Ауылшаруашылық өндірісінің тиімділігін арттыруда селекция және тұқым шаруашылығының маңызы өте зор. Жергілікті жағдайға бейімделген жоғары өнімді сұрыптар мен будандарды өсірудің нәтижесінде өндіретін дақылдардың өнімділігін 40-50 және одан да жоғары пайызға көтеруге болады. Селекция(латын тілінен аударғанда selection- сұрыптау немесе іріктеу) – жаңа сұрыптар мен будандарды шығарумен айналысатын ғылым. Алғашқы кезде жаңа сұрыптар шығаруда тек сұрыптау әдісі қолданылған. Қазіргі кезде селекцияда сұрыптаумен қатар, будандастыру, полиплодия, мутагенез, биотехнология сияқты басқада әдістер кеңінен қолданылуда. Селекционерлердің жоғары мамандануын қажет ететін генді инженерия, гаплоидты селекция сияқты әдістерді пайдалану қазіргі күні басты бағытқа айналуда. Сондықтан селекционерлер жасушаның ішкі құрлысын, тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті, өсімдікте болатын ішкі құбылыстарды, аурулар мен зиянкестерді, өнімді сақта, өңдеу технологиясын жақсы білумен қатар, математиканы, химияны, өндіріс экономикасы мен ұйымдастыру негіздерін білулері қажет. Селекция жұмысының ғылыми–теориялық негізгі тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін ғылым генетика болғанымен, селекция өз алдына дербес ғылым. Ол жаңа ағзалар шығаруға негіз болатын ерекше әдістерге сүйенеді.
Дені сау жастар — мемлекеттің болашағы. Сондықтан жастардың денсаулығын
сақтауға көп көңіл бөлінеді.
Жастардың денсаулығына кері әсер ететін факторлар бар. Оларға темекі шегу, спирт өнімдерін ішу, нашақорлық сияқты әдеттер жатады. Мұндай жаман әдеттер отбасына да, бүкіл қоғамға да үлкен қасірет әкеледі. Спирт өнімдері жастардың денсаулығы үшін ғана емес, бүкіл ұлттың болашағына апат әкеледі. Әлеуметтік зерттеулер ересектер тұрмақ, 12 жастан асқан жасөспірімдер арасында темекі шегу әдеті кең тарағанын көрсетті. Елімізде 4,5 миллионға жуық азаматтың темекі шегетіні анықталған. Темекіні көп шегу өкпе ауруларын тудырады. Мамандардың айтуы бойынша, жыл сайын республикада 300 адам нашақорлықтан қайтыс болады екен. Қазіргі ресми санақ бойынша 54 мыңға жуық нашақор тiркеуде тұр. Жеке гигиенаның сақталмауынан нашақорлар жазылмайтын түрлі ауруға шалдығады, мүгедек болады. Ішімдік пен нашақорлық жастарды бұзақы, мәңгүрт болуға итермелейді.Мұндай түйткілдерді жою үшін әлеуметтік қамсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.
Жастар арасындағы түйткілді мәселелердің бірі - түрлі субмәдениетке еліктеу. Латын тілінен аударғанда, субмәдениет «астыңғы мәдениет» дегенді білдіреді. Субмәдениет жастардың еліктеуінен туады. Олардың ерекшелігі киімдері мен келбетінде: кейбіреуі металл тағылған қара киім киеді; кейбіреуі көзін де, шаш-тырнағын да қап-қара етіп бояп,беттеріне аппақ гримм жағады; енді біреуі шаштарын жалбыратып, түрлі түсті бояумен бояйды. Олардың сыртқы бейнесі ғана емес, өздерін ұстауы, сөйлеуі де өзгеше болады.
Көбінесе жаргонмен сөйлейді. Мұндай ортада көбінесе жастарды жаман әдетке итермелейтін әрекет көп болады. Оларды нашақорлық пен бұзақылыққа, қылмыс жасауға,
мәңгүрттікке итермелейді. Сондықтан Батыс елдерінен келген бөтен мәдениетке еліктемей, дәстүрлі мәдениетті дамыту керек.
Демеулік шылаулар қарамен берілген
Төрт түлік малдың адамға пайдалы екенін білесіз бе?" тақырыбында диалог.
– Ата,мен сізге сұрақ қояйыншы?
– Қоя ғой,құлыным!
– Ата-бабамыздың төрт түлікке айрықша көңіл бөлу себебі неде?
– Төрт түлікке түйе,сиыр,жылқы,қой жатады.Олар ертеден бізге ас-ауқатымыз,әрі киіміміз,әрі көлігіміз болған ғой.
– Мысалы,түйенің адамға берер пайдасы қандай?
– Түйе – төрт түлік малдың ішіндегі ең қасиеттісі.Ол қырық күн шөлге шыдамды,жүк артса – көлік,жесе – ет,ал жүні киімге жараған.Қазақ халқы түйенің жүнінен түйе жүн шекпендер киген,ол жеңіл әрі жұмсақ сырт киім болған.
– Түсінікті.Ал халқымыз үшін ең сүйіктісі қайсысы?
– Ол – қой.Өйткен,қой майда,өсімтал,момақан,тез ет алып,қонақ кәдеге жарап отырған.
– Ия, кішігірім қонақтардан анам қойдың етін асады ғой.
– Дұрыс айтасың,балам.Зеректігінен өзінің.Ал енді мен саған сұрақ қояйын.Қой туралы мақал-мәтел білесің бе?
– Ия.“Қойдың сүті – қорғасын,қойды құртқан оңбасын” деген мақалды білемін.Осы сөзден-ақ қойдың қазақ халқының өмірінде алар орны зор екендігіне көзімді жеткізген болатынмын.
– Бәрекелді.Бар,енді әкеңе көмектес.
– Жарайды, ендеше мен кеттім.Жауаптарыңыз үшін рахмет!