М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
bkonok832
bkonok832
24.01.2021 09:02 •  Қазақ тiлi

Как переводится на казахский празнуем на msdu80​

👇
Ответ:
Madonkg
Madonkg
24.01.2021

тойлау перевот

4,7(9 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
NIKROSO
NIKROSO
24.01.2021

Өз өмірім өз қолымда

«Өз өмірім өз қолымда» деген пікірмен толықтай келісемін, себебі, менің ойымша, барлық адамдарға бірдей мүмкіндіктер беріледі, ал енді сол мүмкіндіктерді барынша тиімді пайдалану, өз қажетімізге жарату – тек қана өз қолымызда. Мысалға айталық, өзімізге жақсы көрінетін адам, немесе оқуда озат оқушы, я болмаса үздік спортсмен, біз бұл кісілерге қызыға қараймыз, бірақ сол кісілердің жеткен жетістіктері - қажырлы еңбектің арқасы, дегенмен ынтамен алдымызға жоспар қойсақ, мақсаттарымызды айқындап алсақ, бізде осындай белестерге жете аламыз, себебі бір тәулікте жиырма төрт сағат болса, бұл – бәрімізге ортақ дүние, біреуге аз, біреуге кем берілмейді, яғни біз өз - өзімізді қолға алып, еріншектіктен арылсақ, алдымызда үлкен мүмкіндіктер күтеді деп кәміл сенемін. Менің апам үнемі «Бір адамның істегенін екінші адам да істей алады» деп айтып отырады, демек еңсемізді түсірмей, өз - өзімізге сеніп, өз өмірімізді қолға алсақ болғаны.

Өз өмірімізді қолға алып, алға қарай қорықпай қадам басу керек, себебі бізді алда үлкен белестер күтуде. Әрине, «өмір- күрес» болғандықтан, оңайлықпен ешнәрсе болмас, дегенмен сол қиыншылықтарға мойымай, керісінше алға қарай ұмтылайық! Барынша жақсы болуға тырысайық!

Объяснение:

4,8(68 оценок)
Ответ:

Осы сөз. Көңіліңді көтеріп, жүрегіңді тебірентіп, өзіңе күш-қуат беретін асыл қазына. Сонау ғарышта жүрсең де, туған жерің әрдайым есіңде болып,  топырғын аңсайсың. «Туған жердей жер қайда, туған елдей ел қайда» демей ме кемеңгер халық. Халқымыздың басына түскен нәубет жылдарында «Елім-ай!» деп еңіреп , жүрегі қан жылап, тау асып, тарыдай дүниенің төрт бұрышына шашылған қайран қазағым! Сол кезден қанша су ағып, қанша жыл ауысты. Бірақ «Елім-ау!» деп еңіреп, зар тартқан үн ақын ағаларымыздың қолындағы қалам тартуына себепкер болды да, болып келеді.Туған жеріне деген ыстық сағыныш сезімі, перзенттік ыстық ықыласы, қанына сіңген «балалық борыш» деген терең ұғым – бәрі де талай керемет туындылардың дүниеге келуіне себепкер болды.          Тағы бір даналықта «Отансыз адам – ормансыз бұлбұл » делінген. Өзімнің арғы ата-бабаларым сонау 19 ғасырдың 60-шы жылдарында ақ патшаның отаршылдық саясатының салдарынан көп қиыншылық көріп, бірақ төзімі таусылған кезде Алтай тауларын асып Монголия еліне кетуге мәжбүр болды. Иә, сол кеткен сәтте қандай сезімде болды десеңші! Ата-бабамыздың төл жеріне, туған топырағымен қауышу мүмкіндігі тек бір ғасырдан астам уақыттан кейін әкелерімізге бұйырады. Жат елде жүрген жылдары балаларына өз ана тілін ұмыттырмай, ата салтын, ана сүтін қадірлеуді жас буын ұрпаққа сіңіре білген. Және елге оралған кезде өзімен сақталған бай мәдени қатпардың иегері бола тұрып, оны жергілікті халқының арасында насихаттап, тарата бастады. (Негізі үлгі аларлық жағдай).

4,7(12 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ