Компьютер - жаңа технологиялардың бірі болып табылады. Оның адамға тигізер пайдасы өте көп. Оқушы компьютерді өзінің сабағына пайдалануына мүмкіндігі зор. Таза, ұқыпты жазылуға тиіс рефераттар мен баяндамаларды жазу, оларды қағаз бетіне басып шығару - барлығы компьютер арқылы жүзеге асады. Алайда компьютер алдына көп отырсаң, онымен бірге келетін зиян да көп. Мысалы: көздің көруі нашарлайды, омыртқа қисайып, жүйкеге салмақ түседі де адам әлсіз, шаршағыш болады. Сондықтан компьютерді өз уақытымен, өз орнымен пайдалану керек.
Төрт түлік мал – халқымыз байлығы.Қазақ халқының тарихы осы төрт түлік малмен тікелей байланысты. «Ат-ердің қанаты» дейтін дана халқымыз, жылқыны өте қастерлеген. Жылқы-мінсең көлік, жесең ет. Қазы-қарта, жал-жаясыз бірде-бір қазақ жанұясы өмір сүре алмайтын шығар. Сиыр - жесең ет, кисең киім. Оның сүтінен жасалатын айран, қаймақ, ірімшік, құртынсыз ешбіреуіміз балалық шағымызды елстете алмаймыз. Түйе малы –нағыз көлік, қымыран мен шұбаты талай рет батырларымызды ауру-сырқаттан алып қалған сынды. Қой шаруашылығы-әлі күнге дейін Қазақстанның мал шаруашылығының басты саласы. Онымен қоса, халқымыздың маманданған дәстүрлі ата кәсібі. Осы төрт түлік халқымыздың ежелден келе жатқан мұрасы және байлықтарының бірі.