Сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстар тобынан жасалған фонетикалық бөлшек буындеп аталады.Дауысты дыбыстар буын құрауға негіз болады.Дауыссыз дыбыстар буын құрай алмайды. Сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, соншабуын болады. Мысалы, қарлығаштардың деген сөзде бес дауысты дыбыс бар, яғни сөз бес буыннан құралған.Қазақ тілінде буынның үш түрі бар: 1) ашық буын; 2) тұйық буын; 3) бітеу буын.Бір дауысты дыбыстан құралған және дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбысқа аяқталған буын ашық буын деп аталады. Мысалы, а-на, ба-ла, да-ла, бе-ре-ке, ә-ке, ша-ға-ла, же-ті, та-ға, т.б.Бір ғана дауысты дыбыстан құралған буын жалаң ашық буын деп аталады. Мысалы, ә-же, ұ-лы, ү-кі, а-та, т.б.Тұйық буын дауысты дыбыстан басталып,дауыссыз дыбысқа аяқталады. Мысалы, айт, өр, ант, ән, ұлт, аң, ұрт, үй, арс, ел, өрт, т.б.Дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталған, яғни ортасы дауысты дыбысекі шеті дауыссыз дыбыс болып келген буынбітеу буын деп аталады. Мысалы, Бұлт, жер, қант, той, құрт, тау, жұрт, жез, төрт, дос, серт, гүл, мұрт, қол, бырт-бырт, сарт-сұрт, жарқ-жұрқ, сөз, көз, май, дөң, дүлдүл, мазмұн, жолдастық, т.б.
Менің анам --Сенің анаң қандай адам? --Менің анам, мен үшін ең асыл, ардақты жан.Менің анамның жаны ерекше нәзік ,анам аса сезімтал жан.Анамның көздері әрқашанда күлімсіреп тұрады. --Сенің анаң қайда жұмыс істейді? --Менің анам мектепте бастауыш сыныптарына сабақ береді. Менің анам еңбеқкор адам. --Сен анаңа көмектесесін бе? --Мен анамды сыйлаймын, анама көмектесемін --Ал сенің анаң қандай адам.? --Менің де анам ардақты мейірімді жан.Менің анамның жүрегі уайымшыл нәзік.Анам менің қамқоршым, ақылшым, бақытым. --Сенің анаң қайда жұмыс істейді? --Менің анам дәрігер.Менің анам қайратты жан.Мен өзімнің анамды жақсы көремін ,сыйлаймын,- --Досым, біз ең бақытты баламыз. Біздің асыл, да ардақты аналарымыз бар.Анасы бар адамдр ең бақытты
Шіліктен және бесшатырдан
Объяснение: