М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Эльза132004
Эльза132004
04.01.2023 04:02 •  Қазақ тiлi

Се 9-тапсырма. Суретке қарап, табиғат құбылысы туралы
әңгімелесіңдер. Диалогте осы тақырып бойынша тыңдалған, оқыған
мәтіндегі ақпараттарды қолданыңдар. Өз ой-пікірлеріңмен бөлісіңдер.
Пікірлерінде сандық мәліметтерді қолданыңдар.​


Се 9-тапсырма. Суретке қарап, табиғат құбылысы туралыәңгімелесіңдер. Диалогте осы тақырып бойынша ты

👇
Открыть все ответы
Ответ:
gravasamp
gravasamp
04.01.2023
Қазақ халқы – ежелден қонақ десе, ішкен асын жерге қоятын халық. Үй иесі бұрын танысын, танымасын «Құдайы қонақпын» десе болды, жылы шыраймен қарсы алып отырған. Оның үстіне қазақта «Қырықтың бірі - Қыдыр», «Қонақты қусаң- құт,ырыс қашады», «Қонақпен еріп құт, ырыс келеді» деген мәтелдер бар. Сондықтан халқымыз қонақты қарсы алу, шығарып салуға ерекше мән берген.Қонақты үй иесі қарсы алып, есікті өзі ашып, үйге кіргізіп, соңынан өзі кіріп есікті жабады. Бұл – қонақпен еріп келген «құт» бірге кірсін дегені.Алдымен қонақтарға сусын, қымыз, шұбат беріледі. Содан кейін шай ішіледі. Шайды құю, қонақтарға орнымен сый-сияпат көрсету сол үйдегі әйелдер мен бойжеткен қызға үлкен сын болған. Шайды дәмділеп құйып бере алмаған бойжеткен қыз тәрбиесіз саналып, әңгімеге ұшыраған.Шай ішілген соң асқа дейін қонақтардың көңілді отыруына, яғни олардың бабын табуға үй иесі бар жағдайын жасайды. Үй иесі әңгіме-дүкен құрып, қонақпен бірге отырады. Реті келсе, ауылдағы әнші, күйшілерді шақыртып, әңгіме арасында қонақтардың көңілін көтереді. Үй иесінің балалары да аяғынан тік тұрып қонақтарға қызмет көрсетеді.Қонақ күту – халқымыздың ең жауапты ісі.
4,5(19 оценок)
Ответ:
olyapcomplex
olyapcomplex
04.01.2023

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, жазушы Бексұлтан Нұржекеевтің сөзіне сүйінсек, ол латынға көшуге қатысты халықтың ортасында әр түрлі пікір бар екендігін алға тартады. Қобалжу да бар дейді жазушы. Бірақ «Шешінген судан тайынбайды» деп тәуекел ету керектігін мәлімдейді: «Латын қарпіне көшу дегеніміз - әріптерді өзгерту емес. Қаншама жыл қазақ тілі орыс тілінің ережесіне бағынып келді. Өз тіліміз өз табиғатында дамымады. Бұған көшу үшін біздің тіліміздің табиғатына негізделген емле жасау қажет. Үндестік заңын негізге ала отырып әуелі емле жасалуы тиіс. Содан кейін латын әліпбиіне көшуге болады», - деп түйіндейді Б. Нұржекеев. Естеріңізге сала кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сәуір айында жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында Қазақстанның латынға көшуі жайлы жоспарына тоқталып, нақты тапсырмалар берген болатын. Бұл заман талабынан туған шешім екеніне тоқталған Елбасы: «2017 жылдың аяғына дейін ғалымдардың көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау керек. 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісуіміз қажет. 2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді ба зді, оқулықтарды, бәрін де латын әліпбиімен шығара бастауға тиіспіз» деген еді. Еліміздің белгілі қоғамқайраткерлері, жазушы мен ақындар, зиялы қауым өкілдері аталған шараны мейлінше қолдағаны белгілі. Осы ретте алаштанушы ғалым Тұрсын Жұртбай: "Мен латынға көшуді қолдаймын. Әрі Президент жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия өз жұмысын соңына дейін жеткізеді деп сенемін", - деген болатын. Әлбетте, қолданыстағы қаріптерді латынға ауыстыру үдерісі - бірнеше саланы қамтитын әрі бірнеше жылға созылатын, ұлттың тағдырына тікелей қатысты мемлекеттік саяси науқан екендігі белгілі. Ел ішінде танымал мәдениеттанушы Серік Ерғали латын қарпіне көшу туралы былай дейді: "Қазіргі қолданыстағы кирилл әліпбиі қазақ тіліне тән емес, қазақ тілі кирилл әліпбиіне бағынған. Сол негізде орыс-қазақ кирилл әліпбиі дүниеге келген. Мен орысша теру үшін ешқашан орыс регистрін қолданбаймын, өйткені, ол тілдегі мәтінді теруге қазақ теруіші жеткілікті. Бүгінгі кирилл-қазақ клавиатурасы арқылы орысша да, қазақша да теруге мүмкіндік беретін ортақ дүние, демек, әліпби де екі тілге ортақ. Әлемде бұндай парадокс жоқ". Айта кетейік, қазақ елінің латынға көшуі туралы хабар әсіресе, Түркия мен Еуропада қоныстанған 25 мыңға жуық қазақты қатты қуантқан болатын. Латынға көшу - сауатын ашқаннан латын әліпбиін қолданатын Батыс елдеріндегі қазақтардың атажұртпен мәдени, рухани қарым-қатынасын арттырып, өзара түсінісуіне мол мүмкіндік береді деп күтілуде.

4,7(62 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
Полный доступ к MOGZ
Живи умнее Безлимитный доступ к MOGZ Оформи подписку
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ