Мұғалім: - Саламатсыздар ма, оқушылар?
Оқушылар: - Саламатсыз ба,ағай?
Мұғалім: - Сынып,түзел,тік тұр!Бүгін біз футбол ойынын ойнайтын боламыз.
Оқушылар: - Алақай!
Мұғалім: - Алдымен футбол деген не,тарихын,ережелерін қысқаша түсіндіріп өтейін.Арасында сұрақ қоям,дайын болыңдар.
Оқушылар:- Ия!
Мұғалім: - Футбол - спорттың ең танымал командалық ойын түрі.Ағылшын тілінен аударғанда қандай мағына береді?
Оқушы: - Аяқ және доп деген мағына береді.
Мұғалім: - Дұрыс.Ойын тарихы ХІІ ғасырдан басталады.Ең алғаш Англияда дамыған еді.Сұрақ:әр командада максималды неше ойыншы?
Оқушы: - 11 ойыншы,оның біреуі - қақпашы.
Мұғалім: - Дұрыс.Қақпашыдан басқа қорғаушылар, жартылай қорғаушылар,шабуылшылар бар.Бір ойынның аты - матч.Ойынның мақсаты неде?
Оқушы: - Мен айтайыншы!Ойын мақсаты - команданың допты қарсылас команданың қақпасына салу (гол) және өз қақпасына салғызбау. Матчта көбірек доп салған команда ұтады.
Мұғалім: - Өте дұрыс.Ендеше бір,екіге саналып,командаға бөлінейік.
Объяснение:
1.Еуропа қалаларында көптеген адамдар велосипедпен жүреді, өйткені олар
велосипедтің жанар-жағармайды үнемдейтінін және қоршаған ортаның ластануын
азайтатынын біледі. Соған қарамастан, елімізде қала орталығында велосипедпен жүруге
тыйым салу туралы шешім шығарды. Ал мен бұл шешіммен толық келісемін. Осы тұрғыдан
өз көзқарасымды түсіндіріп өтсем... (өтейін, кетейін)
Менің ойымша, бұл шешім дұрыс. Біріншіден, біздің жолдарымыз Еуропадағыдай
велосипедпен жүруге арналмаған, олар тым тар және велосипедтерге арналған арнайы жол
жоқ. Сонымен қатар, велосипедтер бізге жол қауіпсіздігі жағдайында көмектеспейді, тіпті,кейде велосипед айдаушылар жиі жол қозғалысы ережесін бұзады және қайғылы жағдайға
душар етеді. Тағы да айта кетер жайт, еліміздің солтүстік өңірінің ауа райы велосипед
жүрісіне қолайлы емес. Қыста жолдарда мұз қатады, күзгі және көктемгі жолдар жауынды,
сондықтан велосипед қозғалысына қиындық тудырады.
Екіншіден, кей адамдар велосипедпен жүру біздің денсаулығымызға пайдалы деп
жатады. Алайда, мен бұл пікірге толықтай келісе алмаймын, себебі көптеген жол
апаттарында велосипед айдаушылар жарақат алып жатады. Кей адамдар велосипед айдау
экологиямызға пайдалы деп қарсыласуы мүмкін. Бірақ сіз тезірек жүретін әрі жайлы көлік
түрі – автомобильге де арнайы тазарту құралын орната аласыз ғой.
Қорыта келе, бұл мәселеге түрлі пайым-көзқарастар бар. Меніңше, жолда арнайы
велосипед жүру жолы болмаған жағдайда қала орталығында велосипед айдауға тыйым
салынуы керек. Менің пікірімше, велосипед ауыл арасы сияқты қысқа жолдарда жүретін
көлік түрі болып табылады.