Менің сүйікті кейіпкерім.
Сірә,қазақ балалар фильмдерінің ішінде Бердібек Соқпақбаевтың сценариймен түсірілген “Менің атым – Қожа” фильмінің алар орны бөлек.Менің сүйікті кейіпкерім – Қожа.Ол – “Менің атым – Қожа” фильмінің басты кейіпкері.Жалпы алғанда,Қожа – ақылды,сонымен қатар өзінше бұзық,әкесіз өскен бала.Әлбетте,фильм барысында ол көп нәрсеге ұшырады.Ғашық та болады,төбелеседі де,бұзықтық та жасайды,тіпті мектептен қуылуға да шақ қалады.Меніңше,ол өз тәртіпсіздіктеріне кейде саналы түрде,кейде білместікпен барады. Қорыта келгенде,Қожа – осы күнге дейін менің ғана емес,жұртшылықтың да сүйікті кейіпкері саналады.
Қазіргі уақытта көптеген музыка түрлері бар. Мысалы, фолк, хип-хоп, джаз, блюз, рок және тағы басқалары. Кейбір әндер көңілді, жаңға жайлы әндер болса, кейбіреулері үлкен әсер беретін әндер болуы мүмкін. Әр адам әртүрлі музыка түрлерін тыңдайды. Көбінесе қазір өлеңнің сөзіне емес әніне назар аударады, кез-келген тілдің әндерін кез-келген ұлт тыңдай береді. Қазіргі заманда музыкаға ерекше мән беріледі деп айтуға болады. Музыка-жанға жайлы, адамға әртүрлі әсер беретін нәрсе.