М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
milekhina81
milekhina81
27.09.2020 01:13 •  Қазақ тiлi

Жылы жаққа ұшатын құстар көктемде солтүстік-
ке, ал күзде оңтүстікке
қарай ұшады. Оның себебін
білесің бе?​

👇
Ответ:
vb8515401
vb8515401
27.09.2020

Құстар қайтып барады...

Жаз өмірін, мәз өмірін қысқартып

Бара жатыр, бара жатыр құс қайтып

Зымырлайды менің бала кезімдей

Бір жалт етіп өте шыққан, өте шыққан сезімдей, - деп Тұмағаңжырлағандай көктемде тамаша әндерімен келген құстардың да сызылтып ән сала, қимастықпен қайтатын кездері де таяп жетті. "Алақайлап", қолымызды бұлғап күтіп алғанымыз кеше ғана секілді еді...

Құстар қайтуын қайтады ғой, бірақ қайда? Сіз осы сауалды бүгінге дейін өзіңізге немесе өзгеге қойып көрдіңіз бе? Қоймаған болсаңыз, бізден сұраңыз! Берер жауабымыз дайын!

А сонау қадым замандардан бері құстардың қоңыр күзде көзден жырақтап, көктемде қайта пайда болатындығын байқаған. Қанаттылардың маусымдық көшіп-қону үдерісінің құпиясын ақтарунебір ұлы ғалымдар мен ғұлама ойшылдардың армандарына айналды. Аталған құпияны шешу барысында ақылға сыймастай, санамен өлшенбестей, бір-бірінен асып түсетін небір болжамдар айтылды. АтақтыАристотель қыста тек қана тырналар мен бірқазандар кетеді, ал қалғанқұстар тығылып қалады немесе басқа түрге айналады деген пікір айтқан.

Сізге өтірік, бізге шын! Тіпті, өсімдіктер мен жануарлар жүйесін топтастырған Карл Линнейдің өзі қарлығаштар қыстың күндерінде су астын мекендейді деген екен.

"Естімеген елде көп" демекші, кейіннен ортағасырларда ағылшын ғалымдары құстар қыста айға қарай ұшады, олар онда алпыс күнде ұшып жетеді де, еш азық таппағандықтан, терең ұйқыға кетеді дегенді айтты.

Іздеген жетер мұратқа, адамдар құстардың маусымдық көшіп-қонуының құпиясын тапты. Барлығының себебі - жай ғана "қыс" екен.

Дымқыл тұман басқан күздегі суық пен аштық құстарды солтүстік жарты шардан оңтүстік өлкеге қарай қуады. Ал оңтүстік жарты шарды мекендеп жүрген қанаттылар солтүстіктің қысына қоныс аударады. Жалпы маусымдық көші-қон үдерісіне құстардың үш түрі қатысады.

Ұшқыштардың чемпионы – полярлық біз тұмсық шағалалар өздерінің ыстық ұяларынан 160 мың шақырым жерге барып қыстайды, яғни Арктикадан Оңтүстік Африкаға сапар шегеді. Қарлығаштар 14 мың шақырымды бағындырып, Патогония жеріне (Оңтүстік Америка) барып қонақтаса, көкқұтандар жылы өлкеге жету үшін 13 мың шақырым бойы қалықтап ұшады  екен. Тырналар мен үйректер Ніл өзенінің жағалауын,сауысқандар, сары шымшықтар, шұбар шымшықтар Франция, Испания, Италия жерін, бұлбұлдар, көкектер Африка саванналарында қыстайды. Ал біздің өлкеден кеш кететін қаздар Каспийдің, Қырымның, Қара теңіздің жағалауына қарай қоныс аударатын көрінеді.

Ал жыл құстарының қыстаудан кейін өз ұяларын қалай табатындығын әлі ешкім ашып айта алмайды. Бірқатар ғалымдар олар жұлдызды немесе күнді бағдарға алады дейді. Және де кейбір құстар, мәселен, қаздар жай ғана қайтар жолын есте сақтайды екен.

Мамандар туған өлкесіне қайта ұшатын мез­гілдің жеткенін құстар күннің ұзарғанына қарап білетіндігін айтады. Мысалы, көктемнің хабары білінісімен оңтүстікте де күн ұзара бас­тайды. Бұл арада құстардың қайтатын уақыт­тары да әртүрлі болады. Негізі, қанатты доста­рымыздың 60-тан астам түрі жыл құстары болып есептеледі. Олар демалып-демалып ұшатындық­тан, жолдың өзіне екі айға жуық уақыт кетеді. Ал құстардың түрлі қиындықтарға қарамастан, Отанына оралуы­на олардың тірші­лік­ке неғұрлым қолайлы орта іздейтіндігі себеп­кер болады. Мы­са­лы, жазда оңтүстікке қарағанда солтүстік аймақ­тарда күн мейлінше ұзақ болады. Бұл құс­тар­дың күні бойы қорек іздеп, балапан­дарын қиын­дықсыз асы­рауы­на көбірек мүмкіндік бере­ді.

4,4(98 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
zarasabaka
zarasabaka
27.09.2020

Айжанға анасы бүгін әдемі көйлек сатып алып берді . Оны көрген достары Айжанның қасынан шықпай қойды . Барлығы бірге ойнап жүрген де Айжан көйлегін жыртып алды . Оның қасына жақын досы Әсем келеді . Келесі күні екеуінің анасы олармен бірге көйлек таңдауға кетеді . Айжан Әсемге ерекше, әдемі көйлек сыйлыққа берді . Әсем қатты қуанып кетті , ол да оған арналған сыйлығы болды . Ол Айжанға көгілдір түстті шалбар мен ал қызыл түстті футболка сыйға берді . Осыны көрген Айжанның анасы жаңа ойыншықтар сатып алып берді . Ал Әсемнің анасы екеуіне тәтті тағамдар , яғни конфет , шоколад сатып алып берді .

Объяснение:

сын есімдердің асты сызулы болып тұр ◇

4,6(66 оценок)
Ответ:
анна2216
анна2216
27.09.2020
Қандай да болмасын коғам тәртіпті қажет етеді, оған мүдделі болады. Сондықтан да тәртіп орнауға тиіс. Ал тәртіптің бастауы — әдеп. Өйткені әдебі жоқ қоғамда тәртіптің орнауы екі талай. Ал, тәртібі жоқ қоғамның ыдырамауы да мүмкін емес. Сол себепті де "Адам әдепті болуға тиіс" деген сөз тәртіпті болуы керек дегенді де ұқгырады. Өйткені тәртіп — әдептің бір түрі. Қоғамдағы ең бағалы адам — әдепті адам. Әдепті адамдар - коғамның баға жетпес байлығы, әрі мәртебесі. Қай қоғамда әдеп жоғары қойылса, сол қоғамның абыройы жоғары, түрмысы да бақуатты болады. Бір адамның қандай да бір әдепсіздік ісі міндетті түрде айналасына күйедей жүғып, қоғамға зор зиянын келтіреді. Халыктың: "Бір қарын майды бір күмалақ шірітеді",- дейтіні сондықтан болса керек. Әдеп белгілі бір коғамның рухани кажеттігі негізінде пайда болып, өзіндік белгілері, сипаттары арқылы сол қоғамды құрайтын адамдарды біріктірудің куатты құралы қызметін атқарады. Демек, әдеп - қоғамдағы келісімді іс-қимылды ажарландыратын тетік, адамдар арасын адамгершілік негізде байланыстыратын қоғамдық. құрал. Сондыктан да адамның әдептілігі оның адамдар арасындағы жүріс-тұрысынан, басқалармен қарым-қатынасынан көрінеді. Халық: "Жақсы-жақсы дерсің, ісің түссе білерсің",— деп бекерге айтпаған ғой. Әдептілік заңы салтанат құрған қоғамның абыройы жоғары, тұрмысы сәнді, тіршілігі шуақты болмақ.
4,5(69 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ