Мәңгілік ұғым-түсінігі – барша адамзатқа ортақ қазына. Оның негізінде саналы-санасыз тіршілік иесінің өмірге, қоршаған ортаны игеруге құштарлығы жатыр. Мәңгілікке ұмтылған арман-мақсаттың нышанына, ескерткішіне Египет пирамидаларын, мәңгі қала Рим тәмсілін, суға батпайтын, отқа жанбайтын батырлар жайлы тарихқа дейінгі аңыз-ертегілерді жатқызуға болады. Біздің пайымдауымызша, әлемдік және дәстүрлі діндердің бастау-бұлағында да мәңгілікті бейнелейтін т тұр. Оның есімі – Тәңірі, Құдай, Алла, Бог, т.б. Демек, байырғы түркі қоғамында дүниеге келген қысқа да нұсқа «Мәңгі Ел» ұстанымы, біріншіден, арғы бабаларымыздың адамзат өркениетіне, оның ақыл-ой қазынасына қосқан айрықша интеллектуалдық үлесін айшықтаса, екіншіден, адамдардың әрқайсының һәм баршасының мүддесін, әрекетін, ұрпағының сабақтастығы мен жалғастығын жарасымды үйлестіруге септесетін әмбебап формуласы. Үшіншіден, осынау кемел пайым-тұжырым қазақ жерінен, Ұлы Дала елінен ешқашан табан аударған емес. Ол Қорқыттың ажалдан қашқанынан тартып ақын Ж. Молдағалиевтің: «Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген» деген өлең жолдарымен санамызға шегеленген. XVIII ғасырда Әбілқайыр ханның: «Жайық өзені кеуіп қалғанша, тіпті ақыр заман келгенше қазақ халқы бұл жерден ешқашан айырылмайды», ХХ ғасырда Ә. Бөкейханның: «Қияметке шейін қазақ қазақ болып жасамақ» дегенінен де мәңгілікке нық сенім еседі.
Источник: https://e-history.kz/kz/news/show/303/
© e-history.kz
ұяла білу де – әдептілік
«өлімнен ұят күшті», «өзі ұялмаған кісі бетін шиедей қылады, ұялмаған бұйырмағаннан ішеді», «әдептілік, ар-ұят – қтың белгісі», «ұлы сөзде ұят жоқ», «ұяң – ұялшақ, ұятсыз – сұраншақ», «білмегенді сұраудың ұяты жоқ», тағы басқа да халық мақал-мәтелдері мен ақын-жазушыларымыздың шығармаларында жиі кездесетін ұлағатты сөздер бізге ұят дегеннің анықтамасын, қағидаларын айқындап береді.
ұят – ға тән сезім қабілеті, ол әр түрлі болады. ұялу сезімі, жоғарыдағы мақалдарда анықталғандай, сезімдерінің ең бастыларының қатарынан орын алады. өйткені ұят, ұялу сезімі ар, ождан, намыс деген ілік қасиеттермен тығыз байланысты.
ұят – қасиетін бағалайтын сезім. ол сезім отбасында ересек ң әңгімесінен есту арқылы кезден бойына ұялайды. ұят – ең нәзік сезім, ол ң беделімен, абыройымен тығыз байланысты. бедел мен абыройға қарапайым еңбегің арқылы, байыпты сөзің арқылы, мейірімді мінезің арқылы, әдеп сақтауыңмен, үлкенді тыңдау, сыйлау, құрметтеуіңмен, тапқыр ойыңмен, қатар құрбыларыңның алды болуыңмен, достық-жолдастық қарым-қатынасыңмен, ғыңмен, ынта-жігер, талабыңмен, тындырымдылығыңмен, жақсыны жаманнан айыра алуыңмен, оларға деген игі де ізгі ниетіңмен, жек көру, жақсы көру ләззатыңмен жетесің.
сезімталдық, әсіресе, жастарға лайық. «сезімнің сыртқа шықпас күші бар ма? » - дейді с. торайғыров. сондай-ақ ұят ылғи да бет-әлпетіңнің әр түрлі құбылуымен көзге түседі. ұят дегенді қолға ұстауға болмаса да, сезінуге, көзбен көруге әбден болады. сезімді дұрыс, орынды пайдалану әр игі қасиеттерге жетелейді. қорқыныш сезімі бет-әлпетіңнің қуқылдануынан сезіледі, қуанышың – жадырауыңмен, қайғың – түнеруіңмен, ұятың – қызаруыңмен, сүйіспеншілігің – көз тігуіңмен, риза болуың – жайдарлығыңмен көзге көріне қалады.