М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации

Ана тілім білімнің кілті эссе​

👇
Ответ:
1dashagun2
1dashagun2
01.06.2022

Әр халықтың басты байлығы, баға жетпес қазынасы тіл екені даусыз. Ана тілі арқылы – әр адам өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен ғасырлар бойы жиған рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры десек те болады. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін 1997 жылы 11- шілде де Қазақстан Республикасының Парламенті «Тіл туралы» жаңа Заңын қабылдады. 2007 жылы «Мемлекеттік тіл жылы » деп жарияланды. Содан бері 22-қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі деп аталып келеді. Бұл – барша елге ортақ, жалпы халықтың мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет деп ойлаймын.  Қазақстанда 100- ден астам ұлт өкілдері тұрады, әрбір ұлттың ең үлкен, ең негізгі анасы туған тілі болып саналады.

Ана тілі – әрбір ұлттың, ұлыстың мақтанышы, көзінің қарашығындай көретін қазынасы, асыл мұрасы. Осы Асыл мұрамызды ұлағаттау мақсатында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінде биофизика және биомедицина кафедрасында 1 курс ББ16 – 03К тобының ұйымдастыруыменен кафедрадағы куратор-эдвайзерлердің қатысуыменен «Ана тілін ардақтайық» атты салтанатты  жиын өткізілді. Студенттерге   Тіл – ұлттың жаны, халықтығының асыл белгісі, намысы, тыныс тіршілігіміздің көзі, Ата Заңымызбен қорғалатын, еркіндігіміздің үні екендігі айтылып, оны құрметтеу, қорғау, келешек ұрпаққа жеткізу, Қазақстанның бақытты да парасатты, білімді де еңбекқор ұл – қыздары бізге ғасырлар бойы ата- бабаларымыздан жеткен аманат екендігі айтылды. Кафедра меңгерушісі профессор Сұлтан Төлеуханұлы мен профессор Нұртай Торманұлы еліміздің көрнекті ақын жазушылары  жырлағандай тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті, әрі тарихи құндылық, достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс- берекенің алды екендігіне тоқталып өтті.  Факультетімізде өткізілген осындай игі шаралардың нәтижесінде қазіргі жастарымыздың ұлт жанды, әрі арлы, мәдениетіміз бен салт дәстүрімізді қадірлей білетін  азамат болатындығына үлкен жол ашатындығына куә болдық.

Олай болса ұрпақтар арасындағы сабақтастықтың ұлы жемісі – ана тілі. Тілімізді қастерлейік деп осындай тәрбиелік мәні жоғары шараларды көптеп өткізу студент жастарымызға тас бұлақтың тұнығы да, ана сүтінің ұғымы да, райхан гүлдің жұпарлылығы да, назды сұлудың нәзіктігі де, сахар даланың жазықтығы да қасиетті қазақ тілінде екендігін үйретеміз.

Тілімізді қастерлейік!

Объяснение:

4,5(71 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
nikastezkaowl9vp
nikastezkaowl9vp
01.06.2022

Алматы метросы туралы.

Алматы метросы 2011 жылдың 1 желтоқсанында іске қосылған болатын. Бұл - көптен күткен керемет жаңалық пен қала қонақтары мен тұрғындары үшін өте үлкен сый болды. Метроның іске қосылуымен қала көшелеріндегі кептеліс азайды. Міне, бүгінде сегіз жылдан астам уақыт бойы қала тұрғындары мен қонақтары қолданып келеді. Өте ыңғайлы, бағасы да тиімді, бар болғаны 80 теңге. Ең басты ыңғайлылығы – жолда кептеліс болмайды. Ол смарт-карта мен смарт-жетон арқылы төленеді. Пойыздар жылдам жүріп, қажетті жеріңе апарады. Тереңдiгi – 40 метр. Метрополитенде 7 бекет (станция) үздіксіз жұмыс істеп тұр. Олар:

1. Райымбек бекеті Райымбек атындағы даңғыл мен Фурманов атындағы көше қиылысында;

2. Жібек жолы бекеті - Гоголь атындағы көше мен Панфилов атындағы көшенің қиылысында;

3. Алмалы бекеті – Қарасай батыр мен Панфилов атындағы көшелердің қиылысында;

4. Абай бекеті – Абай атындағы даңғыл мен Фурманов атындағы көшенің қиылысында;

5. Байқоңыр бекеті - Абай атындағы даңғыл мен Байтұрсынұлы атындағы көшенің қиылысында;

6. Әуезов театры – Абай атындағы даңғыл мен Жандосов атындағы көшенің қиылысында;

7. Алатау бекеті – Абай атындағы даңғыл мен Жароков атындағы көшеннің қиылысында.

4,7(95 оценок)
Ответ:
milanali
milanali
01.06.2022
Наурыз - ежелгі қазақ мерекесі .Мерекеленеді 22 наурыз ұлыстың ұлы күні . Бар мұндай наным сондықтан бай алсаң наурыз отырып счастливице бизге . Наурыз тойланады жеңісті . Барлық адамдар қарамастан, өзінің лауазымы мен мәртебесі тойлайды және көңіл көтеруде . Мерекеге дайындалатын ерекше тағам-Наурыз көже Ол тұрады 7 энгридиэнтов .Сан 7 қазақтардың свешенная . Әрбір қазақ тиіс шақыруға өзіне 7 қонақтар мен болғанмын қонақта-7 адам . Наурыз жүргізеді спорттық сайыста онда қатыса алады және қыздар мен жігіттер айналысып участвия және бағалы сыйлық
4,4(23 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ