Ұлттық сөз өнері зергерлеріміздің бірі, қай шығармасы болсын оқырманды бейжай қалдырмайтын қарымды қаламгер Оралхан Бөкейдің соңғы туындысы «Атау кере» романының атының өзі бірден елең еткізеді. Өйткені «атау кере» сөзі ел ішінде адамдардың күнделікті қарым-қатынасында қолданыла бермейтін, сирек жағдайда, шанда бір ашынған ахуалда, болмаса шарасыздықтан айтылатын салмақты, зілді, ауыр ұғым. Шығармашылығында жеңіл мазмұн кездеспейтін Оралханның дәл осы күрделі тақырыпқа барып, әрі оны өзінің дәстүрлі шеберлігіне тән деңгейде ширатып, ширықтыра отырып жазғаны заңдылықтай қабылданады.
«Атау-кере» повесі бүкіл адамзаттық мәселелерді қозғайды. Повесть оқиғасының басында Еріктің реалистік сипаты басым болса, шешімінде мифтік сипаты байқалады. Қаламгер адамдар өмірін аралар дүниесіне ұқсатады. Еріктің көк басты сонаға айналып кетуі және Қатын суының арғы бетіндегі жұмбақ қыз – символ. Ерікті мифтік бейне ретінде қараудың өзі оның құбылуына байланысты. Бір түрден екінші түрге ауыса алатын – тек миф кейіпкерлері. Повесть соңында Еріктің құбылуына мән бере отырып, бұл повесті «Повесть-миф» деп атауға болады. Повестегі Шал образында романтизм сарыны байқалады. Шығармадағы Шал да, Таған да қоғамда бет алған адамның рухани әлсіреуінен шығудың шығар жолын, амалын табуға тырысады. Бірақ табиғат аясында қалудан басқа жолды көре алмайды. Сондай-ақ шығармадағы Тағанның табиғат туралы ойлары былайша беріледі: «... Табиғат жаратқан алқам-салқам болмайды, ол - әмісе әдемі, әмісе сүйкімді, әрі шыншыл, әрі ақылды, сондықтан да адамдар секілді қателеспейді. Табиғат – мәңгілік тірі, өтірік айтпауды, алдап – арбамауды табиғатан үйрену керек, өйткені ОНЫҢ (табиғаттың) жүрегі таза».
Шығармада жеңіліс пен жеңіс, түңілу мен үміт, қиянат пен қайырым, аярлық пен адамдық, марғаулық пен махаббат арасындағы тартысты күрес, өткен тарих пен бүгінгі нақтылықтың ажырамас аясындағы ұлт тағдыры мен келешегі таразыға тартылған романның кесек-кесек идеяларының түйіні кульминациялық сәтіне жетіп, ширақ та шымыр тарқатылады. Шеберлік құдыреті дегеніміздің құпиясы да осы болса керек!
Менің хоббиім - газет болсын, кітап болсын, жақсы автор жазған журнал болсын, оқу. Бос уақытымда мен әрдайым бос уақытымды қызықтыратын әңгімелер, повестер, роман, өмірбаяндық және ғылыми мақалалар мен басқа да материалдарды оқимын. Бұл әуестікті алдымен әкем байқады, және ол маған бұл өте жақсы әдет екенін айтты және маған бұл әдеттен ешқашан бас тартпауды және оны өмірде қолдануға кеңес беруді ұсынды.Мен кішкентай кезімде ата-анам үнемі ұйқыдан кететін әңгімелер айтып, әндер шырқады.
Мен қазір 10 жастамын. Қазір мен оқу әдеттерімнің артықшылықтарын білемін. Бұл маған кез-келген тақырып бойынша көп білім алуға мүмкіндік береді. Бұл әдет мені әлемнің ғажайыптары, тіршіліктің пайда болуы, ғарыш, жануарлар, өсімдіктер, автомобильдер тарихы, адамзаттың жетістіктері және әлемдегі басқа да қызықты дүниелер туралы білуге мәжбүр етеді.
Бадырақтау бақа көз, бұйрабас Сәтек сері Керімқұлға: .Бастамаймыз ба, көке, — деп сыбырлады.