Ғаламтордың туралы сөйлемдер
Ғаламтор пайда болғаннан бері адамдардың өмірін жеңілдетіп, барша сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік пайда болды.
Мысалға, ғаламтордың көмегімен әлемнің түкпір түкпіріндегі ағайын - бауыр, достармен сөйлесу мүмкіндігі пайда болды.
Мен ғаламторда күнделікті болып жатқан жаңалықтарды оқығанды ұнатамын.
Біздің отбасымызда ата - анамыз ғаламторға тәуелділік пайда болмас үшін ғаламторда отыратын уақытымызға шектеу қояды, менің ойымша, бұл дұрыс нәрсе. Себебі біз әр түрлі сайттарды көріп отырып, уақыттың қалай өтір кеткенін байқамай да қаламыз.
Ғаламтордың тағы бір жағымды жағы - ол кез - келген ақпаратты іздеп, табу мүмкіндігі.
Ақиқатқа көзім жете жете, басында философ болғым келген, одан кейін ішімдегі толқындар тулап, ақындық қасиет дарып, ақын болам ба дегем. Одан политик, одан кейін әзірге белгісіз. Жалпы спортқа жақын баламын, футбол ойнасам бір желіп шығып қалады, әсіресе финт жасап гол салған. Жалпы футболист болғым келген. Бірақ күш білекте емес, білімде. Әсіресе бұл заманда білім деген сауытың болмаса, мен сол дінін уағыздап шала, мақау молданың, теледидардағы ұзынқұлақтардың арбауына түсетін едім. Жалпы ғылым атаулының бәрі де жақсы. Шүкір өмірге көзқарасым, философиям мықты. Саралап келгенде кім болғым келеді? Ұлт жанашыры, қазақтың атын әлемге паш етіп, Отан үшін отқа түсіп, көзісоқырлардың көзін ашатын ағартушы болсам болғаны