Адал ұрпақ тәрбиелеу –қай уақытта болса да өз маңыздылығын жоғалтпаған мәселе “Әкеге қарап ұл өсер ,шешеге қарап қыз өсер" дегендей жас ұрпақ тәрбиесінде ата ананың алар орны ерекше .Ата-ана бала тәрбиесінде баланы тәрбиелеп қана қоймай өз-өзін тәрбиелеуі тиіс .Себебі балаға қаншама жақсы қасиеттерді үйретіп ,жаман әдеттерден аулақ болуды үйретсең де ,егер ата ананың бойында жаман қасиет табылса , бала бәрі бір өз ата-анасын қайталайды . Ата-ананың бойындағы көп кездесетін жаман әдеттер мынадай : шылым шегу ,салауатты өмір салтын ұстанбау , мінездегі тұрақсыздық ашушаң
болужауапкершіліктің аз болуы. Ата ана бала тәрбиесінде баласын осы әдеттерден аулақ болуды үйретіп және өзі де сол қасиеттерден арылуы тиіс .
Жас ұрпаққа саналы тәрбие жәнесапалы білім беру ұстаздың негізгі міндеті. Ұстаз – баланың жеке тұлғасын қалыптастырушы.Сонымен қатар бүгінгі жас өркеннің ертеңі әлеуметтік-саяси қоғам мүшесі ретінде өзін ортада ұстай білуді үлкенге құрмет ,кішіге ізет етуді үйретеді. Ұстаз-ата-анасы берген тәрбиесін одан әрі білім беру арқылы жалғастырушы тұлға.Ол білім беру ісімен ғана айналысып ,шәкірт тәрбиесін артта қалдырса ,білімінің маңызы жоғалады . Яғни бала алған білімін халықтың игілігіне емес, өз мүддесіне жұмсайды, кезі келгенде өз отанын да сатып кете алады . Ұлы ойшыл әл-Фараби бабамыз айтқандай “ Тәрбиесіз берілген- білім, адамзаттың қас жауы” екенін ұмытпағанымыз жөн.
Халқының мүддесін өз мүддесінен артық қоятын,
адалдылық, бауырмалдылық, адамгерш ілік сынды асыл қасиеттерді бойынажинай білген тәрбилі ұрпақ болу барлығымыздың борышымыз.
Болашақ ұрпағымызға тек тәрбие мен білім берумен шектеліп қана қоймай адал еңбекқорлыққа да үйретуіміз керек.Адал еңбекқорлық-еліне адал қызмет ету және сыбайластық іс – әрекеттерден аулақ болудан тұрады. Сыбайлас жемқорлықты келешек ұрпаққа сіңіруден аулақ болуды үйрету әрбір ата – ананың міндеті.
<<Тау мен тасты су бұзады, адамзатты сөз бұзады» деген ауыздан шыққан әр лебізге жауапкершілікпен қараған бабаларымыздан көп ілгері кете қойған жокпыз-ау! Өйткені, бүгінгі сөйлеген сөзіміздің түпкі нәтижесі шынайылықты мәнiнен қиын. Көпшіліктің басы жиі қосылатын той-томалаққа бара қалсақ, асабалардың: «Зима халада, гуси-гуси га-га-га, толыватыр тамада, қуыс-ҚУЫС қалада, қол соқпайсыздар ма, ойыншық па сіздерге тамада» деген секілді «әдемi> әзілдеріне «қарық болып» қайтамыз. Мағынасыз сөзі, анайы қалжыңдарына қайта-қайта қошемет сұрап алатын оларға қарап, «ұялмас бетке талмас жақ бiтетiнiн» тағы мойындаймыз. Анығында «оттың шаласынан сөздің шаласы жаман>> емес пе еді? Осы шала сөздердің бізге тигізер зияны туралы ойланып көрдік пе? Сөз жауапкершілігі, сөйлеу мәдениеті мамандар талқылауындағы бүгінгі тақырып ОСЫ.