Әнші құм Жетісу жеріндегі Үлкен Қалқан, Кіші Қалқан тауларының етегінде жатыр. Құмды төбенің биіктігі – 150 метр. Ұзындығы – 8, ені – 3 шақырым. Әнші құмның бұлай аталуының өз сыры бар. Мұндағы Қалқан тауларынан соғатын желдің бағыты үнемі өзгеріп тұрады. Соның әсерінен, құм төбелер де әрқилы бағытта пайда болады. Кешегі бейнелі суретті бүгін елестете алмайсың. Үнемі құбылып отырады. Жел соққан кезде електен өткендей іріктелген майда құм сусылдап, төмен қарай жылжиды. Осы кезде сырнайдың даусына ұқсас әдемі әуен құлаққа естіледі. Керісінше, жел күшейе соқса, әлгі әдемі үн реактивті ұшақтың гүріліне ұқсайды. Бейне құбыжық келе жатқандай күй кешесің.
Табиғат-Ана тудырған осы бір құпиясы мол ғажап әуенді есту үшін бұл жерге адамдар әдейі ат басын бұрады. Мұнда шетелден ағылған туристерді де жиі ұшыратасың. Табиғат тудырған мұндай ғажайып «әнші» ешбір елде жоқ шығар, сірә!
Астана-ұлан ғайыр еліміздің бас қаласы, әлем таныған жас қала. Біздің дәуіріміздің ХІ-ХІІІ ғасырларында Арқада қыпшақ тайпалары көшіп - қонып жүрген. өткен ғасырда археологтар Ақмола жерінен көне қаланың орнын тапты. Бозақ-қазіргі Астанадан небәрі 15 шақырым жерде. Қалашық Х-ХІІІ ғасырларда гүлденіп, Жібек жолы бойындағы сауда орталықтарының біріне айналған. Сондай-ақ Бозақ қыпшақ билеушілерінің елордасы болған. Демек, Елбасымыздың Астана орнын Арқа төсіне таңдауы кездейсоқтық емес, тарихты болжап, болашақты түйген көрегендік. 1996 жылы Ақмола қаласын астана жасаймыз дегенде қоғамның басым бөлігі күмәнмен қарады.
Объяснение: