріс алып, белгілі қайраткер С.Жантөринмен тығыз қарым-қатынас орнатады, болашақ көрнекті жазушы Б.Майлинмен танысады.
Ибрагимовтің көмегімен 1912 жылы Қазан қаласындағы Кәрімовтер ба Шолпан” атты тұңғыш өлеңдер жинағы басылып шығады. “Садақ” журналын шығаруға қатысады, оған өзінің өлеңдерін жариялайды. 1913 – 1916 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында оқыды.
“Бірлік” ұйымы жұмысына белсене араласып, “Балапан” қолжазба журналын шығаруға қатысады. Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы секілді алаш қайраткерлерімен байланыс орнатып, Қазақ газетіне өз өлеңдерін жариялайды.
1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін қалыптасқан саяси жағдайға сай қоғамдық өмірге белсене араласып, Ақмола облыстық қазақ съезін өткізуді ұйымдастырушылардың қатарында болды. Осы жылы сәуірде Ақмола облысы қазақ комитеті құрамына сайланды. Мәскеу қаласында өткен Бүкілресейлік мұсылман съезіне қатысты. Бірінші жалпықазақ съезінің шешімі бойынша Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды.
“Алаш” партиясының Ақмола облысының комитетінің мүшесі болды. “Үш жүз” партиясы өкілдерінің жалған айыптауымен бір айға жуық абақтыға отырып шықты. Екінші жалпықазақ съезіне делегат ретінде қатысып, онда оқу мәселесі бойынша құрылған комиссияға төрағалық етті.Мағжан Жұмабай (Әбілмағжан) Бекенұлы (25 маусым 1893, Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасы – 19 наурыз 1938, Алматы) – Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы өкілі.
Әттерде осынау ұлы даланы тербеткен Отанымызды табиғаттың қалайша аялайтынын көргенде еріксіз таң қаласың...Ата жұртымыздың табиғат байлығы мен орналасқан жағырапиялық өңірлері қандай ғажап.Әсіресе, еліміздің жағырапиялық артықшылықтары Қазақстанға өз жерінен а ң ғарышқа ұшуына жол ашты.Содан бергі 60 жылдың өрістерінде «Байқоңыр» сөзі барша ғаламшар тұрғындарының жердегі өркениеттің жұлдызды әлемді игерудегі жемісті қадамдарының құтты ұғымына айналды. Ал,енді табиғат таңғажайыптарына келер болсақ,ол үшін қазақ жеріне бір мәрте ғана аяқ бассаңыз, немесе осынау ұлы даламыздың үстімен ұшақ мініп көктей өтсеңіз де жеткілікті.Сонда,Қазақ жерінің нағыз Жерұйық екеніне көзіңіз жетеді. Айтары жоқ,өз тәуелсіздігін алғалы бері әлем елдерін қоғамындағы тұрақтылығы және толеранттылығымен,һәм,меймандарына деген дәстүрлі қонақжайлылығымен ғана емес, бұларға қоса,барша жұмыр жер өркениетіне ықпал еткен қайталанбас мәдениеті мен тағылымды тарихы арқылы да таңдандырып келе жатқан Қазақстанға сүйсінбеске лажыңыз жоқ. Бұл ретте, Есік қорғанынан табылған Алтын Адам, Алтайдағы алтын аттар қорымы мен Астанаға таяу жерден ашылған энеолит дәуірінің Ботай қонысы секілді әлемдік деңгейдегі археологиялық жаңалықтарды айтсақ та жетеді.Әсіресе, осы күндергі баршаға әйгілі тұлпарлардың жеті мың жылдық арғы тегі болған Ботай қонысындағы ертедегі қолға үйретілген жылқылар сыры қандай ғаламат.Тіпті, Алмалы шатқалында өсетін жабайы қызыл алманың тап осы күндері әлемнің барша халықтары тамсана дәмін тататын алма атаулының арғы генетикалық атасы болғаны ше.Бірақ,, ұлы даламыздың ғажайыптары бұлармен бітпейді.Қазақ жерінде табиғаттың тағы да бір кереметі-атақты голланд жауһазындарына ататек тұқым болған жабайы қызғалдақтар жайқалуда..Әлемнің жетекші биологтары мен гүл өсірушілері жер бетіндегі осынау алау гүлдердің ата жұрты-Қазақстан екенін дәлелдеп отыр. Сондығынан да,даласының төсінде оттай жанған жабайы қызғалдақтары жайқалған қазақ жеріне саяхатқа шығудың тағы да бір себебі табылды... Айтары жоқ,жабайы қызғалдақ көктемгі даланың көркін ерекше ашар сұлулық.Әсіресе,жазиралар төсінің сәуірдегі гүлденуі жаныңды желпіп,қуанышқа бөлейді.Нарттай жанған жауһазынды атыраптан көз алмаған сәттердің әсерлілігі соншалық,адам бейне ертегі әлеміне еніп кеткендей болады.Күні кеше ғана,құлазып жатқан өңір мына көктемде табиғат таңғажайыбы- бәйшешекке тола,тербеліп тұр... Баршаға мәлім,қызғалдақ өзге гүлдердей иісін бірден шашпайды.Оның жаныңды жадыратар жұпары әуеге жайлап қана тарайды.Ол-шаттық жұпары!Адам көңіліне ауадай керек қуаныш.Әдетте,сайын далада қызғалдақ шешек жарғанда, аспан асты құстарға толады.Мүмкін,қызғалдақтың бірден сезілмес жұпарын алдымен қанаттылар аңғаратын болар.Осы бір мезгілде құстар үніне құлақ түріңізші.Үндерді қандай жарқын...Мінеки,дала қызғалдағының бір құдіреті..