1-тапсырма Мәтінді оқыңыз.
1-мәтін
Көзін ауылға келгесін екі күннен соң ашты. Жұрт асырауға көнеді десті. Кішкене Құрмаш Көксерек деп ат
қойды. Өзіне жеке асқұйғыш - итаяқ әзір болды. Бауырын көтеріп, тырбанып жүруге айналған соң,
мойнына жіп тағылды. Үй ішінен шықпайды. Түнде Құрмаш қасына алып жатады. Сол үшін кәрі әжесінің
қойнынан да шығып кетті. Қасында не аяқ жағында, көрпенің астында Көксерек жатады.
Жаз ортасына жақындаған кез болды. Көксерек үлкейді, бірақ ауылдағы күшіктерден сонша үлкен емес.
Осы уақытқа дейін Көксерек ауыл итінен көресіні көрді. Бірде-бір ит мұны дос көрмейді, маңына
жақындатпайды. Қасқырға шабатын батыл төбеттер бұны талап та тастайды.
Жаз ортасы ауған кезде Көксерек көк шолақ қасқыр болып шықты. Енді қара ала төбет те талай алмайды.
Жота жүні үрпиіп, көздері жасылданып, бар тістерін көрсетіп, аузын ақситып ашып жіберіп, тап бергенде
талай бұралқы төбет шәуілдей қашатын болды. Мынадай кезде Құрмаштың өзі де қорқатын.
2-мәтін
Қасқыр - еркіндікті жақсы көретін аң. Оны қолға үйрету өте қиын. Қасқыр қақтығыстан қайтпайды. Не
жеңеді, не өледі. Әйтеуір аяғына дейін жеткізеді. Ол тек қана балғын, жаңа етпен қоректенеді және өзінің
маңдай терімен ұстаған олжасын ғана жейді.
Қасқырлардың тағы бір ерекшелігі аталық пен аналық қасқырлар жұптарын жазбай өмір сүреді. Бір-бірін
ешқашан алмастырмайды. Оларды тек қана өлім ғана ажырата алады. Бала тәрбиесіне екі жақ та
атсалысады. Бір-біріне деген адалдығы – қасқырлардың басты ерекшелігі. Аналық қасқыр ұйықтап
жатқанда, еркек қасқыр күзетіп тұрады.
Бұл жыртқыш аң бостандықты қалайды. Қақпанға түскен қасқыр аяғын тіспен кесіп, ары қарай жолын
жалғастыра береді. Егер аңшылар қақпанға түскен қасқырды тез арада қолға түсірмесе, онда әлгі
қасқырдың серіктестері оны жеп кетуі мүмкін. Себебі қасқырлар өзінің тобындағы ең әлсіз, ауру
қасқырларды азық ретінде жеп қояды.
Екі мәтіннің ерекшелігін жазыңыз. Ортақ мәселені анықтаңыз, салыстырыңыз
Мәтін мазмұнында не туралы айтылады 1-мəтін 2-мәтін
Екеуіндегі ортақ мәселе қандай?
Екі мәтіннің арасындағы айырмашылық не?
Нужен сейчас если не будет через часа 3 ответ без полезен для меня (время читать с 1 комента)
Қазақстанның барлық қалаларынан теледидар және бұқаралық ақпарат құралдарында Ақтөбеде лаңкестердің қолынан құрбан болған азаматтардың жанұя, жақын-туыстарының қайғысына ортақтасып, жұбату айтылуда. Осыған орай біздің кітапхана мамандары мен оқырмандарымыз аза тұту Күні өздерінің қолдау сөздерін айтқан еді.
Малышев Валерий Юрьевич, кітапхана маманы:
my vmeste
- Біз қаза болғандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамыз. Бұндай қайғылы жағдайдың тек біздің елімізде ғана емес, кез-келген басқа елдерде қайталанбауын тілейміз. Ешбір ана өз баласын өз халқына оқ ататын жауыз етіп тәрбиелемейді. Бұндай жағдайда халықты арандатып жүргендердің сөзіне ермеу керек. Қазақстан халқы әрқашан да достық пен бірлікте өмір сүрген. Еліміздегі осы бейбіт өмірді сақтап қалуымыз керек.
Садвакасов Сазызбай, зейнеткер, оқырман:
- Бұндай жағдайдың біздің Қазақстанда орын алуы өте өкінішті. Бұл жағдайдан кейін өзі ауру жүрегім одан сайын ауырды.
Ақтөбеліктер! Қымбатты менің достарым, жолдастар! Бекем болыңыздар! Қайғыларыңызға ортақпыз. Жарақат алған азаматтар тез сауығып кетіңіздер. Осындай қайғылы жағдай болды, яғни біз Қазақстан халқы айналамыздағы болып жатқан жағдайларға мұқият,абай әрі қырағы болуымыз керек. Біздің еліміз береке-бірлігі жарасқан тату ел. Көп ұлтты еліміздің бейбітшілігін сақтап қалуымыз керек. Біз, Өскемендіктер сіздермен біргеміз!..