Мұрагер-Мұрагер иесі қайтыс болған соң, мал-мүліктің мұрагері болу немесе мұраны алуға құқысының болуы. Егер өсиет қалдырылмаса, негізгі заңға сүйене отырып, заң құзіреті мұраны өзіне өткізу тәртібін анықтайды. Мал-мүлік иесінің тікелей немесе болжам жасайтын мұрагері болады. Тікелей мұрагердің құқығы бойынша егер алдын-ала өсиет жасалмаған жағдайда, онда заңның күші жойылып, мұра өзінде қалады. Болжам жасалған мұрагері, егер өте жақын туыстары болса, мыс., Англияда монархтың тікелей мұрагері – үлкен ұлы болады. Егер монархта ұл болмаса, онда оның үлкен қызы қосымша мұрагер болады.
Көбірек білу
ҰЛТТЫҚ ТАҒАМ ТҮРЛЕРІН БІЛІП ЖҮРЕЙІК! Қазақ халқының дәстүрлі тағамдану жүйесі қоршаған экологиялық жүйемен және шаруашылығымен тығыз байланысты болды. Сондықтан қазақтың әрбір дәстүрлі тағамы денсаулыққа қажетті құндылық бола отырып, пайдасының зор екенін білеміз. Бұл ғылыми тұрғыдан да әлдеқашан дәлелденіп қойған. Қазақ халқының өмірінде ет тағамдары ең басты орынды иеленеді. Бұл тағам түрлерінің емдік, тұрмыстық қасиеттері бар. Назарларыңызға ұлттық тағамның түрлері мен дайындалу әдісін ұсынамыз. 
Бауырсақ – шай, қымыз, шұбат ішкенде дастарқанға салады. Бауырсақты жоғары немесе бірінші сортты бидай ұнынан пісіреді. Оны қамырды ашытып та ашытпай да дайындауға болады.
 Салма – ұннан дайындалатын тамақ түрі. Салманың аты әр жерде әртүрлі: салма, кеспе, жайма, шелпек, нарын, үзбе т.б. Салманы сорпаға, не суға қатты етіп қамырдан дайындайды. Дәмді болуы үшін оның қамырына бір-екі жұмыртқа салған жөн. Қамырды оқтаумен жұқалап жайып, одан соң пышақпен жіңішкелеп кесіп, не болмаса қолмен үзіп, қайнап тұрған сорпаға пісіріледі.