Қолөнер бұл қолданбалы өнер – дәстүрлі тұтыну және сәндік бұйымдарын жасайтын ұсақ өндіріс. Қолөнершілер негізінен табиғи шикізаттарды пайдаланып, қарапайым еңбек құралдарының көмегімен көркем композицияның шешімімен тұрмысқа қажетті мүліктер, музыкалық аспаптар, қару-жарақ, құрал-саймандар жасайды. Әрбір қолөнер туындысы өз заманының материалдық мәдениетінің үлгісі және халық талғамының, әлеуметтік қоғамдық жағдайының, діни сенімінің, салт-дәстүрінің нақтылы көрінісі.
Қазақстанда көшпелі шаруашылықтың қажетіне сай қолөнершілер мал шаруашылығына керекті желі, шылбыр, ноқта, бұршақ, жүген, құрық, бұғалық, тұсау,өре, шідер, кісен, қада, ер-тұрмандар жасаумен шұғылданды. Олар құмнан, тастан, саздан құмыра, көзе, ыдыс-аяқ; мүйізден, сүйектен, мал мен аң терісінен, ағаштан әшекейленген нақышты дүние-мүлік, домбыра, қобыз, сыбызғы, шаңқобыз сияқты музыка аспаптарын; темірден, мыстан қылыш, найза, қанжар, айбалта, күрзі секілді құрал, қару жасады. Қазақ халқының қолөнерінде киіз үй жабдықтарын, ағаш төсек жасау, түйін түю, ши орау, кесте тігу, өрмек тоқу, киіз басу, сондай-ақ моншақ, білезік, сақина, сырға, алқа, шолпы сияқты зергерлік бұйымдар жасау кең дамыды
Өмірде өз орныңды,өз мамандығыңды дұрыс таңдау қажет.Әр адам ақын боғысы келмейді,біреуі дәрігер,біреуі полиция,біреуі мұғалім болғысы келеді.Осы өмірде адамдар өз мамандығын дұрыс таңдаса,өмірде орнын тапқан деген сөз.Мысалға біреуінде бір қасиет біреуінде бір қасиет бар.Менің қасиетім бір нәрсені жөндеуге құштармын.Сынған затты туралап дұрыстап қойамын.Біреуі құтқарғанды ұнатады.Адамдар осылай өз қасиеттерін өмірде тауып өмірге келген соң,адам болып келген соң,адам болып кету керек.Өзіңде қандай қасиеттер бар екенін білген дұрыс.Осы өмірде орынды табу деп айтылады.