М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
brandenberg
brandenberg
06.07.2021 12:34 •  Қазақ тiлi

По 4 заголовкам составить не большой текст


По 4 заголовкам составить не большой текст​

👇
Ответ:
Sanpotion
Sanpotion
06.07.2021

ответ:Ұлттық идея – халықтың, ұлыстың және ұлттың өмір сүру мәнін айқындайтын ұлттық сана-сезімнің жүйелі жиынтығы. Ол қоғам ықпалдастығының, тұлғаның әлеуметтенуінің және әлемдік қауымдастықта мемлекеттің өзіндік теңесуінің зор мүмкіндіктерін қамтитындықтан, мемлекет дамуының әр кезеңінде қажет. Тұжырымдамалық рәсімделген идеялардың, түсініктердің және көзқарастардың жүйесі бола отырып, ұлттық идея мемлекеттің, қоғамның және азаматтардың өмірін ұзақ мерзімге айқындайтын негізгі идеологиялық тұжырымдаманы қамтитын кең, сонымен қатар, ықшам формула болып табылады.

Стратегиялық басқару дегеніміз берілген мекеменің мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін өз ресурстарын басқаруы. Стратегиялық басқару берілген мекеменің мақсаттарын анықтау, бәсекелестік орта мен ішкі ұйымдастыруды талдау, стратегияларды бағалау және олардың барлық мекемеге жайылғанын қамтиды.

Негізінде, стратегиялық басқару, мекеменің өзінен шыққан немесе бәсекелестерден келген, мекеменің алдында тұрған мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлерді тануды қамтиды, және, мекеменің бәсекелестерімен салыстырғанда міндеттерін қалай атқаратындығын анықтайды. Стратегиялық басқару жағдайды ішкі және сыртқы жақтан бағалай білуді талап етеді. Стратегиялық басқару бірнеше ой мектептеріне бөлінеді. Сипаттама тәсілі стратегиялар іс жүзінде қалай жасалғанына бас назар аударады, ал директивалық тәсіл, стратегияларды қалай әзірлеуі тиіс екендігін баяндайды.

Күлтегін жазуы —ежелгі түркі жазба ескерткіші. Моңғолиядағы Қарабаласаған қаласының қираған орнынан солтүстікке қарай 40 км жерге, Орхон өзені бойындағы Эрдени Цзу монастырының (8 ғасыр) жанына орнатылған. Ескерткіштің биіктігі 3,15 м., ені 1,34, қалыңдығы 0,41 м. Түркі тілдерін зерттейтін әдебиеттерде «Орхон-Енисей жазулары» руника жазуы деп те аталады. Руна – ежелгі гот тайпасының құпия деген сөзінен алынған. Өйткені бір кездері Орхон, Енисей өзендері бойынан табылған таңба жазудың қай тілде екені оқылмай, көпке дейін құпия болып келген. Көне түркі жазба ескерткіштері түркологиялық әдебиеттерде негізінен үш топқа бөлінеді. Олар: Енисей ескерткіштері. Бұған Енисей өзенінің жоғарғы сағасы мен Тува Якутия Моңғолия жерлерінен табылған көптеген ескерткіштер жатады. Енисей ескерткіштерін зерттеуде В.В.Радлов, С.Е.Малов, Х.Н.Оркун, С.В.Кислев, И.А.Батманов т.б. көп еңбек сіңірді. Талас ескерткіштері. Талас ескерткіштерінің табылуы (1896-1898 жылдары, бұрынғы Әулиеата) қазіргі Жамбыл уезінің әкімі, Талас жазуларын табушылардың бірі – В.А.Каллаурдың есіміне байланысты. Талас ескерткіштерінің саны қазір 10-нан асты. Талас ескерткіштерін тауып, аудармаларын жасап, жариялауда Г.Гейкель, В.Радлов, П.Мелиоранский, С.Малов, Ю.Немет, Х.Оркун, С.Киселев, И.Батманов және Л.Кызласов, т.б. шұғылданды. Орхон ескерткіштері. Бұған VІІ ғасырдың соңы мен VІІІ ғасырдың бас кезіндегі Құтлығ қаған, Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк, Күлі-чор сияқты ірі ескерткіштер мен он шақты майда ескерткіштер жатады. Орхон ескерткіштерін зерттеуге көптеген ғалымдар ат салысты. Бұл жазулардың жалпы көлемі ұзақ. Қазіргі өлшеммен алғанда орта көлемдегі кітапты құрайды. Көптеген тарихи, мәдени, жағраппиялық, саяси деректер бар, сол кездегі халықтың өмірінен, таным-түсінігінен, дүниетанымы мен салтдәстүрінен хабар береді. Тарихи оқиғалар тізбегі Ұлы қағандардың жорықтары жыраулық-жорықтық үлгідегі әдемі, көркем тілмен баяндалған. Сондықтан көптеген зерттеушілер оларды Көркем шығармаларға жатқызады. Жазбаларды Көне Түркілер мен Көк Түркілер дәуіріндегі болған оқиғалар сипатталып, жағрапиялық атаулар, сол кездегі тайпалардың атаулары мен оналасу, таралу аймағы көрінеді. Өкініштісі, Түркі жазба ескерткіштері манихейшіл Ұйғыр қағандығы кезінде аяусыз қиратылған

Объяснение:

4,7(55 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Электронды пошта-бұл әрбір пайдаланушыға әлемдік паутина жұмысының көмегімен кез-келген басқа пайдаланушыға электрондық хат жіберуге көмектесетін арнайы жасалған технология.Ол хабарламаларды кез-келген машинадан басқасына лезде жіберуге көмектеседі.Оның көмегімен хат көрсетілген адреске (мекен-жайға) тез жетеді.Электрондық пошта қоғамдағы күнделікті өмірге дендеп енді. Сонда да әртүрлі әлеуметтік желілердің, сонымен бірге қазіргі уақытта үлкен беделге ие видеочаттардың пайда болуының арқасында электрондық пошта ескіре бастады.Алайда ол ұзақ уақыт бойы көптеген пайдаланушылардың арасында сұранысқа ие болады.
4,7(10 оценок)
Ответ:
альбинка28
альбинка28
06.07.2021
Электронды пошта 1965 жылы пайда болған.Электронды пошта адамдар арасындағы байланыс тәсілдерінің бірі болып табылады.Электонды поштаның ең елеулі ерекшілігі оның жылдамдығы.Электронды пошта арқылы хабарламар алмасуға және тағы да басқа көптеген мүмкіндіктер ұсынады.Электронды поштада қолма-қол жауап беруге боладыЭлектронды пошта арқылы туыстарыңмен ,достарыңмен хабарласуға болады..Интернет желісі бірте -бірте дамып келеді.Электронды пошта адамның өмірінде үлкен орын алады Күн сайын дүние жүзі бойынша миллиондаған хабарламадар жөнелтіліп,қабылдап алынып жатады. Мен электронды поштаны емін-еркін қолданамын.     
4,6(54 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ