ІІ.Жазылым . Төменде берілген тақырыптар бойынша біреуін таңдап күрделі сөздерді пайдаланып , әңгімелеп жазыңыз Жазылымда ыңғайлас , қарсылықты , түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдерді қолданыңыз . [ 10 ] ( Выберите один из трех тем , напишите текст в объеме 80-100 слов используя сложные слова . Выше виды показаны ) 1. Біз отбасында Наурыз мерекесін қарсы аламыз ( Как мы встречаем праздник Наурыз дома ) 2. Төрт түлік малдың адамға пайдасы ( Польза домашних животных людям ) 3. Менің сүйікті әншім ( Любимый певец –а ) 4. Ғаламтор біздің өмірімізде . ( Интернет в нашей жизни )
Құсбегілер қолындағы құсын аңға салуға мамыр, маусым айларынан бастап баптайды. Алдымен қансоқты, қызыл сияқты маңызды жем беріп, түлету үшін семіртеді. Бұл кезді қызылға отырғызу немесе түлету деп атайды. Құс түлегі бапты болса, аз күнде-ақ бой жүні сүзіліп, салаланып сала береді. Ал түлек бапсыз болса, жемі қуатсыз немесе маңызсыз болса құстың бой жүні жымдаспай қобырап, қауырсындары бунақталып дұрыс жетілмейді. Қазақ құсбегілерінің қолындағы құсты тиісті бап, күйіне қарай ашықтыруы, қоялатуы (құстыру), шаятыны (ішін жүргізу) болады.
Қоялату үшін бармақтай ақ киізді әбден жуып тазартып, майға орап қылғыттырып жіберсе аздан соң құсып, ішіндегі бар қоясы құсықпен бірге түседі.
Ішін шайып ашықтыру үшін тырна жілігінен жасалған түтіктен бір-екі рет қызыл шай жұтқызады.