Ертегідегі Жаман – қазақ ауыз әдебиетіндегі ел басшысының үлгілі бейнесі. Ол – қарапайым, парасатты, адал, шыншыл, көреген, тапқыр, кішіпейіл, іззетті, көпшіл, қайырымды, қанағатшыл. Бұл қарапайым халық бұқарасының «елді осындай адам басқарса» деген арманынан туған бейне.
Аяз би туралы айтылатын ертегі-аңыздардың бәрінде дерлік Жаман қойшының Мадан хан сынынан өтуі, үйленуі, ханның күншіл, ақылсыз қырық уәзірін өлімнен құтқаруы, оның даналығын, достыққа адал, сертке беріктігін, әділдігін мойындаған хан өз тағын беруі сөз болады.
Мәтін бойынша маңызды деп санайтын екі сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтап, пікіріңізді жазбаша білдіріңіз.
Ертеректе бір қарияның балаларының аты Қамысбай Қасқырбай Қойбай Қубай Субай Қайрақбай Пышақбай Баубай Балтабай екен. Балтабайы үйге келін түсіріп, сол жаңа түскен жас келінді сынамақ болған атасы өзеннің ар жағынан сасқалақтағансып жүгіріп келіп:
«Келін ау, келін, судың ар жағында, қамыстың бер жағында қойды қасқыр жеп жатыр.Тез ауылға бар да, хабар бер. Балтабай пышақ қайрап әкеліп, қойды адал бауыздап алсын. Мен қасқырды қуып кеттім. Шүу!», - депті.
Мұнысы - «қысылтаяң шақта келінім көргенсіздік танытып, өзінің қайын аға, қайын атасының атын атап қояр ма екен?» деген ойы ғой. Сөйтсе,келіншек не істепті десеңші, шапшаң төбеге жүгіріп шығып, күйеуіне: «Шапқы-ау шапқы,шапшаң кел. Сарқыраманың ар жағында сылдыраманың бер жағында маңыраманы ұлыма жеп жатыр. Атам: «жаныманы білемеге жанып әкелсін» дейді. Өзі ұлыманы қуып кетті», - депті.
бжб по как тили.
Объяснение: