ответ:Қазақ халқы ерте заманнан-ақ білімді де сауатты болуға ұмтылған, надандық пен топастықты әжуа етіп, күлкіге айналдырған. Әрбір ата-ана баласына әдептілікті үйреткен, сауатты да білімді болуға баулыған. Бұған мысал ретінде қазақтар арасында «Қара күш бірді жығар, білімді мыңды жығар» деген мақал кеңінен тараған. ХІХ-XX ғасырлардың бас кезінде Қазақстанда халыққа білім беру ісі екі: діни және зайырлы бағытта жүргізілді. XIX ғасырдың орта кезіне дейін қазақ балалары мектептер мен медреселерде мұсылманша білім алды. Оларды негізінен молдалар оқытты. Оқу ата-аналарының қаржысы есебінен жүзеге асырылды. Мұсылмандар мектебінде негізінен ер балалар оқыды.
Халық арасында медреселердің беделі күшті болды. Олар молдалар мен мектеп мұғалімдерін даярлады. Оқу мерзімі 3—4 жылға дейін созылды. Медресе шәкірттері ислам дінінің негіздері бойынша бастауыш білім алумен қатар философия, математика, медицина, тарих, тіл білімі (лингвистика) және астрономия жөнінде де едәуір хабардар болып шықты. Діни оқу орындарының басты қызметінің бірі жастардың бойына әдептілік өнегесі мен адамгершілік қасиеттерді дарыту болды. 1870 жылдан бастап патша үкіметінің бастамасы бойынша медреселерде міндетті түрде орыс тілінің негіздерін үйрету енгізілді.
Медреседе бірнеше сынып бөлмелері болды. Олар шәкірттер тұратын, дәрет алып, жуынып-шайынатын, сондай-ақ тамақтанатын бөлмелер еді. Медреседе ұстаздыққа әдетте жасы 40-тан асқан адамдар ғана қабылданатын. Олардың медресені бітіргені туралы дипломының болуы талап етілетін. Кейіннен патша үкіметі мұсылманша оқытуды да өз бақылауына алуға тырысты. Мәселен, 1867—1868 жылдардағы әкімшілік реформалар бойынша мектептер мен медреселер ашу үшін уезд бастығының арнайы рұқсатын алу керек болды. Патша үкіметі мұсылмандардың оқу орындарын ашықтан-ашық кемсітіп, қорлау саясатына көшті.
Объяснение:
Фильмге өткен ғасырдың елуінші жылдарындағы қазақ ауылының өмірі арқау болған. Басты кейіпкері Қожа ақылды, сонымен бірге бұзық, әкесіз өскен бала. Фильм барысында ол көп нәрсеге ұрынады. Ғашық та болады, төбелеседі де, бұзықтық та жасайды, сабақтан да қуылады, жиналыста тәртібі де қаралады, мектептен қуылуға шақ қалады. Ол тәртіпсіздіктерге кейде саналы түрде, кейде білместікпен барады. Дегенмен ол оншалық ессіз бала емес. Сондықтан болар, осы күнге дейін жұртшылықтың сүйікті кейіпкері саналады.
Фильмде қазақы ауылдағы аналық, әжелік мейірімді, пионерлер өмірін, сол заманғы қоғамдық тәртіпті сезіне аласыз.
Деректі зат есім. Нақтылы тануға болатын, көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын зат атаулары.
М: кітап, мектеп, дос, су, нан, дәптер, қалам, ине,
2. Дерексіз зат есім.
Көзге көрінбегенмен, адамның ойлауы нәтижесінде ғана танылатын құбылыс, ұғым атаулары.
М: Ақыл, ой, бақыт, арман, білім,
Дара зат есім
Бір сөзден жасалған зат есім дара зат есім деп аталады.
М: Ана, аға, әке, көл, өзен,
1. Негізгі зат есім.
Тек түбірден жасалған зат есімдер.
М: Отан, ер, есім, дос, жол, мал, ауыл
2. Туынды зат есім
Жұрнақ жалғану арқылы жасалады
М: қуан - ыш, сез - ім, шат - тық, ту - ыс, тоңазыт - қыш, қон - ақ, тара - қ, күре - к
Күрделі зат есім
1. Екі не бірнеше сөздің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі, қысқаруынан жасалады.
Мысалы: Мұражай, аққу, ба өз, дос - жаран, ата - ана, сан есім, сын есім, ҚазҰУ, ата заң, ҚазҰПУ, саябақ.
Объяснение: