Оқулықтың 175-беті.5-тапсырма. Мәтіндегі негізгі ақпараттарды теріп жазып, қосымша ақпараттардың астын сызыңыз.
Мәтіннен іріктелген ақпараттарыңыз негізінде 6 сұрақ құрастырыңыз. Сұрақтарыңыз негізгі, қосымша ақпараттар мен көтерілген мәселені анықтауға бағытталуын ескеріңіз.
{Мәтін}
Қазақ жерінде ежелден дала мәдениеті дамын келіп жатқан еді. Оның негізінде малшарулшылығы болған, алайда егіншілік те кеңінен тараған, Сонымен қатар түркі тайпалары де айналысқан, Олардың жаабасы болған, қалалар салып, көшпелі мемлекеттер еді. Х ғасырда көне түркі жазбасының орнына араб графикасы келді. Біртіндеп мұсылман мәдениетінің ықпалы күшейе түсті, Жан-жақты білім беретін алғашқы медреселер пай да болады. Діни кітаптармен қоса медреселерде астрономия, география, математика, философия, логика, тарих, араб жане парсы тілдері сияқты пондер оқытылған екен.
жерінде бастапқы білім алып, сауатын ашқан түркілер Орталық Азияның мәшһүр шаһарларына айналған Отырар, Тараз, Испиджаб, сияқты іргелес мәдени ортадықтарына барған, ан, ал одан кейін оқуды аңсағандар алыстағы, әлемнің әйгілі ғылым орталықтары болып саналатын Бағдад, Дамаск, Каир калаларына бағыт алған, Міне, сол заманда адамдар кітапханада жиналып, алмасқан екен, Оңтүстік Қазақстан жері дамыған қала мен ерекше көзге түскен, Ондағы білім деңгейі өте жоға- ри болған, Көптеген атақты адамдар буыны Испиджаб, Тараз, Отрар, Жент сияқты қалалардан шыққан еді. Қазақстанның осы оңтүстік өнірлері арқылы Ұлы Жібек жолының негізгі жолы өтетін, Ал Ұлы Жібек жолы отырықшы және көшпенді елдердің модениетіи тоғыстырушы алаң болған. Шығыс пен Батыстың түрлі ғылым салаларына арналған бағалы қолжазбалар Казақстанның рухани және білім орталықтарында жиналып, сақталған.
Бердібек Соқпакбаевтың «Менің атым Қожа»атты шығармасының кейіпкерлері
• Қожа — Шығарманың басты кейіпкері. Шын аты Қожаберген. Бір сыныпта екі Қожа болғандықтан, шатастырмас үшін оны "Қара Қожа" деп атайды. Кейде келемеждеп, «Қара Қожа» деудің орнына «Қара Көже» дейді. Шашы қайратты. Бойы - орта бойлы, әжесі "әкең тәрізді сұңғақ боласың" дейді. Мектепте дәрігер өлшегенде жүз отыз тоғыз сантиметр шыққан. Жасы он екіде. Бесінші сыныпты бітірген. Арманы: оқу бітіріп, университетке түсу. Жазушы болу.
• Жанар — Қожамен бірге оқиды. Қожаның ойынша "кластағы ең бір ақылды қыз. Сұлу." Дауысы әдемі, ән салады. Басына үкілі тақия киіп, мың бұралып «Қамажайға» билейді. Өнерлі қыз. Сыныптағы бірінші үздік оқушы.
• Сұлтан — ол Қожаның жан досы. Бойы ұзынша арық келген жігіт. Қожадан екі-үш жас үлкен. Әкесі Сүгір жылқы бағады. Бірақ ол біраз жыл бұрын оқуды тастап кеткен және жаман қылықтарға әуес.
• Қаратай — көрші колхоздағы комбайншы. Қаратайдың әйелі дүние салған. Ол Қожаның анасына үйленбекші. Қожа оны жек көреді.
• Жантас — Ол Қожамен бір сыныпта оқиды. Жантас пен Қожа бір бірін ұнатпайды. Себебі Жантас Қожаны үнемі «Қара көже» деп мазақтайды және екеуі де Жанарды ұнатқандықтан үнемі сөзге келіп қалады. Сол себепті өз сыбағасын алады.
• Майқанова — Қазақ тілі пәнінің мұғалімі (Майқанова Сәбира). Қожа оқитын сыныптың жетекшісі. Ол адамгершілігі мол әрі ақылды ұстаз.
• Әжесі — Қожаны қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай қызғыштай қорғап өсіреді. Өзінің ерке немересін еш жамандыққа қимайтын жанашыр жан.
• Анасы — Қожаның анасының аты — Миллат. Ол ақылды, тәрбиелі адам. Ауылдың үлкен-кішісінің бәрі бірдей алдынан қия басып өтпей, хан көтеріп, құрметтеп тұрады. Екі бірдей сайлауда қатарынан аудандық советке депутат етіп сайланған.
• Сәйбек қарт — Мектеп күзетшісі. Ол Қожаның әкесі Қадырдың досы, әкесі туралы көп білетін әрі Қожаға ақыл айтқан кісі.
• Оспанов — зоология пәнінің мұғалімі. Қожаның жақсы көретін мұғалімдерінің бірі. Ол Қожаның әкесінің көзі тірі кезіндегі жан досы болған.
• Жақанов — Қожаның сыныптасы.
• А.Михайловна — Толық аты: Анфиса Михайловна. Орыс тілі пәнінің мұғалімі. Қожаның айтуынша, "мұғалімдердің ішіндегі алтын адам".
• Сүттібайдың Қожасы — Қожаның сыныптасы. Сүттібайдың үлкен баласы. Бір сыныпта екі Қожа болғандықтан, шатастырмас үшін оны өңіне қарап "Сары Қожа" деп атайды.