Амәтіні Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан жолы-2050»
Қадірлі халқым! Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман - әлем
елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану
еді. Ол арман - тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу
еді. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық. Мен қоғамда «Қазақ елінің
ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін
болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар
вен деограма
Ақындықтың шығар шыңы көп еңбекті қажет етеді.Ақын болу қиын.Сөз сүмбілелері өз жүрегінің үнін тыңдай отырып,жүрек түкпіріндегін қағаз бетіне қопарады.Ақын болу үшін əр ойдың астындағы мағынаны түсіне білу керек.
Егер де мен ақын болсам,өмірді өзгерту үшін қаламымнан маржандай төгіліп тұратын сырлы сөздер жазатын едім.Əр адамның бойында алып күш жатқандығын сезіндіріп,оның ойын өзгертетін едім.Қаламымның сиясын тауыссам да,адамдарға шабыт беретін туындылар шығаратын едім.Сол арқылы өзіме шабыт алып,кең ойдың құшағында өзіме-өзім мəз болып отыратын едім.Туған жерім жайлы қорғасындай ауыр сөздер,жалынды жырлар шығарып,жылы жүректен-жылы жүрекке,ешқашан өшпейтіндей етіп жыр шумақтарын тілге тиек ететін едім.Эхх,шіркін,ақындық деген менің бойыма тума талант болып біткенде ғой.Жүрек түкпірімдегі сөздерді қағаз бетіне қаламыммен қопара салатын едім.Еш өзгеріссіз,еш өтіріксіз,жалғансыз.