Көкшетау ұлттық табиғат саябағы - Көкшетау қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 60 шақырым жердегі қорықтық аймақ. Ақмола облысының Айыртау, Зеренді аудандары аумағында орналасқан. Құрамына Шалқар, Зеренді көлдері, Айыртау шоқылары, қалың қарағайлы орман кіреді.
Саябақта 200-ге тарта ескерткіштер, қола дәуірі қорғандары мен ежелгі елді мекен орындары бар. Сырымбет тауының етегінде XIX ғасырда тұрғызылған ағаш үй сақталған. Сырымбет даласы - Шоқан Уәлихановтың өмірімен байланысты тарихи жерлердің бірі.
Саябақта жануарлардан бұлан, елік, борсық, түлкі, орман сусары, қасқыр, орқоян, ақтиін, құр мекендейді. Оларды аулауға қатаң тыйым салынған.
Саябақтың бір бөлігінде ағаш кесуге, жануарлардың санын реттеу үшін аң және балық аулауға рұқсат етіледі. Сондай-ақ мұнда жабайы аңдарға арнап пішен әзірлеу, ағаш жапырақтары мен бұтақтарын дайындау жұмыстары жүргізіледі және алаңдарға тұз сеуіп қояды.
Күн мен түннің теңелуі - Күн орталығы өз қозғалысында жер экваторын кесіп өтетін астрономиялық құбылыс.
Күн мен түн көктемде және күзде теңеледі. Әлемдік уақыт бойынша, солтүстік жарты шарда көктемгі күн мен түннің теңелуі 20 наурыз күніне сәйкес келеді. Бұл уақытта Күн оңтсүтік жарты шардан солтүстік жарты шарға ауысады. Ал күзгі күн мен түннің теңелуі Күн солтүстік жарты шардан оңтүстік жарты шарға ауған кезде орын алады. Ол қыркүйек айының 22 немесе 23 жұлдызына сәйкес. Оңтүстік жарты шарда, керісінше, наурыздағы күн мен түннің теңелуі күзгі, ал күн мен түннің қыркүйекте теңелуі көктемгі болып саналады.