М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Диля222222222
Диля222222222
01.11.2020 17:24 •  Қазақ тiлi

Оқылым Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Күй – қазақ халқының ұлттық өнері, олар қуаныш пен қайғыны күй арқылы жеткізген. Күй – қазақ халқының ең басты рухани байлығы. Күйді қазақтың екінші тілі десе де болады. Күй – махаббат, азаттықтың, еркіндіктің жаршысы.

Құрманғазы Сағырбайұлы – күй атасы, қазақтың күйші, композиторы, домбырашы, халықтың аспаптық күй өнерінің классигі. Ол Орал облысында туған. Құрманғазының алғашқы ұстазы – Ұзақ болған. Ұзақпен бірге ел аралап, домбырашылық өнерін жетілдірген, өнер сайысына түскен. Құрманғазының алғашқы күйлерінің бірі – «Кішкентай». Одан кейін «Ақ бай», «Ақсақ киік», «Көбік шашқан», «Адай», т. Б. Күйлерін шығарған.

Күй анасы – Дина. Атақты күйші, композитор Дина Нүрпейісова да Орал облысы, Бекетай құмында, қарапайым шаруаның отбасында туған. Әкесі Кенже Динаны бала кезінен еркін өсірген. Ол 7-8 жасында қолына домбыра ұстайды. Тоғыз жасында ұстазы Құрманғазымен танысады. Дина өз заманының белгілі күйшілерімен кездеседі. Олар: Ұзақ, Түркеш, Көкбала және т. Б. Осы күйшілердің шығармаларымен танысады. 1888 жылы Құрманғазы Динаға: «Менің күйлерімді кейінгі ұрпаққа жеткіз», - деп өз домбырасын ұсынған. Дина ұстазының өсиетін орындады. Динаның кең тараған күйлері: «Әсем қоңыр», «Той бастар», «Жеңіс», «Ана бұйрығы», «Бұлбұл», т. Б. (167 сөз)

4. Мәтін бойынша мәліметтерді толықтырыңыз.

Құрманғазының күйлері

[1]

5. Мәтіннен келесі сөздердің синонимдерін анықтаңыз. Қазына, аманат, дүниеге келген.

[3]

Жазылым

Берілген тақырыптың біріне аргументативті эссе жазыңыз. 60-70 cөз.

1) «Төрт түлік малдың пайдасы».

2) «Наурыз – шығыс халықтарының ұлы мейрамы».

[5]

👇
Ответ:
den536
den536
01.11.2020

Құрманғазының алғашқы күйлерінің бірі – "Кішкентай "

«Төрт түлік малдың пайдасы».

Төрт түлік малдың пайдасы мен қасиеттері қазақ дәстүрінде өте жақсы және тиімді сипатталған. Қазақтар төрт түлік малға түйе, жылқы, қой мен сиырды жатқызады. Төрт түлік мал қазақ ауыз әдебиетінде жиі қолданылады және оларға арналған мыңдаған туындылар жазылған. Адамдар төрт түлік малды өте қасиет тұтқандықтан, олардың әрқайсысына ойсылқара, қамбар ата, жылқышы ата, зеңгі баба деп ат берген. Әсіресе, халық түйені байлық, көлік және азық ретінде аса қадірлеген. Төрт түлік малға арналған көптеген мақал-мәтелдер халық арасында өте жақсы таралған.

4,8(90 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
lera1066
lera1066
01.11.2020
Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер[1], либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.[2]

Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.[3]

Қысқаша шолу

Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан билер әулетінен. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы өз заманындағы атақ даңқы алысқа кеткен адамдардың бірі болған. Патша өкіметі XIX ғасырдың ортасындағы бір сайлауда оны Қарқаралы ауданының аға сұлтандығына бекіткен. Шешесі Ұлжан Орта жүздің Арғын тайпасынан Қаракесек руының шешендікпен, тапқырлық, әзіл әжуамен аты шыққан шаншарлардың қызы «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді.

Осындай текті ортадан шыққан Құнанбай мен Ұлжаннан туған төрт ұлдың бірі Абай жастайынан ақ ерекше қабілетімен, ақылдылығымен көзге түседі. Балаға сыншы әкесі осы баласынан қатты үміт етеді. Әкесі оның зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді.Медреседе төрт жыл оқығаннан кейін, оқудан шығарып алып, қасында ұстап, ел басқару ісіне баули бастайды. Әкесінің төңірегінде ел жақсыларымен араласып, өз халқының рухани мәдениет жүйелерімен жете танысады. Өзі билер үлгісінде шешен сөйлеуге төселеді. Ұтымды сөзімен, әділ билігімен елге танылып, аты шығады. Көп ұзамай, жетпісінші жылдардың бас кезінде Қоңыр Көкше дейтін елге болыс болады. Билікке араласып, біраз тәжірибе жинақтағаннан кейін ол халық тұрмысындағы көлеңкелі жақтарға сәуле түсіруге күш салып бағады. Бірақ онысынан пәлендей көңіл тоятындай нәтиже шығара алмайды. Сондықтан халқына пайдалы деп тапқан істерін көркем сөзбен, әсіресе, өлеңмен насихаттамақ болады. Абай бір жағынан шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми тағы басқаларды оқыса, екінші жағынан А. С. Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, Н.А. Некрасов, М.Ю. , Л.Н. Толстой, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевский, И.С. Тургенев, Н.Г. Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс болған, Батыс әдебиетінен Гете, Джордж Байрон сияқты ақындарды оқып, Дрепер, Спиноза, Спенсер, Льюис, Дарвин сынды ғалымдардың еңбектерін зерттейді.[4]
4,4(83 оценок)
Ответ:
milasuraeva
milasuraeva
01.11.2020

Барлық адамдар экологияны сақтай алады, барлығы нл-ны қаламайды. Көптеген адамдар бір нәрсе жасауға тым жалқау, мысалы, қоқысқа барып, қоқысты тастаңыз, бірақ жоқ біреу оны қоқыстың жанына тастайды,ал тағы бірнеше қадам жасау қиын. Таза ауа болу үшін көптеген зауыттар атмосфераға, лас ауаға түспеуі үшін сүзгілерді қоюы керек. Әрине, мұндай сүзгілер қымбат болады, бірақ біз табиғатты сақтаймыз. Бұл су таза ма : жоқ қалдықтар тастауға, суды үнемдеуге, қорғауға, теңіз, мұхиттар. Мұның бәрін жасау өте оңай, бірақ біздің экологиямызды сақтап қалғысы келетіндер емес. Егер барлық адамдар бір девераны отырғызса, суды үнемдесе, табиғатқа көмектессе, онда біз бәрі жақсы болатын әдемі әлемде өмір сүрер едік!

4,7(75 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ