М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Alina9392010
Alina9392010
16.11.2022 03:20 •  Қазақ тiлi

Мәңгілік Ел» идеясы Берілген ақпараттың ақиқат\жалған екенін анықта.

Мәтін

Елбасы Ұлытауда алғашқы сұхбатын берді.

Ұлытаудың қазақ тарихында алар орны ерекше.

Ұлытау – көшпелі халықтың тарихи Отаны.

Артқа

Тексеру


Мәңгілік Ел» идеясы Берілген ақпараттың ақиқат\жалған екенін анықта.МәтінЕлбасы Ұлытауда алғашқы сұх

👇
Ответ:
arinamal1
arinamal1
16.11.2022

1.Жалған

2.Ақиқат

3.Ақиқат

Объяснение:

4,7(95 оценок)
Ответ:
Sofiaminkina06
Sofiaminkina06
16.11.2022

ответ на фото❤️

❤️

.

.

.

.

.

.

.

.

.

.


Мәңгілік Ел» идеясы Берілген ақпараттың ақиқат\жалған екенін анықта.МәтінЕлбасы Ұлытауда алғашқы сұх
4,6(96 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
krubtsova79
krubtsova79
16.11.2022
Жер бетіндегі ең әдемі сөз -Ана.Адам алғашқы сөзін осыдан бастайды.Ана түн ұйқысын төрт бөліп ,ұйықтамай бесік таянып отырады.Ана жүрегі уайымшыл,сезімтал,нәзік.Адамзат бойына қасиетті күш беретін ,өсіріп, мәпелейтін,аялап еркелететін қасиетті адам --Ана . Ана әрқашан қиын жағдайда көмектесіп ,қол үшын беруге дайын.,,Ана ,,деген сөз -ең қымбат, ең асыл ,ең алтын сөз.Анаға арнап көп ақындар мен жазушылар түрлі шығармалар мен өлеңдерді жазған.Ананың қолы қасиетті,алақаны аялы,жүрегі жылы.Сен дүниеге жан болып келдің.Сенің іздейтініің бір- ақ жан .Ол --Ана.Ол саған бәрінен де қымбат. А ң жасы нешеде болса да ,оған әрқашанда Ана керек. 
4,6(56 оценок)
Ответ:
polina1159
polina1159
16.11.2022

Агрессия (латын тілінен "agressio" — шабуыл, өршелену) – біреуге немесе бір нәрсеге зиян келтіруге бағытталған физикалық немесе сөздік (ауызша) жосық.

Балаларда агрессия қандай көрініс табуы мүмкін?

Нәрестенің ашулы жылауында байқалатын реніш пен ашуланшақтықтың себебі қарапайым, бұл баланың физиологиялық мұқтаждықтары қанағаттанбаған деген сөз. Бұл жағдайда агрессивті реакция - өмір сүру үшін күрес реакциясы болып табылады.

1,2-5 жастағы баланың құрбы-құрдастарына ашулануы және физикалық шабуыл жасауы, ойыншықтарға иелік етуге байланысты қақтығыстар болып табылады.

Егер осы жаста ата-аналар баланың мінез-құлқына төзімсіз болса, нәтижесінде балада қынқылдау, бағынбау, қыңырлық және т. б. сияқты агрессияшылдықтың символикалық нысандары қалыптасуы әбден мүмкін.

3 жастағы баланың айқайы, жылауы, тістеуі, тебінуі оның "зерттеушілік түйсігін" шектеумен, таусылмас білімқұмарлық пен ата-ананың "болмайды" деген тыйым салуы арасындағы қайшылықпен байланысты болуы мүмкін.

Мектепке дейінгі ер баланың сотқарлығы, қыз баланың жылауы мен шаңқылы агрессия танытудың түрлері болып табылады. Осы жаста ер балалар қыздарға қарағанда агрессивті беталыстарды көбірек байқатады, себебі қыз балалар бұл беталыстар үшін жазалау мүмкіндігінен жасқанады, ал ұлдардың агрессиясына қоршаған орта әлдеқайда шыдамды болып келеді.

Бастауыш мектеп жасындағы ер балаларда физикалық шабуыл актілері және қыздарда агрессияның "әлеуметтенген" формалары: қорлау, мазақтар, бәсекелестік жиі кездеседі.

Жасөспірім-ұлдарда физикалық агрессия (шабуылдар, төбелестер), ал қыздарда - негативтілік және сөздік агрессия (өсек, сын, қорқыту, ұрыс) басым болады.

Агрессияның пайдасы неде?

Жалпы алғанда агрессияда өмір сүруге қажетті өзіндік оң, сау қасиеттері де бар, мысалы қайсарлық, мақсатқа жетудегі табандылық, жеңіске ұмтылу, кедергілерді жеңу сияқты қасиеттер. Сондықтан тәрбие жұмыстары балалардың мінезінен агрессияшылдықты толық алып тастауға емес, оның жойқын, бейәлеуметтік көрінісін шектеу мен бақылауға және оның мақсаткерлік, табандылық, өз-өзіне қорған бола білу, жағымсыз не зиян нәрсеге "жоқ" деп айта білу сияқты оң көріністерін ынталандыруға бағытталуы тиіс.

Балалар агрессияшылдығының себептері неде?

Агрессия келесі жағдайларда туындауы мүмкін:

фрустрацияға реакция ретінде - бұл қажеттіліктерді қанағаттандыру, эмоционалдық тепе-теңдікке қол жеткізу жолындағы кедергіні жеңу талпынысы;

төтенше шара ретінде - балада өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін барлық басқа мүмкіндіктер таусылғанда;

"жатталып қалған" мінез-құлық ретінде - баланың өзі үлгі тұтатын өнегесіне (көбінесе ата-аналардың немесе маңызды ересектердің, әдеби, кино- және телекейіпкерлердің мінез-құлқына) еліктеп, агрессивті түрде әрекет етуі.

Сондай-ақ, агрессияшылдықты танытуға биологиялық факторлар (жүйке жүйесінің ерекшеліктері, тұқым қуалаушылық, биохимиялық факторлар) әсер етеді.

Бала агрессияшылдығының келесі түрлері арнайы араласуды талап етеді:

1. Егер бес жастан асқан бала басқа балалар мен жануарларды азаптағаннан құмары қанса, мұндай жағдай сирек кездескенімен, әрқашан да психотерапевт пен психологтың арнайы емін қажет етеді.

2. Гипербелсенді баланың агрессияшылдығы. Мұндай балалар мазасыз әрі ашушаң болады, сөз көтере алмайды, және қирату мен қиянат жасауға бейім келеді. Гипербелсеңді балалардың мінез-құлқы ырықсыздығымен, ойланбаған іс-әрекеттермен, тыйым салуларды бұзумен ерекшеленеді. Мұндай бала іштей сүйкімді, жомарт, мейірімді болуы да әбден мүмкін, бірақ ми қыртысының биохимиялық дисбалансы, оның мінез-құлқын аса белсенді етіп жібереді, ал бұны реттеу өз кезегінде дәрігердің жұмысына айналады.

3. Бала бейуәжді, уағдаласпаған агрессияны танытып, ал тәрбиелік іс-шаралар нәтижесін бермеген жағдайда.

4. Психофизикалық даму ерекшеліктері бар балалардың агрессияшылдық мінез-құлқы.

Балада агрессияның жойқын білінулеріне қалай жол бермеуге болады?

Балаға сүйіспеншілік көрсету - шамадан тыс агрессияны болдырмаудың ең абзал жолы болып табылады.

Ата-аналар өз тарапынан баланың агрессивті мінез-құлқының себептерін түсінуге және оларды жоюға тырысу керек.

4,5(37 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ