Б) Жақты сөйлемдерді бір бөлек, жақсыз сөйлемдерді бір бөлек көшіріп жазыңдар. Оларды түрлеріне, жасалу жолдарына қарай талдаңдар.
Ендігі істің айласы не? Тулап шығып, шаншып алысқан елді қалай
бағындырмақ керек? Арыз бармас үшін жауығып отырған ағайынның
көңілін табу керек қой! Сонымен, көңілін тауып тоқтатпаса, арызды
тоқтатар басқа шара жоқ! Ара ағайын деп осы екеуін алу керек.
Байдалыға соларды салу қажет. Байлау осы болды (М.Ə.). Әр еңбектің
еріксіз сүйреп, қамшысыз айдап әкететін өз күші бар. Ол – еңбектің
өнімділігінде. Ол кезде еңбек төсегіңнен жұлып алады. Тісің ауырғанын,
ішің ауырғанын да елең етпейсің (Ғ.М.).
Сүт тағамдары
Айран. Қатық. Қойыртпақ. Шалап. Шұбат. Қымыз. Қорықтық (тасқорықтық). Балқаймақ. Кілегей. Қаймақ. Құрт. Сары май. Сүзбе. Уыз. Іркіт. Ақ ірімшік. Қызыл ірімшік.
Айран – ұйытылған сүт. Оны қаймағы алынған сүттен де, қаймағы алынбаған сүттен де ұйытуға болады. Ол үшін сүтті 5-10 минут қайнатып, қанжылым қалыпқа түскенше суытады. Содан соң ұйытқы (ашытқы) қосып араластырады да, ыдысты жақсылап бүркеп тастайды. Ол 1–2 сағат аралығында ұйып болады. Ұйыған айран ашып кетпеуі үшін оны бетін ашып салқын жерге қояды. Айранды сусын ретінде, тағам ретінде де пайдалануға болады.