М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
emilimalaya
emilimalaya
20.02.2021 05:56 •  Қазақ тiлi

11. «Батыр Баян» дастанында ел намысы мен елді жаудан қорғау мәселесі қалай көрінеді? Ерлік пен ұлттық намыс тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазыңыз (100-130 сөз). (Казак адебиеты)

👇
Ответ:
KeyTyan12345
KeyTyan12345
20.02.2021

Ел мүддесін ойлаған Баян батыр – ерліктің, отаншылдықтың үлгісі. “Батыр Баян” поэмасы – Мағжан Жұмабаевтың қаламынан туған шоқтығы биік шығармаларының бірі.Бұл поэма – қазақ топырағында туған тұңғыш психологиялық поэма.Шығармада Баянның елін сатып,қалмақ қызымен бірге қашқан туған бауыры Ноян мен сүйген қызы Бөбекті өз қолымен атуы,кейін қалмақтармен соғыста қаза табуы баяндалған.Баянның бұл әрекеті біз үшін құпия түрде қалады. Батыр Баянның батырлығында,жаугершілігінде шек жоқ.Ол бір өзі талай жаудың бетін қайтаруға әлі жетеді.Поэманың басындағы: Көп жаудың албастысы, ел еркесі Баянның батырлығы алашқа аян. Баянның аруақты құр атынан Кӛп қалмақ болмаушы ма ед қорқақ қоян?-деген жолдар менің сөзімнің дәлелі. Баянның өз қолымен туғаны мен сүйгенін өлтіруі қызғаныштан емес еді.Иә,хабарды естігенде ол ақылынан айырылып,ашуға мінді де кете барды.Алайда,бұл жауапсыз махаббаттан не дәрменсіздіктен емес.Бұл ісі оның Отанына адал да берік,намысқой,ерлік қасиетін көрсетеді.Менің сөзіме поэмадағы Баянның: Арқамдай жер жүзінде жер бола ма? Айбынды алашымдай ел бола ма? Алашта ертеде өткен екі арыстан: Ер Көкше, Ер Қосайдай ер бола ма? Солардың нәсілінен Сары, Баян, Барыстай ойын салған сар далада. Інісі Ер Баянның жасық Ноян Атадан азып туған дер бола ма?,-деген зары дәлел. Қорытындылай келе айтарым,бұл поэма арқылы жастықтың албырттығын,сезімнің соқырлығы мен ақылға бағынбайтын асаулығын, ашу мен ақылдың, сана мен сезімнің таласын, әрі көзсіз ерлікті көреміз.Бұған қоса поэма арқылы тарихымыздың да бейнесін көре аламыз.Ал,батыр Баянның ерлік істері қазіргі жастарға өнеге.

Объяснение:

пиши столько надо

4,5(30 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Nastyalimelps13
Nastyalimelps13
20.02.2021

Қазақ отбасында.

Дәстүрлі қазақ отбасында қариялар, яғни аталарымыз бен әжелеріміздің алар орны ерекше.

Аталарымыз - халықтың, отбасының ең сыйлы адамы. Ол отбасының, елдің бірлігін сақтайтын, халықтың болашағын байыптайтын, көпті көрген дана қария. Ал әжелеріміз болса, тәлім – тәрбиенің бастауы, бізге үлгі – өнеге көрсетер асыл жандар, қазыналы бұлақтың қайнар көзі ғой. Жанұяда бала тәрбиелеуде алатын орны ерекше – осы мейірімді әжелеріміз. Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі.

Ал бізге жарық дүние сылйаған әкеміз бен анамызыдң алдындағы һмірлің перзенттік парызымыз туралы ешқашан ұмытуға болмайды.

Әке деген - біздің асқар тауымыз, қорғанымыз, панамыз және асыраушымыз. Бұл дүниеде, менің ойымша, адамның екі ең жақын адамы бар: бірі - Ана болса, екіншісі - Әкеміз. «Әке көрген оқ жонар» деп бекер айтылмаса керек. Себебі әке бала үшін, әсіресе ер бала үшін ең жақын дос, сырлас, әрі үлгі тұтар азамат.

Әрбір адам үшін дүниедегі ең жақын адам ол - анасы. «Ана» деген сөз үш – ақ әріптен ғана құралса да, бұл сөзде орасан зор құдірет пен үлкен мейірімділік бар. Себебі, анамыз бізге баға жетпес сый - өмір сыйлады. Халқымыз "Анаңды үш рет Меккеге арқалап апарсаң да, ақ сүтін ақтай алмайсың" деген. Себебі әрбір ана баласы үшін түн ұйқысын төрт бөліп, ауырып қалса, уайымдап, кейін ержеткен кезде де әрқашан жанымыздан табылады. Ана деген - бұл өмірде ең жақын сырлас дос. Аналарымыз бізді сәби күнімізден бастап әдепті, мейірімді, ізетті болуға тәрбиелеп, бойымызға тек асыл қасиеттерді дарытуға тырысады. Осы ақ жаулықты аналарымыздың берген ізгі тәрбиесін бойымызға сіңіріп, салиқалы ұрпақ болып өссек, ата – аналарымыздың бізге артқан үкілі үміттерін ақтап, жерге қаратпасақ, нұр үстіне нұр болар еді деп білемін!

4,5(98 оценок)
Ответ:
lianagabrielya
lianagabrielya
20.02.2021

Термин сөздер – белгілі бір ғылымның, техниканың, спорттың салаларына жататын сөздер. Терминдер бір ғана тура мағыналы сөз болып келеді.

Терминдегі сөздердің басты қасиеті мынадай:

а) ғылым мен техниканың әр саласына тән болуы керек.

ә) термин сөздер дара бір мағыналы болуы керек.

б) термин сөздердің көпшілігі дүние жүзі тілдерінің бәріне ортақ болуы керек.

Лингвистикалық терминдер: фразеология, фонетика, лексика, морфология, синтаксис, стилистика, метафора, идиома, метонимия, омоним, синоним, антоним, орфография, архаизм, историзм, бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, пысықтауыш, анықтауыш т.б.

Физикалық терминдер: күш, жылдамдық, орын ауыстыру, үдеу, салмақ, қозғалыс жатса, скалярлық шамаларға: жұмыс, энергия, масса, қуат, уақыт, температуралар .

Биологиялық терминдер: биология, ботаника, жасуша, микроскоп, жасуша қабықшасы, цитоплазма, пластид, лейкопласт, хлоропласт, хромопласт, ұлпа, түзуші ұлпа, жабын ұлпа, қор жинаушы ұлпа, фотосинтездеуші ұлпа, фотосинтез, мүше, мүшелер жүйесі, биосфера, популяция, биогеоценоз, макроэлементтер, микроэлементтер, гидрофильді, моносахаридтер, дисахаридтер, генетикалық код және т.б.

Математикалық терминдер: қосу, алу, көбейткіш, көбейтінді, алгебрa, аксиома, теорема, коэффициент т.б.

Химиялық терминдер: оксид, натрий, хлорид, элемент, периодикалық жүйе, реакция, көміртегі, қышқыл, азот, химиялық қосылыс т.б.

4,4(37 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ