Себебі қазіргі заманда білектің күшімен емес , білімнің күшімен жеңіске жете аласың. Білімді адамдар әрқашан ортаға керек болады. Олардың қосқан үлестері әлемді дамытып , басқа жаққа өзгертеді ( жақсы).
Білімді жастар біздің болашағымыз . Өйткені білім қазір ең бірінші орында тұр. Білімі бар адамдар үлкен жетістікке жете алады. Олар әлемді өзгерте алады.
Қазіргі жастар білімі арқылы неше түрлі биіктерді бағындырып жүр. Және бұл білімдері болашақты өзгерте алады. Сол үшінде болашақты білімді жастардың қолына тапсыруға болады.
Ол үшін біз өзіміз жақсы білім алып , сабағымызды тиянақты оқуымыз керек.
Ұнағанын ал
Ғалымдар арасында климаттың өзгеру барысы туралы ортақ пікірлер жоқтығына қарамастан, сарапшылардың жалпы пікірі климаттық өзгерістің салдары жағымсыз болуы мүмкін дегенге келіп саяды. Мысалы, 1980 жылдан 2011 жылға дейін Еуроодақ елдерінің экономикасына тигізген тасқынның жалпы шығынын саралаған сарапшылар келген зиянды 90 миллиард еуроға тең деп бағамдады.
Осыған байланысты әлемдік ғылымда зерттеудің басым бағытын қоршаған орта климатына бейімдеуге назар аудару болып отыр. Ең бастысы, бұл басқа салаларға қарағанда, табиғи-климаттық жағдайларға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуші ауыл шаруашылығына тікелей байланысты.
Климаттық өзгеру
Халықаралық зерттеулер көрсеткіші бойынша, әлемнің кейбір аймақтары, сонымен қоса Орталық Азия, басқаларға қарағанда, климаттық өзгерістерге ұшырауы әбден ықтимал. Оның ішінде, Қазақстанның климатына әсер етіп, онсыз да толыққанды қолдауды қажет етіп отырған ауыл шаруашылығын күнкөріске айналдырған аймақтарға үлкен зиян келтіруі әбден мүмкін. Бұл аймақтардағы өнімнің босқа ысырап болуының 70 пайызы тікелей ауа райымен байланысты Ал, кейбір аймақтарда жағымсыз ауа райы салдарынан алынған өнімнің 50-70%-ға дейіні қолдануға жарамсыз болып қалып отыр.